План урока по казахской литературе М.?уезов
1 сабақТақырып: М.Әуезов Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.
2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Мұхтар еңбектері арқылы туған елін,Отанын сүю,құрметтеу сезімдеріне әсер ету. Адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруді жалғастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақСабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: М.Әуезовтың портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі, М.Әуезов туралы пікірлер т.б.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу – побуждение.
* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.
«Инсерт» стратегиясы.
Білемін Білдім Білгім келеді
II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Топпен жұмыс. Оқушылар алдын ала дайындап әкелген тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.
1 топ – әдебиетшілер тобы - бұл топ оқушылары Мұхтар Әуезов өмірі мен
шығармашылығы туралы жаңадан жинақтаған мәліметтермен таныстырады.
2 топ - тарихшылар тобы Ұлы Отан соғысындағы орны ақынның шығармашылығының орны туралы мәліметтер беру.
III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия
* Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.
* Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мұхтар Әуезов –Шығыстың Шолоховы және Қазақстан үшін екінші Абай», - деп орыс достары айтқан.
Өлең ұқсаң,түсінсең,шәкірттерім,
Абай мен Мұхтарды көптеп оқы!?
Ұлы Абай мен Мұхтардың бейнесін көз алдыңа елестетіп,
Шабыт тудыр,өлең тудыр жұрт оқитын!»
* Үйге тапсырма: «Өлеңнің өмірге келуі» оқып келу.