?рекеттесуші заттарды? біреуі арты? алын?анда?ы химиялы? реакция те?деулері бойынша есептеулер (9 класс)
Сынып: 9 А Күні: Пәні:Химия
Сабақтың тақырыбы Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер
Сілтеме Күнтізбелік- тақырыптық жоспар; Н.Нұрахметов <<Химия>>9- сынып
Жалпы мақсаты Оқушылардың есептің шарты бойынша екі әрекеттесуші заттың массасы берілген жағдайда есептеулер жүргізуді үйрету.
Оқу нәтижелері Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есеп шығаруды оқыту
Сабақта туындаған негізгі идеялар Мұндай типті есептерді шығару үшін алдымен берілген заттың қайсысы толық әрекеттесетінін және қайсысы артық берілгенін анықтау қажет . Өнімнің толық түзілгенін есептеу реакция кезінде толық жұмсалған зат бойынша жүргізіледі.
Көрнекіліктер Интерактивті тақта , слайдтар
Тапсырмалар Сынып оқушыларының сан бойынша бөлінуі
Эксперименттік есепті шығару
Жаңа сабақты қабылдауға дайындық
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Топтық жұмыс.Есеп шығару
Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
I бөлім. Сынып оқушыларын 1,2,3 санына санату арқылы 3 топқа бөлу.
II бөлім. Эксперимент есепті шығару
Үш нөмірленген пробиркада мынадай ертінділер берілген: алюминий хлориді, калий карбонаты және натрий хлориді. Осы ертінділердің қайсысы қай пробиркада екендігін анықтау.
Есептің шешімі: Үш пробиркағада лакмус тамызамыз. №1 пробиркада лакмус түсін өгерткен жоқ, ол натрий хлориді ерітіндісі. №2 пробиркада лакмус қызарады, ол алюминий хлориді ертіндісі. Бірінші оқушы тәжірибені жасап көрсетеді, екінші оқушы тақтаға гидролиз ракциясы теңдеуін жазады:
NaCl+H2O‒> NaOH+NaClNa++Cl-+H2O‒>Na++OH- +Na+Cl-
Орта- бейтарап, тұз гидролизденбейді
AlCl3+H2O‒> AlOHCl2+HCl
Al3++3Cl-+H2O‒>AlOH2++3Cl-+H+
Орта- қышқылдық тұз гидролизденеді
K2CO3+H2O‒> KHCO3+KOH
2K++CO32-+H2O‒>K++HCO-3+K++OH-
Орта- сілтілік тұз гидролизденеді
III бөлім. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық
Ертінділер арасындағы реакциялар қалай аталады? (ион алмасу)
Қандай жағдайда ион алмасу реакциялары соңына дейін жүреді? (газ бөлінсе, тұнба немесе тұз түзілсе)
Өткен тақырыптарда, оқушылар, сендер ион алмасу реакцияларының тек сапалық жағын ғана қарастырыңдар. Ал бүгінгі сабақта сендер осы ион алмасу реакцияларында түзілген тұнбаның, бөлінген газдың көлемін анықтауға арналған есептеулер жүргіземіз.
IV бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Есеп №1. Құрамындағы 16 г мыс (II) сульфаты бар ерітіндіге 12 г темір үгіндісі қосылады. Осы кезде неше грамм мыс бөлінгенін және қай зат артық қалғанын табыңдар.
Есепті түсіндіру: мұндай типті есептерді шығару үшін алдымен берілген заттың қайсысы толық әрекеттесетінін және қайсысы артық берілгенін анықтау қажет. Өнімнің толық түзілгенін есептеу реакция кезінде толық жұмсалған зат бойынша жүргізіледі.
