Открытый урок по казахской литературе на тему М?хтар ?уезов «К?ксерек» 7 класс (на казахском языке)
Қазақ әдебиеті
7 сынып
Сабақтың тақырыбы : Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Сабақтың мақсаты: а) білімділік
Әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу.Адамдар мен
көк бөрінің іс – әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен
психологиялық тепе – теңдікті сақтау керектігіне көз жеткізу.
ә) дамытушылық
Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, іскерлік дағдыла -
рын қалыптастыру ,ойларын еркін жеткізуге баулу.
б) тәрбиелік
Табиғатты сүйіп , аялай білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау,дәлелдеу
Сабақтың түрі: сыни тұрғысынан ойлау,игерілген білімді қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: сурет
Сабақ барысы:
1. Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.
2. Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау.
4. Кубизм . Оқушылар кубикті лақтырып, келген тапсырманы орындайды.
1. Көксеректің сыртқы кескін – келбетін суреттеңіз.
2. Салыстыр.Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз.
3.Зертте. Көк бөрінің қадір – қасиеті туралы әңгімелеңіз.
4. Талда. Кейіпкердің тағдырын талқыға салыңыз.
5. Проблемалық сұрақтар.
1.Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2.Адамдардың бөлтірікке жасаған іс – әрекетіне қалай қарайсың?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тіл табысты?
Үй тапсырмасы: Әңгімені оқу.