?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті: Сауат ашу. Та?ырыбы: Б дыбысы мен ?ріпі
Технологиялық карта.
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу.
Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: «Б» дыбысы мен әрпін қайталату, буындарды оқыту, дыбыстық талдау жасау. Қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, ойын, «Зайцев кубиктері», сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: Суреттер, кубиктер,Ақ қонжық, әуенді кесте, түрлі-түсті құм, ноутбук
Белсенділік орталықтары: Әдебиет орталығы, өнер орталығы, үстел-үсті ойын орталығы.
Қос тілділік: Бақа – лягушка,
Бесік – колыбель,
Балық – рыба.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы.
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялаушы
Таңертеңгі сәлемдесу.
Қайрлы таң, ұстазым!
Қайырлы таң, достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Добрый утро, учитель!
Добрый утро, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Good morning, Good morning,
Good morning to you!
Good morning, Good morning,
We are glad to see you!
-Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.
-Балалар,өткен оқу іс-әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық? Оны еске түсіру үшін бізге Ақ қонжық көмекке келіп отыр. Ақ қонжық сендерге жұмбақ жасырады, ал сендер жұмбақтың жауабын шешу арқылы қандай дыбыспен танысқанымызды еске түсіріп отырыңдар.
Ақ қонжықтың жұмбақтары:
Иесі оның сәби,
Әрі төсек, әрі үй.
Қызықтырып әркімді-ақ,
Суда жүзер шалпылдап.
Қай дыбыстан басталған,
Сол жәндіктің атын тап.
-Ал мына өлең жолдары не жайында екен, тыңдап көрейік.
Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір-терсек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
-Балалар бұл өлең жолдарында не жайлы айтып тұр екен?
-Балалар, Ақ қонжық қандай әріпті айтып отырғанын түсіндіңдер ме? Жауаптардың барлығы қандай дыбыстан басталып тұр?
-Енді, бесік, балық, бақа сөздерін буынға бөліп айтайықшы.
Қос тілділік:
Бақа- лягушка,
Бесік- колыбель,
Балық-рыбы.
-Бақа сөзін тақтаға кеспе әріптерді пайдаланып жазайық.
-Бақа сөзінде неше әріп бар?
-Қанша дыбыс бар?
-Дыбыстық талдау жаса.
-Жарайсың, енді бақа сөзіне сөйлем құра.
-Жарайсыңдар, балалар, енді «Б» дыбысын ауада жазайық.
-Балалар, енді қызықты тапсырмаларға толы орталықтарға бөлініп жұмыс жасайық.
• Әдебиет орталығы:
Тақырыбы: Кубикпен сөздер жазу
Мақсаты: Балалар суреттегі бейнені Зайцев кубиктерін пайдаланып жазады. Ақ қонжықтың көмегімен дыбыстарды қайталау.
• Өнер орталығы:
Тақырыбы: Түрлі-түсті құммен сөздер жазу.
Мақсаты: -Балаларға суреттер беріледі, не белгіленгенін құмның бетіне сұқ саусақ пен ортан теректің көмегімен жазады. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып, қызығушылығын ояту. Қол маторикасын дамыту.
• Үстел-үсті ойын орталығы:
Тақырыбы: Көңілді тапсырмалар
Мақсаты: Ноутбуктегі тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Компютерлік технологияны пайдалануға деген қызығушылығы артады.
Балалар орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.
Балаларды белгімен ортаға жинау.
Сергіту сәтін жасау.
-Ал енді, әдебиет орталығында болған балалар өнер орталығына, өнер орталығында болған балалар үстел-үсті ойын орталығына, ал үстел-үсті ойын орталығында болған балалар әдебиет орталығына барып жұмыс жасайды.
Балаларды белгімен ортаға жинау.
Сергіту сәтін жасау.
-Ал енді, әдебиет орталығында болған балалар өнер орталығына, өнер орталығында болған балалар үстел-үсті ойын орталығына, ал үстел-үсті ойын орталығында болған балалар әдебиет орталығына барып жұмыс жасайды.
Балаларды белгімен ортаға жинау.
-Балалар, бүгін қандай дыбысты қайталадық?
-«Б» дыбысынан басталатын қандай сөздер бар екен?
-Өнер орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Әдебиет орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Үстел-үсті ойын орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
-Балалар сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Тапсырмалардың барлығын белсене орындадыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.
Балалар бір-бірімен сәлемдесті
-Бесік
-Балық
-Бұл бақа жайында.
-«Б» дыбысынан басталып тұр.
Бе-сік 2 буын
Ба-лық 2 буын
Ба-қа 2 буын
Бала шығып жазады.
4 әріп бар
-4 дыбыс болады
Б- дауыссыз дыбыс
А- жуан дауысты дыбыс
Б-дауыссыз дыбыс
А-жуан дауысты дыбыс
-Жазда көлде бақа көп болады.
Балалар орталықтарға бөлініп жұмыс жасады.
Сергіту сәін жасады.
Орталықтарын ауыстырып жұмыс жасады.
Сергіту сәін жасады.
Орталықтарын ауыстырып жұмыс жасады.
-«Б» дыбысын қайталадық.
Бақа, бесік, бала, балапан.
Балалар сұрақтарға жауап берді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді.
Нені білді: Өткен әріптерді танып, көрсете білуді