Открытый урок по казахской литературе на тему М.?уезов. К?ксерек


Пәні. Күні, айыҚазақ әдебиеті. 7-сынып.
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі.
Мақсаты: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгереді, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасайды
Оқу нәтижесі:әңгіме мазмұнын игереді, бір-біріне түсіндіреді, топта талқылайды, тақырыбын, идеясын ашады. Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Ойларын ашық айта алады. Сабақ бойынша не білгенін, алған әсерін кері байланыс парағына түсіреді.
Әдіс-тәсілдер, модульдер:Топпен, жұппен жұмыс (СТО), кестемен жұмыс , пікірталас (диалогтік оқыту), бақылау (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), сұрақ-жауап, баяндау (қалай оқыту керектігін үйрету)
Дереккөздер:Оқулық, дәптер, қосымша деректер
Барлығын қосқанда:Сабақ мақсатына қол жеткізуге көмектесу. Топқа бөлу әдісі арқылы топқа бөлу. Топтарды аралап, әрбір топ мүшесінің жұмысын қадағалау. Топ мүшелерін рөлдерге бөлу және баяу жұмыс істейтін оқушыларды дарынды оқушыларға бекіту. Бағалау критерилерін оқушыларға таратып, олармен бірлесе отыра білімдерін бағалау.
Бағалау:топтық, жұптық жұмыстарда өзін-өзі және өзара әділ бағалау.
Формативтік баға қоюды үйрету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен амандасу
-Тренинг ұйымдастыру
-Топқа бөлу әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу
-топ ережелерін құрастыру
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
Әңгіме мазмұнын айту
ІІІ. Жаңа сабақ
Шығармаға талдау жасау
114300130175Әңгімедегі негізгі ойды ашатын оқиғалар қайсы?
Жауыздық, өшпенділік Көксеректің табиғат жаратқан болмысы ма, әлде...
Көксерек жауыздық іс-әрекет жасағанына кінәлі ме?
00Әңгімедегі негізгі ойды ашатын оқиғалар қайсы?
Жауыздық, өшпенділік Көксеректің табиғат жаратқан болмысы ма, әлде...
Көксерек жауыздық іс-әрекет жасағанына кінәлі ме?


деген сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғау.
Шығарманы тірек-сызбаға сүйене отырып мазмұндау.
Тағылар ұрпақ қамында
26288993111500
3200400844550013716008445500Көксеректің ажалы Адамдар тағылығы
17145002349500
194310076835«Көксерек» әңгімесі
00«Көксерек» әңгімесі

354330013017400137160013017400Бітіспес өшпенділікТұтқын Көксерек
331470012255500171450012255500
Қараадырдағы Ұяластарымен
мазасыздық табысу
7 бөлім бойынша 7 оқушы 2-3 сөйлеммен шолу жасайды.
.
«Кубизм» әдісі (оқушы кубикті лақтырып, қандай тапсырма түссе, сол тапсырманы орындайды)
Салыстырыңыз
Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз.
Қолданыңыз
«Көксерек» сөзін қолданып «Бес жолды өлең» құраңыз
Елестетіңіз
Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз
Суреттеңіз
Ақ қасқырдың күшігінен айырылғаннан кейінгі мінез-құлқындағы өзгерісті суреттеңіз
Талқылаңыз
Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Бұл мәселені талқылау үшін біз ортаға құқық қорғау қызметкерлерін шақырамыз. «Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі ме?» деген сұрақ сот процесінде талқыланады.
Көрініс. Ортаға сот, ақтаушы, Көксерек, даттаушы шығады.
Сот процесі аяқталғаннан кейін оқушылардың ойларын сұраймын.
Сот процесінің шешіміне сендер қалай қарайсыңдар? Келісесіңдер ме? Неге?
Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы, құрылымы, көркемдік тілі қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, «Түсініктеме күнделігін» жүргізейік.
«Түсініктеме күнделігі»
1-топ: Шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасау
2-топ: Бірінші бөлімнің тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау
3-топ: Композициялық құрылымына талдау жасау
1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның дамуы
3. Оқиғаның байланысы
4. Оқиғаның шиеленісі
5. Оқиғаның шарықтау шегі
6. Оқиғаның шешімі
ІІІ. Қорытынды бөлім
«Әңгіме кестесін» құру
әңгіме аты
Авторы
Кейіпкерлері
Қай кезеңді суреттейді
Немен аяқталды
Не үйретті
ІV. Сабақты қорытындылау. Бағалау:
Әр шағын топта өз топ мүшелеріне баға береді, бағалау парақшаларына түсіреді.
Рефлексия. Сабақ бойынша не білетіндерін, не ұнағанын, өз тілектерін кері байланыс парағына түсіреді.
Үйге тапсырма: «Адамның ең жақсы қасиеті - жақсылығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу