11 сынып ?шін ?аза? тілден саба? ?аза?стан т?уелсіздігіне 25 жыл
Пән: қазақ тілі
Күні : 15.03.2016ж.
Сынып : 11сыныптар
Тақырыбы : «Қазақстан тәуелсіздігіне-25 жыл»
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап,АКТ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, портреттер, карточкалар
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен кезеңдерімен таныстырып, мақсатын айту. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сабақ кезеңдерімен таныстыру: 1. Өзін-өзі таныстыру
2. Бәйге
3. Дода
4. Талдау әлемі
5. Ойлы болсаң, озып көр
6. Топ бастаушылар сайысы
ІІ. Бірінші кезеңді бастау
Әр топ ортаға шығып, өздерін таныстырады: топтың аты, ұраны.ІІІ. Екінші кезеңге көшу.
Интерактивті тақтада таблица шығады, әр топ лот және сұрақтың бағасын таңдап алады да жауап береді.
Қазақстан
Қазақ әдебиеті
Грамматика
ҰБТ
(200 теңге оңай сұрақтар, 300- орташа, 400- қиын, 500- күрделі сұрақтар)
ІV. Үшінші кезең
Бұл кезеңде қазақ әдебиетінен сұрақтар қойылады 1-тапсырмада ақын-жазушылардың портреттері, 2-тапсырмада шығармалардан үзінді оқылады, оқушылар авторы кім және қай шығармадан үзінді деген сұрақтарға жауап береді.
V. Төртінші кезеңге көшу
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды :1- тапсырма, мәтінді оқып сұрақтарды құру. Ең көп және дұрыс сұрақтар құрған топ жеңеді. 2-тапсырма, Иә, жоқ ойыны арқылы мәтіннің дұрыс пен бұрыс сөйлемдерін тауып, атау.
VІ. Бесінші кезең . Талдау түрлері. Әр топқа 2 талдау түрі беріледі. Мысалы 1 топ: морфологиялық және фонологиялық . 2 топ : синтаксистік және фонологиялық
VІІ. Алтыншы кезең.
Топ бастаушылар сайысады.
Оларға тақырыптар ұсынылады, олар таңдап бір тақырыпты алып, 3-4 минут ішінде эссе жазады.
VІІІ. Қорытынды. Әділқазылар алқасы қорытынды шығарып, 2 топты марапаттайды.
2 топқа марапаттау қағазы беріледі.