Шешуі: есептің шартында берілген мыс (II) сульфаты мен темірдің зат мөлшерлерін V=m/M
формуласы арқылы табамыз:
V(CuSO4)=16г/160г/моль=0,1 моль;
V(Fe)=12г/56г/моль=0,21 моль ;
Реакция теңдеуін құрамыз:
0,1 моль ; 0,21 моль
CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu
1 моль 1 моль1 моль
Теңдеуден байқағанымыз мыс (II) сульфаты мен темір әрекеттескенде мольдік қатынасы 1:1 болды. Есептің берілу шартына сай есептелген мыс сульфаты мен темірдің мөлшерін салыстырсақ, V (CuSO4) < V(Fe) болғандықтан темір артық алынған білеміз. Әрі қарай есептеулер CuSO4 бойынша жүргізіледі:
Түзілген мыстың массасын табамыз:
М (Cu)=64г/моль
V(CuSO4)=0,1 моль
m(Cu)=64г/моль * 0,1 моль = 6,4 г
Темірдің массасын табамыз:
V(CuSO4)=V(Fe)=0,1 моль
Реакцияға темірдің 0,1 молі қатысады. Жұмсалған темірдің массасын табамыз:
m(Fe)=56г/моль* 0,1 г/моль =5,6 г. Артық қалған темірді есептесек:
m(Fe)=12- 5,6=6,4г
Жауабы: 6,4 г мыс алынды, 6,4 г темір артылып қалды.
V бөлім. Бекіту
Есеп: №1-62. Реакцияға 14 г темір ұнтағы мен 10 г күкірт алынған. Реакция аяғына дейін жүрді деп есептеп, түзілген темір (II) сульфидінің массасын және қай зат артық қалғанын табыңдар:
Шешуі:
14 г 10 г х
Fe +S ->FeS
56г 32г 88г
М(Fe)=56г/моль
М(S)= 32г\моль
М(FeS)=88г\моль V (Fe)=14г\56г\моль=0,25 моль
V(S)= 10г\32г\моль=0,31 моль
V(S)> V(Fe) есепті темір бойынша жалғастырамыз,
Артық қалған зат күкірт
Реакция теңдеуі бойынша
V(FeS)= V(Fe)=0,25 моль
m(FeS)=М*m=88г\моль* 0,25 г\моль=22г (FeS)
I топ есебі
Құрамында 3,56 г барий хлориді бар ертіндіге 3,56 г натрий сульфаты бар ертінді қосылды.Қанша грамм барий сульфаты тұнбаға түскенін есепте.
Шешуі:
3,56г 3,56г х
BaCl2+Na2SO4->BaSO4+2NaCl
208г 142г 233г
М(BaCl2)=208г\моль
М(Na2SO4)=142г\моль
М(BaSO4)=233г\моль
V(Ba Cl2)=3,56г\208г\моль=0,017моль
V(Na2SO4)=3,56г\142г\моль=0,025моль
V(Ba Cl2)<V(Na2SO4)
V(Ba Cl2)=V(Na2SO4)=0,017
m (BaSO4)=0,017моль * 233г\моль=3,98г
II топ есебі:
№1-64
Құрамында 25 грамм мыс (II) хлоиді бар ертіндіге 12 грамм темір ұнтағын салғанда неше грамм мыс түзілетінін есептеңдер:
Шешуі:
25г 12г х
CuCl2 + Fe->Cu+FeCl2
135г 56г 64
М(CuCl2)=135г\моль
М(Fe)=56г\моль
М(Cu)=64г\моль
V(Cu Cl2)=25г\135г\моль=0,18моль
V(Fe)=12г\56г\моль=0,21моль
V(CuCl2)<V(Fe); V(Cu)=V(CuCI2)=0,18моль;
m(Cu)=0,18 моль *64г\моль=11,52 (Cu);
III топ есебі:
№1-65
Құрамында 12 грамм мыс (II) сульфаты бар ертіндіге 8 грамм темір үгіндісі салынды. Осы кезде неше грамм тұз түзілетінін есептеңдер.
Шешуі:
12г 8г х
CuSO4 + Fe-> Cu+ FeSO4
160г 56г 152г
М(CuSO4)=160г\моль
М(Fe)= 56г\моль
М(FeSO4)=152г\моль
V(Fe)=12г\160г\моль=0,075моль
V(Cu SO4)=8г\56г\моль=0,14моль
V(Cu SO4)<V(Fe);
V(FeSO4)=V(CuSO4)=0,075моль;
m(FeSO4)=0,075 моль *152г\моль=11,4 г
VI бөлім. Үй тапсырмасы
Есептер жинағы бойынша №1-66-№1-70