Саба? жоспары Химиялы? реакция те?деулері бойынша есептер шы?ару
8 сынып Химия
6-апта Күні 19.10.2013 жыл 12 сабақ
Сабақтың тақырыбы Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
Мақсаты Химиялық реакция теңдеулерін, зат массасының сақталу заңын,реакция типтерін пайдаланып есептер шығаруға үйрету
Жұмыс нәтижесі Оқушылар сабақтың тақырыбына байланысты дайындалған есептерді шығарып үйренеді,әр түрлі типті есептерді шығару жолдарын оқып, меңгереді.
Сілтеме Оқулық: Химия.8-сынып .Н.Нұрахметов.К.Сарманова.К.Жексенбина.§19 51-53беттер
Алматы. «Мектеп» 2012 жыл
Негізгі идеясы Химиялық реакция теңдеулерін жазу ,теңестіру туралы мағұлматтары тереңдейді.Химиялық теңдеу құруды уйренуді жалғастырады және есеп шығарып, дағдыланады.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: ЖИГСО
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу- қиықтардан химиялық формула шығару арқылы, мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма Тақырыпты оқу. Химиялық теңдеулер бойынша кеспеқағаздар дайындау.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Нәтиже Бағалау Ресурстар
Білім
8 мин 1)Уй тапсырмасы бойынша тапсырма беру
Оқушылар химиялық реакциялардың түрлерін еске түсіріп жазады.
Химиялық реакциялар
2) Қосылу реакциясы Айырылу реакциясы Орынбасу реакциясы Алмасу реакциясы
Pb(NO3)2+2KOH →2 KNO3+Pb(OH)2
2Mg+O2 → 2MgO
BaCl2+ H2SO4→ BaSO4+2HCl
N2+3H2 →2 NH3
2HgO→2 Hg+O2
CaCO3 →CaO+CO2
CaO+SiO2→ CaSiO3
NaOH+HCl→ NaCl+H2O
Zn+2HCl→ ZnCl2+H2
Fe+CuSO4→ FeSO4+Cu
Инт. тақтада орындайды берілген реакция теңдеулерін сәйкес типтің астына апарады ,дәл тапса реакция теңдеуі арнайы орыннан көрінеді, дұрыс болмаса көрінбей қалады. Интерактивті тақтада тапсырмаларды орындайды Өткен тақырып бойынша білімдері тексеріледі,білімін-дегі олқылықтар анықталады Топтық бағалау Оқу материалы. АКТ. Интерактивті тақта флипчарт
Түсінік
6 мин Оқушыларға оқулықтан тапсырма бөліп беру
-Оқушылардың жұмысын қорытындылау
Мәтінмен жұмыс
1 топ Алгоритм, 1-есеп
2 топ Алгоритм, 2-есеп
3 топ Алгоритм, 3-есеп
4 топ Алгоритм, 4-есеп
-Берілген тапсырмаларды оқып,үйренеді.Бір-біріне түсіндіреді.Топтың ең жақсы дайындалған оқушысы сынып алдында сөйлейді
Тыңдалым
топ Тапсырманы нақты орындауға кірісіп өзара талдау жасауды үйренеді. Өзара бағалау
Топтық бағалау Оқулық, тірек сызбалары
Қолдану
Талдау
6 мин Тапсырма беру
Есептер шығару
1 топ 7г магний оттегімен әрекеттескенде магний оксидінің қандай массасы түзіледі?
2топ 7г магний оттегімен әрекеттескенде магний оксидінің зат мөлшерін есептеңдер.
3топ Магниймен 5г оттегі әрекеттескенде түзілген магний оксидінің массасы мен зат мөлшерін есептеңдер.
4топ 20г магний оксидін алу үшін жұмсалған оттегінің массасы мен зат мөлшері қанша?
Топ болып, берілген тапсырмаларды орындайды және жауаптары бойынша тексереді.Жауаптары:
1)2Mg+O2 → 2MgO Мr(2Mg)=2×24=48
7г--------------xг Mr(2MgO)=2×(24+16)=80
48г------------80г
x=7г×80г48г=11,7г2) 2Mg+O2 → 2MgO Мr(2Mg)=2×24=48
7г--------------xмоль
48 г-----------2моль
x=7г×2 моль48г=0,29моль
3) 2Mg+O2 → 2MgO Мr(2MgО)=2(24+16)=80
5г------хг М(О2)=16*2=32
32г------80г
x=5г×80г32г=12,5г ʏ=12,5г40г/моль=0,31моль4) 2Mg+O2 → 2MgO Мr(2MgО)=2(24+16)=80
Хг----- 20г М(О2)=16*2=32
32г------80г
x=32г×20г80г=8г ʏ=8г32г/моль=0,25моль
Химиялық теңдеулер бойынша есеп шығарып, үйренеді Формативті бағалау Интерактивті тақта,флипчарт
оқулық
Талдау
6 мин Бейнежазба Қосылу және айырылу реакцияларының мысалдарын демонстрациялау.Бейнежазба мазмұнын түсідіруге ,типін анықтауға тапсырма беру Оқушылар демонстрацияларды түсіндіріп ,типін анықтайды. Қосылу және айырылу реакцияларының жүру жағдайларын біледі Өзін-өзі бағалау Интерактивті тақта.
Жинақтау
6 мин «Ой толғау» мұнда оқушылардың тақырыпты толық меңгергенін бақылау мақсатында проблемалық сұрақтар қойылады Қойылған сұрақтарға әр топтан бір оқушы жауап береді «басбармақ» Постер
Бағалау
10 мин Мұғалім сабақ құрылымының дұрыстығын және мақсатқа жету барысындағы қиындықтарды анықтап өзін-өзі бағалайды. Топ мүшелері өзара тапсырмаларды орындау барысында көрсеткен білімдерін өзара бағалайды. Формативті бағалау Бағалау парағы.