Ашы? саба? ана тілден Та?ырыбыА?ша ?ар
Сабақтың тақырыбы: Ақша қар. Зейнолла Шүкіров
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңді түсініп оқу, мәнерлеп оқу қабілеттерін қалыптастыра отырып, өлеңнің негізгі ойын ашып, тәрбиелік мәнін түсіндіру;
2. Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөйлеу дағдыларын дамыту, салыстыру, негізгі ойды анықтау қабілеттерін жетілдіру;
3. Өлеңнің негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеуге үйрету;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау;
Үй тапсырмасын тексеру: «Балапан қанат қақты» мәтінінің мазмұнын сұрап, салып келген суреттерінен сурет көрмесін ұйымдастыру, ең жақсы сурет салып келген оқушыларды мадақтау;
«Қар жинау» ойыны:
5245100314960Қыста ұйықтайтын аңдар
00Қыста ұйықтайтын аңдар
4340225314960Қатты су
00Қатты су
3235325280670Қыста қалатын құстар
00Қыста қалатын құстар
2386330314960Қысқы жел
00Қысқы жел
1273810280670Терезеге өрнек салатын не?
00Терезеге өрнек салатын не?
125095314960Қысқы жауын
00Қысқы жауын
530161538100Қысқы ойын
00Қысқы ойын
Жаңа сабақ:
Жұмбақтар шешейік:
Қанттай ақ, Мамықтай жұмсақ, Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады.
(Қар)
- Қар қашан жауады?
Ол неге жауады? (өйткені табиғат құбылысы)
Қар қалай жауады?
- Қардың түсі қандай? Ақ түстен басқа түсі бар ма?
- Сонымен қысқы жауын, жерді ақ көрпеге орайтын не екен?
олай болса, бүгін біз Зейнолла Шүкіровтың «Ақша қар» деген өлеңімен танысамыз
4. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, әр шумақтарын тоқталып, талдап, түсіндіру; Сөздік жұмысын жүргізу
- Ақын ақша қарды неге теңеген?
даланы қалай жайнатып тұр дейді?
Ауыл үсті қандай дейді?
- Өлеңді оқығанда қандай көңіл-күйде боласыңдар?
Оқу түрлері:
а) Өлеңді оқушыларға іштей оқыту;
ә); мәнерлеп оқыту б) Шумақтап бөліп оқыту;
Суретпен жұмыс: (оқулықтың 64-бетінде)
Берілген суретке зер салайық. Бұл қандай жер? (ауылды жер) Ауылға қандай қар жауыпты?
Суретте тағы нелер бейнеленген? Тау-тас, сай-сала не жамылған? Қандай қыстап қалатын құсты көріп отырсыңдар? Осы суреттегі қысқы ауыл көрінісі адамға қалай әсер етеді?
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап
Бүріседі, дірілдеп, шиқ-шиқ етіп, шиқылдап.
Жаңылтпаштар: (93 бет)
Жаңылтпаштарды оқытып, оқудың бірнеше түрін пайдалана отырып, жаттату:
Жаңылтпаштар не туралы екен? бірінші жаңылтпашта қардың қандай түрлері болады дейді? (сұр қар, сүр қар, қырбық қар, құрғақ қар) Қардың түрлері туралы сұрап, білімдерін толықтыру:
Сұр қар – көктемге қарай кір шалған қар. Сүр қар – әбден тапталып қатты болып қалған алғашық кездерде жауған қар. Қырбық қар – жұқа жауған қар. Құрғақ қар – жабыспайтын, сусып түсетін қар.
Дәптермен жұмыс:
а) Қар түрлеріне қарама- қарсы мағыналы сөздер жазу:
Сүр қар – ақша қар, сұр қар – таза қар, қырбық қар – қалың қар, құрғақ қар – дымқыл қар.
ә) Өлеңнен ақша қарды теңеген теңеу сөздерін теріп жазу:
Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібек, ақ көрпе.
Қорытынды: Өлеңді хормен оқыту:
Өлеңнен не туралы білдік? Қандай қардың түрлерімен таныстық? Ақын ақша қарды неге теңеген?
Мәтінге сүйеніп өз ауылдарыңа жауған қар туралы айтып беріңдерші
Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?
10. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу;
11. Бағалау