Саба? жоспары ?анны? артериялы? ?ысымы (8-сынып)


Пәні: Биология 8 -сынып Күні: 25.01.2016ж
Тақырыбы: §37.Қанның артериялық қысымы.Қанның тамырлармен қозғалуы.
Мақсаты: 1.Оқушыларға қанның артериялық қысымы, қанның тамырлармен қозғалуы туралы мәлімет беру;
2.Сабаққа деген оқушылардың қызығушылығын арттыру;
3.Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1.Оқушылар артериялық қысым, тамыр соғуының қысымы, гипертония, гопотония туралы түсінік алады.
2.Тонометр арқылы артериялық қысымды өлшей отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
3.Жеке және жұптық жұмысты орындау барысынды оқушылар ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Керекті жабдықтар: Е.Очкур " Биология" 8-сынып ,тірек-сызба,тақта, дидактикалық материалдар, тонометр.
Әдістер: Баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасы "Стикерлермен диалог"
Оқушылар стикерлерді тандай отыра, берілген сұрақтар бойынша жауап береді.
1.Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
2.Жүрек ерекше қандай қабілетке ие?
3.Электрокардиограмма деп нені атаймыз?
4.Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады? Оларды ата.
5.Жүрек циклі дегеніміз не?
6.Салыстырмалы тыныштық күйде жүрек неше рет соғады?
7.Тыныштық жағдайында жүректің жиырылу жиілігі баяулауы ненің әсерінен жүзеге асады?
8.Симпатикалық жүйке дегеніміз не?
9.Жүйкенің жұмысына гуморальдық реттелудің әсері қандай? Мысалдармен түсіндір.
10.Жүрек жұмысына қан құрамындағы калий мен кальций мөлшерінің әсері қандай?
11.Оқулықтағы кесте 125-бет.
ІІІ.Жаңа сабақ Қан жүректің ырғақты жұмысының нәтижесінде тамырлармен қозғалады. Қарыншалардың жиырылу кезінде қан қысым арқылы қолқа мен өкпе артериясына түседі.Бұл жерде ең жоғарғы қысым дамиды - 150 мм.сын.бағ.Қан артериямен қозғалған сайын қысым 120 мм сын.бағ. дейін төмендейді, капиллярда 22 мм сын.бағ. болады. Ең төмен қысым венада, ол 5 мм сын.бағ.тең.
Бұл қанның тамырлармен қозғалғанда қан бөлшектерінің тамыр қабырғасына және бір-біріне үйкелуі салдарынан пайда болатын кедергіні жоюмен түсіндіріледі.
Артериялық қысым- артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы.Қан қысымы жүрек циклінің әртүрлі кещеңдерінде өзгереді.Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек жалпы босаңсығанда болады.Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының қысымы деп аталады.
Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм сын.бағ., ал аз қысымы 70-80 мм сын.бағ. құрайды.Қан қысымының 150 мм сын.бағ.артуы гипертония, 70-80 мм.сын.бағ. төмендеуі гипотония деп аталады. Тамырдың соғуы-жүрек әрбір жиырылғанда айда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.
Тамырдың соғуы кәрі жілікартериясынан сезіледі.
Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады.Қанның әртүрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы.
Қанның тамырларымен қозғалуы нейрогуморальды факторлар арқылы реттеледі. Артерия қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің тамырды кеңейтетін және тамырды тарылтатын екі түрі келеді.Олар тамыр арналарын тарылтуы немесе кеңетуі мүмкін.
Тамыр қабырғаларындағы жүйке ұштары қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруіне әсер етіп, оларда қощу тудырады.
Тамырлар арнасының реттіелуі тамақпен немесе әр түрлі мүшелерден секрет түрінде түсетін қандағы химиялық заттардың әсеріне де байланысты.Мысалы, бүйрек үсті безінің адреналин гомоны тамырларды тарылтады, ал барлық мүшелерде түзілтін гистамин каиллярларды кеңейтеді.
ІV. Бекіту "Серпілген сауал"
Оқушыларға допты лақтыра отыра, жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтары қойылады.
1.Қанның тамырлармен қозғалу себебі неде?
2.Қанның артериялық қысымы деген не?
3.Қанның тамырлармен үздіксіз қозғалуы неге байланысты?
4.Қандай қысым ең көп, қайсысы ең аз деп аталады?
5.Тамырдың соғуы, тамыр соғуыың қысымы деген не?
6.Артерия, кпилляр және венамен қан қандай жылдамдықпен ағады?
7.Қанның капиллярмен баяу қозғалуының биологиялық маңызы қандай?
8.Қанның венамен қозғалуының қандай ерекшкліктері бар?
9.Қанның тамырлармен қозғалуын нейрогуморальдық реттеу қалай жүреді?
Тест. Оқулық 132-бет.
1.Артериялық қысым қай кезде көп болады?
А) жүрекше жиырылғанда?
В) қарынша жиырылғанды
С) қарынша босаңсығанда
Д) жалпы босаңсығанда
2.Қан неде жоғары?
А) артерияда
В) венада
С) капиллярда
Д) артеиолада
3.Қан ағысының жылдамдығы неде жоғары?
А) өкпе артериясында
В) қолқада
С) капиллярда
Д) венада
4.Тамырдың соғуы дегеніміз не?
А) жүрекшелердің ырғақты жиырлыуы
В) артерия қабырғасының ырғақты тербелісі
С) қанның венамен қозғалуы
Д) артериялық қысым
5.Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы:
А) 0,5 м/с
В) 0,25 м/с
С) 0,50 м/с
Д) 0,5 мм/с
V. Бағалау Сабаққа қатысқан белсенді оқушыларды мадақтап бағалау.
VІ.Үйге тапсырма. §37.Қанның артериялық қысымы.Қанның тамырлармен қозғалуы оқу.