?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы:Буылты? ??рттарды? к?пт?рлілігі. Ш?балша?. Тіршілік ортасы. Сырт?ы ж?не ішкі ??рылысы. ?лпалар ж?не м?шелер туралы т?сінік. ?оз?алуы. № 2 зертханалы? ж?мыс. Ш?балша?ны? мінез – ??лы?ын: оны? ?оз?алуын ба?ылау.
«Тексерілді»
Директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары
________ Қожахметов Қ.
Қысқа мерзімдік жоспар№18
2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы.
№ 2 зертханалық жұмыс. Шұбалшаңның мінез – құлығын: оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу. Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын қарап зерттеу
.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыптың материалын меңгерту. Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттардан жұқтырудан сақтану жолдары туралы түсіндіру.
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар материалды меңгереді. Буылтық құрттардың құрылысын, тіршілігін, қозғалу ерекшелігін оқып, біледі. Сыртқы әсерге жауап қайтару реакциясын бақылап, зерттейді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» әдісі», «Топтық тергеу әдісі», «модерация».
Сыныбы: 7 «З»
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Қолданылатын ресурстар
1 мин. Кіріспе Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, бастайды. .
3 мин
Топтастыру Оқушыларды сурет арқылы топқа бөледі Оқушылар 4 топқа бөлінеді Топтық ереже
Рөлдерді өзара бөлісу. Оқушыларды топтық ережені сақтауға шақырады. Оқушылар топтық ережені еске түсіріп, сабаққа кіріседі. Плакат
10 мин Үй жұмысын тексеру.
«Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» әдісі Бұл әдістің орындалу барысын түсіндіріп, оқушыларға нұсқау береді. Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттардан жұқтырудан сақтану тақырыбы бойынша оқушылар бір біріне сұрақ жауап арқылы диалогқа түсіп, шеңберде өткен материалды қайталап, еске түсіреді.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, бағалайды. 15 мин
Негізгі бөлім
«Топтық тергеу» әдісі
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «Топтық тергеу» әдісінің орындалу барысын түсіндіріп, оқушыларға тапсырма береді. Оқушылар оқулықта берілген мәтінмен жұмыс жасайды.
1 топ. Баяндап берушілер
2 топ. Зерттеушілер: сандар, цифрлар, деректер т.б.
3 топ. Бйнелеушілер: постерге материалды енгізеді.
4 топ. Сұрақ құрастырушылар. Топтар бірін бірі бағалайды. Оқулық,
10 мин № 2 зертханалық жұмыс. Оқушыларға зертханалық жұмыстың орындалу барысын түсідіреді. Оқушылар зертханалық жұмысты орындайды. Шұбалшаңның мінез – құлығын: оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу. Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын қарап зерттеу 2-мин
Бағалау оқушыларды бағалайды. Модерация әдісі арқылы оқушылар бір бірін бағалайды. оқушыларға формативті баға береді. 5 мин Рефлексия Нені жақсы түсіндім?
Маған не қиын болды?
Келесі сабақта толығырақ түсінгім келеді. Шығу парағын толтырды Оқушыларды бағалайды. Парақшалар
3 мин Үйге тапсырма Тақырыпты оқып, мазмұнын түсіну.жаңа тақырыпқа байланысты қосымша материал жинақтау. Сурет салу. Пән мұғалімі Лесова С.