Та?ырыбы: ?депті бала – арлы бала
Әдепті бала – арлы бала
Тақырыбы: Әдепті бала – арлы балаМақсаты:Білімділігі:: Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату.Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу.Көрнекіліктер: Суреттер, шаңырақ. Дидактикалық ойын «Отбасы», сыйлықтар.Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату, тапсырмалар, көрсету.Іс - әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекеті- Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Ал балалар алдымен бір бірімізбен сәлемдесіп, жақсы лебіздерімізді білдірейікші.- Жарайсыңдар енді балалар киіз үйге кіріп отырайық.- Бұл не?Ғажайып сәт: Тазша баланың келуі:- Сәлеметсіз бе балалар!- Сәлеметсіз бе сіз кім боласыз?- Қайдан келесіз?- Балалар біз Тазша балаға көмектесеміз бе? Суреттерді ілу, әңгімелеу.- Балалар жылдың қай мезгілі?- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?- Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?Құстың ұясын бұзуға болама екен?Ол жақсы балама, жаман балама?- Енді мына суретке қарайықшы. Суретте бала не істеп жатыр?- Ол жаман балама жақсы балама?- Жарайсыңдар балалар. Жақсы жаман туралы қандай тақпақтар білесіңдер?Сергіту сәті:«Бас бармағым ата үйдің данасы. Балалы үйрек әке үйдің панасы Ортан түйрек әже үйдің анасы, Шылдыр шүмек шеше шаңырақтың ажары, Кішкентай саусақ бала титтей барлығының баласы.