Химиялы? реакция те?деулері. Зат массасыны? са?талу за?ы


Сыныбы: 8 а күні: 12.10.2015 ж
Тақырыбы: Химиялық реакциялардың теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы
Мақсаты: 1) Оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағлұмат бере отырып, өздігінен химиялық реакция теңдеуін құра білуге ықпал ету;
2) оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,өз ойын айта отырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және химиялық теңдеулерді дұрыс жазып, оны теңестіре білуге дағдыландыру.
3) бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Оқу нәтижелері :
-химиялық формула, химиялық элемент жайлы біледі;
-химиялық формуланы валенттілік бойынша құра алады;
-химиялық формулаларды қолдана отырып есеп шығарады;
-тапсырмаларды орындай отырып химиялық реакция теңдеулерін теңестіре алатындықтарын дәлелдейді;
-химиялық формула мен химиялық реакция теңдеулерін өзара ажырата алады;
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Cабақ кезеңдері Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау соның ішінде оқыту үшін бағалау Дерек
көздер
Ұйымдастыру
2 минут
3 минут А)Психологиялық ахуал
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.
Ә) топқа топтастыру
Б) Бағалау критерииі.
«Менің көңіл-күйім неге ұқсайды» жаттығуы
«Сіз қандай түсті ұнатасыз » оқушыларды түрлі түске боялған гүлдер арқылы топтастыру (қызыл, сары,күлгін,көк) және осы түстер бойынша адамға мінездеме беруге болатындығын айтып кету. Топ ережесімен таныстыру. Топ басшысын сайлау. Оқушылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсас.
«өте тамаша»
«жақсы»
«бәрекелді» АКТ
гүлдер суреттері, топ ережесі
Апталық ресурс
13_L1W2D4_
Білу 5 минут А) «Ой қозғау» сұрақтары
Ә)«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы.
Б) семантикалық карта
А) – химиялық формула дегеніміз не?
- Валенттілік дегеніміз не?
-Валенттілік нешеге бөлінеді?
-Тұрақты және ауыспалы валенттілікке мысал келтір
І-топ:
1) 4 моль сутегінің массасы қанша?
2)Мына қосылыстардың валенттіліктері бойынша : AlS, CaCl, NO, ZnO, AgO, MgCl формулаларын құрыңыздар. Формулаларды оқыңыздар.
ІI-топ:
1) 128 г мыстың зат мөлшері қанша ?
2)Мына қосылыстардың валенттіліктері бойынша : ZnCl, FeCl, NH, KO, FeO, ClO формулаларын құрыңыздар. Формулаларды оқыңыздар.
Өтілген тақырып бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды
Оқушылар топтық, жұптық жұмыс жасау арқылы өз тапсырмаларын қорғайды
«шапалақ»
«бәрекелді»
Смайликтер Апталық ресурс
4_L1W1D1«Топтық жұмыс»
Түсіну 10 минут Кейс –стади (топтық жұмыс)
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау үшін оларға алға жетелейтін сұрақтар беріледі.
І-топ:
Химиялық теңдеу дегеніміз не?
Реагенттер дегеніміз не?
Өнімдер дегеніміз не?
Химиялық теңдеуді құру жолдары?
ІІ-топ:
Зат массасының сақталу заңын қалай түсінесіңдер?
Неге реагенттер мен өнімдердің массалары бірдей болады әрі өзгермейді?
Оқушылар берілген сұрақтардың жауаптарын табу үшін топтаса және жұптаса жұмыс жасай отырып оқулықпен жұмыс жасайды
(постермен жұмыс)
Қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түртіп отырады топтық бағалау өзара бағалау
Апталық ресурс
4_L1W1D1«Топтық жұмыс»
Постер, маркер
13_L1W2D4_«ОүБ құралдары
Қолдану 5 минут «Тез ойланып, шешімін айт» ойыны.
Мына реакция теңдеуін ереже бойынша аяқта:
І топ .
Сu+ О2 =
K+Cl2 =
ІІ топ :
Na + О2 =
P+O2 =
1. Реагенттердің формуласын жаз:
2. Өнімнің формуласы:
3. Химиялық теңдеуді теңестіру:
Берілген тапсырманы топтық, жұптық жұмыс жасау арқылы орындайды.
(тақтамен жұмыс) «Дәл таптың керемет!» Тапсырмасы бар парақшалар
АКТ, интерактив
ті тақта
.
Сергіту сәті 3 минут Әр оқушыға парақ таратылады Ақ параққа кез келген өздеріне ұнайтын әріпті таңбалайды және осы әріптеріне қатысты жақсы сөздер жазады Талдау 5 минут «Ойлан, тап»
стратегиясы
Оқушыларға тақырып бойынша ребус беріледі.
Оқушылар ребустың шешімін тауып, берілген химиялық элементтерді әрекеттестіріп, химиялық реакция теңдеуін аяқтап, теңестіреді
«Жарайсың-дар»
Ребус, слайд
Жинақтау және бағалау 5 минут
Венн диаграммасы
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім әр топқа плакат беріп, «Венн диаграммасы» тапсырмасы беріледі
«М.В.Ломоносов» туралы материал жинап келу. Оқушылар Венн диаграммасына реагенттер мен өнімдер арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады
Оқушылар белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмысты үйге алады «Алғырсың-дар» Плакат, маркер,
Рефлексия 3 минут
1.«Бүгін мен ....» кері байланыс
2.критерий арқылы бағалау Бүгін мен үшін сабақ қызықты болды
Бүгін мен үшін өтілген тақырып маңызды;
Бүгін мен сабақты толық түсіндім;
Бүгін мен үшін сабақ қиын болды
Бүгін мен өтілген тақырыпты түсінбедім;
Стикерлер таратылып беріледі Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.
Топ басшысы бағалау критерий арқылы бағалайды смайликтер Стикер.
Үйге тапсырма беру 2минут § 14-15 № 6 жат./42 бет/ Күнделіктеріне түртіп алады