Д?НИЕТАНУ ?ЫС?А МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ?АРЫШ ТУРАЛЫ Т?СІНІК 4 СЫНЫП


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ
«АҚСУ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ПӘНІ: ДҮНИЕТАНУ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҒАРЫШ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ ТҮСІНІК
ОРЫНДАҒАН: САДУАКАСОВА АДИНА ЕРЖАНҚЫЗЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Сабақ : Дүниетану Мектеп: КММ «Ақсу орта мектебі»
Күні: 08.04.2017 ж Мұғалімнің аты – жөні: Садуакасова А.Е
Сынып: 4 «А» Қатысқандар:
14
Қатыспағандар: жоқ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ғарыш туралы, жердің - ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру.
Галактика жайлы түсінік беру.
Бағалау критерийі: Барлық оқушылар орындай алады:
Ғарыш туралы түсінік алады.Галактика не екенін түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы, жер – ғарыш денесі екендігі жайлы түсінік береді
Кейбір оқушылар оырндай алады:
Оқулықтағы тапсырмалар арқылы ғарыш туралы түснік алады.
Тілдік мақсат: Айтылым, жазылым, оқылым
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Ғарыш, галактика, ғаламшар, күн жүйесі
Ғарыш – космос – cosmos
Галактика – Galaxy
Күн жүйесі – солнечная система – Solar system
Сыныптағы диалог\ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
1)Ғарыштан бізге ең алдымен не қажет?
2) Ғарышқа адамдар не үшін барады?
3) алынған мәлімметтер Жерге қалай әкелінеді?
Ишара: басынан сипау, мимика, арқасынан қағу.
Алдыңғы оқу: Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасалатын жағдайлар
Жоспар
Жоспарлаған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы Ұйымдастыру кезеңі:
Шеңберге тұрып бүгінгі күнге тілек тілеу
Топқа бөліну; геометриялық фигуралар арқылы.
1- топ ; үшбұрыш
2 - топ: тік төртбұрыш
3 - топ: шаршы
Қызығушылығын ояту:
Жұмбақ жасыру
1)Жылт – жылт етіп төбемде
Түсе алмай тұр төменге (Жұлдыз)
2)Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан (Күн)
3)Орақ болып туады,
Табақ болып тынады (Ай)
Алып кілем
Гүлге толы
Үсті кілең
(жер) Геометриялық фигуралар:
Үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш
АКТ
Ортасы Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
Жұлдыз- жерден өте алыс орналасқан зор шарлар. Ең ірілері Күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен. Жерге ең жақын жұлдыз-Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар, яғни ғаламшарлар айналып жүреді. (планета-грекше кезбе жұлдыз деген сөз) Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі-Әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады. (5 мин)
«Ай мектеп» бейнефильм көрсету, ғарыш туралы
«Кім жылдам » ойны арқылы сұрақ қою 3 топқа
1)Ғарыштан бізге ең алдымен не қажет?
2) Ғарышқа адамдар не үшін барады?
3) алынған мәлімметтер Жерге қалай әкелінеді?
Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
-Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?
-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді.
-Галактика неден тұрады?
-Ғарыш деп нені айтады?
4. Сергіту сәті
Ой толғаныс
«Мұқият бол» ойыны
Аспан әлеміне қатысты сөздер айтылса оң қолды көтеру. ал егер оған қатысты емес сөздер айтылса көтермеу.
(марс, қалам, галактика, ай, 8 ғаламшар бар, Байқоңыр, Алматы, Тоқатар Әубәкіров)
«Сөйлемді аяқта»
Мәтіннен сөйлем беріледі көп нүктенің орынына сөз қоя керек.
1 – топ:
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен ..... мыңға тарта жұлдыз көрінеді.(3 м)
Жер, ай , күн – бұлар ................ ( аспан денелері)
Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер---------------------- (ғаламшарлар)
2 – топ :
Жердің серігі ---------------------- (ай)
Ғаламшардың аудармасы----------------(адасушы жұлдыз)
Күн жүйесінің ғаламшарлары--------------------------------------------------------(меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн, уран,нептун, плутон)
3 – топ :
Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері--------------------------- құрайды (күн жүйесін)
Жұлдыз жүйелері------------------- (галактика)
Бейнефильм
Қима қағаз
Соңы Рефлексия: «Бағдаршам әдісі»
Жасыл түс - мен сабақта бәрін өте жақсы оырндадым, менің көңіл күйім жақсы
Сары түс – тапсырманы орташа орындадым, менің көңіл күйім орташа.
Тоқ сары – мен тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл күйім жаман
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндап келу.Кестедегі әріптерден ғаламшарлар аттарын тауып, дәптеріңе жаз. 92 – 94 бет
Бағалау . Топ басшылары бағалайды
Бағдаршам, стикер
1 – топ:
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен ..... мыңға тарта жұлдыз көрінеді.(3 м)
Жер, ай , күн – бұлар ................ ( аспан денелері)
Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер---------------------- (ғаламшарлар)
2 – топ :
Жердің серігі ---------------------- (ай)
Ғаламшардың аудармасы----------------(адасушы жұлдыз)
Күн жүйесінің ғаламшарлары--------------------------------------------------------(меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн, уран,нептун, плутон)
3 – топ :
Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері--------------------------- құрайды (күн жүйесін)
Жұлдыз жүйелері------------------- (галактика)