(?депті бала-арлы бала) т?рбие са?аты


Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала Мақсаты: Білімділігі: : Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату.Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелілігі: Адамгершілікке , кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу.Көрнекіліктер: Суреттер, шаңырақ. Дидактикалық ойын «Отбасы», сыйлықтар.Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату,тапсырмалар,көрсету.Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекетіМотивациялық қозғаушы -Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы.Ал балалар алдымен бір бірімізмен сәлемдесіп,жақсы лебіздерімізді білдірейікші.“Қайырлы күн!”“Әрқашан күн сөнбесін.”“Деніміз сау болсын.”“Бәріміз дос болайық”“Тату болайық.”“Әлемде тыныштық болсын.”“Аспанымыз ашық болсын.”Іздену- ұйымдастыруы-Жарайсыңдар енді балалар киіз үйге кіріп отырайық. -Бұл не?-Шаңырақ. -Ғажайып сәт: Тазша баланың келуі: -Сәлеметсізбе балалар!-Сәлеметсізбе сіз кім боласыз?-Қайдан келесіз?-Сәлеметсізбе-Мен Тазша баламын.Қазір жылдың көктем мезгілі болғандықтан,көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек теруге далаға шыққам.Сол кезде суреттер тауып алдым,бірақ осы суреттерден ештеңе ұқпай,осында алып келдім,сендерден көмек сұраймын.-Балалар біз Тазша балаға көмектесемізбе? -Иә көмекте семіз.Суреттерді ілу,әңгімелеу.-Балалар жылдың қай мезгілі?-Көктем мезгілі.-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?-Қар ериді,күн жылынады.-Құстар жылы жақтан ұшып-Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?-Құстың ұясын бұзуға боламекен?-Ол жақсы балама,жаман балама?-Енді мына суретке қарайықшы.Суретте бала не істеп жатыр? -Ол жаман балама жақсы балама?-Жарайсыңдар балалар.Жақсы жаман туралы қандай тақпақтар білесіндер?Тақпақ айту:I.Алдын үлкен кісінің,Кесіп өтпей көлденең,Жөніменен кішілік,Әдеппенен қол берем,II. Атам маған өмірдеӘдепті жан бол деген.Ата сөзі санамдаЖасы үлкенге жол берем.III.Сәлеметсіз бе ағай деп,Сәлетсіз бе апай деп,Ұл-қыз сәлем береміз,Өнегелі өренбіз.IV.Бақшамызға барғанда,Жолыққан бар жандарға,Ертемен, ақ пейілменҚайырлы таң деймін мен.V.Дастарханның басында,Әдептен біз озбаймыз,Үлкендердің қасындаҚолды бұрын созбаймыз.VI.Нанды үгітпе, қадірле,Қабығымен бәрін же.Саусағымен сормағын,Салдыр салақ болмағын.Сергіту сәті:«Бас бармағым ата үйдің данасы.Балалы үйрек әке үйдің панасыОртан түйрек әже үйдің анасы,Шылдыр шүмек шеше шаңырақтың ажары, Кішкентай саусақ бала титей барлығының баласы.келеді.Балалар саусақтарынқимылдату арқылы сергітусәтін жасайды.Ғажайып сәт: Әженің келуі Балалар қараңдаршы бүгін Мейрамбектің туған күніне әжесі келе жатыр екен.(Сол кезде әже қолындағы сөмкесі құлап қалады.Балалар әже құлап қалды не істейміз?Дияс,Аруназ тездедіп әжені орнынан тұрғызайық.Әже қош келдіңіз,төрлетіңіз.Әже: Рахмет балалар сендерге.Сәлеметсізбе әже бізде оқу іс әрекеті болып жатыр,жоғары шығыңыз.Біздің балалар жақсылық пен жамандық туралы мақал мәтелдер айтып берсін.Мақал мәтелдер:1.Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады. Жаманмен сөйлессең, көңілін ашылады.2.Жақсының жүрген жері базар,Жаманның жүрген жері азар.3.Отанды сүю отбасынан басталады.4.Әдепті бала ата- анасын мақтатар,Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.5.Адамның ұяты бетінде,Адамгершілігі ниетінде.6.Адам туа жаман болмайды,Жүре жаман болады.-Жарайсыңдар балалар Енді балалар Жақсы жаман деген ойын ойнайық. (Мен жақсы туралы айтқанда қолдарынды шапалақтайсыңдар,жаман туралы айтқанда аяқтарынды тыпырлатасыңдар).-Бір бала құстың ұясын бұзып жатыр екен,ол қандай бала?-Үлкен кісіге орын берген бала,қандай бала? Атасына терек егіп көмектесіп жатқан бала қандай бала? Жерге құлап қалған балапанды ұясына салып жатқан бала? Сөздердің екі тілдегі баламасынқайталап,үйренеді.Таңертең балабақшаға келгенде қалай деп амандасамыз? Сәлеметсізбе дұрыс орысшасы -здраствуйте, жақсы- хорошо, жаман -плохо.Тазша бала:-Балалар сендер өте тәртіпті екенсіндер,Мен сендердей болғым келіп тұр,сендерге көп-көп рахмет.Сендерден көп нәрсе үйрендім.Сендерге әкелген сыйлығымды апайларыңа табыс етейін. -Сауболыңыз балалар!-Балалар біздер бүгін не туралы әңгімелестік? -Біздер қандай балалармыз?-Біздерге қонаққа кім келді?-Біз кімнің әжесіне көмектестік? -Жарайсыңдар мен сендерге өте ризамын.Енді оқу іс әрекетімізді «Болайықшы осындай» әнмен аяқтайық.Ән: «Болайықшы осындай».Жақсы бала еңбекшіл,Ер азамат болады,Қиындықты жеңсе кімҚұшағы гүлге толады.Еңбекшіл осындай,Болайықшы досым ай.Таза бала мұнтаздай,Сүйсінеді қарағанҰқыпты деп бұл қандайЖақсы көрер бар адам.Балалар сұраққа жауап беріп, ән айтып, қуанды.Көңілдері көтеріңкі.Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтижеБаланың білуі: Отбасы мүшелерін, салт дәстүрді білу.Баланың меңгеруі: Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажырату,жақын адамдарға қамқорлық,оларға көмек көрсету дағдыларын.Баланың жасай алуы: Мақал мәтелдің мазмұнын айту,тақпақтарды мәнерлеп оқу,ойын ойнау