?неге са?атыны? та?ырыбы Шын дос — асыл ?азына (9 класс)
Бекітемін: ______________ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Х.Негаев
Тәрбие сабағы Шын дос - асыл қазына
Өткізілген уақыты 20.02.2016 жыл
9 "Ә" сынып жетекшісі Еспентаева Клара Кумаргалиевна
Жалпы мақсаты 1) Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. ілу;
2) Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу, қиын сәттерде көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу;
3) Достық туралы ой- өрісін кеңейтіп білімін дамытып тереңдету
Күтілетін нәтиже Шын досты бағалай білу
Сабақты өткізу әдістері Миға шабуыл, топтық жұмыс, оқушылар жобасының презентациясы
Ұсынылған ресурстар Үлестірмелі материал, плакаттар, сызбалар, маркерлер, кеспе қағаздар
Сабақ барысы:
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Қолданылатын ресурстар
7 мин Кіріспе Сәлемдесу: Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?
Тренинг:
Шаттық алаңында бір-біріне достық сезімін қимыл арқылы көрсету Мұғаліммен орыннан тұрып амандасады.
Шаттық алаңында сұхбат сұрақтарына жауап береді және
тренингті орындайды.
Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
формативті Ноутбук
7 мин Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл Топқа бөлу.
Нұсқау: 2 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
Бейнекөрсетілім: "Сиқырлы заттар дүкені"
Бейнекөрсетілім туралы не айта аласыз? Не ой түйдіңіз? Оқушылар түстердің санаттары бойынша екі топқа бөлінеді. Бейнекөрсетілім көреді.
Әр топтан бір оқушы сұраққа жауап береді формативті
Стикерлер,
бейнекөрсетілім, ноутбук
7 мин
2) Топтық жұмыс
Топтық жұмыстың ережесімен таныстырады
І -топ: достық туралы мақал-мәтелдер;
ІІ -топ: Дос пен жолдастықтың айырмашылығы неде?
Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.7. Жақсымен дос болсаң,Алдыңнан шығар елпектеп.Жаманмен дос болсаң,Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы) Әр топ басшысы, баяндаушы, уақыт бақылаушы, бағалаушы оқушыны анықтап алады.
1-ші топ: мақал-мәтел
2-ші топ;
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң формативті
3 плакат, мәтіндер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, желім, маркерлер, таймер, ноутбук
10 мин 3) Қорғау Әр топқа сұрақ қояды Баяндаушы оқушы өз тобының жобасын қорғайды шапалақтау магниттер
2 мин
4) Сергіту сәті «Миллион» сергіту биі Сергу қимылдарын орындайды. формативті "Миллион" MP4
5 мин 5) Сұрақ-жауап Викториналық сұрақтар:
Әр топ сұраққа тез жауап береді. Жауабын білмесе, басқа топ жауап береді. Дұрыс жауапқа стикер алады. формативті стикерлер
7 мин Қорытынды
6) Кері байланыс. «Білем, білдім, білгім келеді» кестесін ұсынады.
Топтағы әр оқушы
«Білем, білдім, білгім келеді»
кестесі бойынша сабақтан алған әсерін жазады және оқиды. формативті «Білем, білдім, білгім келеді»
кестесі, стикерлер
\
Жаңақала мектеп-гимназиясы
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Шын дос - асыл қазына"
9"Ә" сынып жетекші: Еспентаева Клара Кумаргалиевна
1 (ілгері) деңгей мұғалімі
Жаңақала, 2016 жыл