Сценарий для воспитательной работе на тему: ?лімді же?ген ана


Өлімді жеңген ана
1-жұргізуші: Азияның ақсақ барысы Темір жер бетін қанға бояп, ойды қырға теңеп, жоннан жол салып, жер шарын асықтай үйіргісі келген адам. Бұл, сансыз елді өзіне бағындырып, шексіз жерді қанға суарған, айбатынан ай жасырынған Темір.
2-жүргізуші: "Отырарда" өліммен ұшырасып, ұлын берген сағаттан бастап, отыз жыл бойы Темір бір рет езу тартқан емес-ті...
Отыз жыл бойы Темірдің жүрегі адам баласын аяу дегенге, адам баласын сүю дегенге мүлде жабылып қалған! Ол адам баласын өлім орағымен орудан басқаны іс деп те санауды қойған.
1-жүргізуші: Темір сардар, бектерімен бірге сарайында отыр.
2-жүргізуші: Бір кезде Темірдің құлағына ашынған бір дауыс келді.
Темір: - Даусында өлім көлеңкесі елестеген неткен адам? Шақырыңдаршы!
Әйел:- Баязит сұлтанды жеңген сен бе?
Темір:- Иә, мен. Мен талайды жеңдім. Жеңгенімнің ішінде о да бар. Жеңуден әлі шаршағаным да жоқ! Сен, әйел, келген жұмысың не еді, соны сөйле!
Әйел:- Тыңда! Сен не істесең де адам ғанасың. Ал енді мен - ана! Сен өлімге қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашамын. Дүниеге адам әкелем, білдің бе? Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.
Темір:- Мен ешкімнің қалай саналуымен есептесіп те көрген де емеспін, есептесе алмаймын да! Жұмысыңды айт, әйел!
Әйел:- Тыңда, өлімнің егіншісі Темір! Сен менің алдымда күнәлысың. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңды жусын деп келдім. Сенің бағынғаның "Күш әділдікте" деген ұран дегенді айтты. Мен бұған иланбаймын. Бірақ, сен маған еріксіз әділ боласың. Үйткені мен - ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!
1-жүргізуші: Темір патша да мұны ұғарлық данышпан еді. Шығыстың салқын данышпандығын алмады дейсің бе, әйелдің сөзіндегі батылдық пен күштілікті сезді.
Темір: Менімен патшалық үшін, ел үшін көп адам алысты. Бірақ, адам үшін ешкім алысып көрген жоқ. Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен тең адамша сөйлесіп отыр, өтінбейді - бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Бұйырып:Үш жүз салт әскер, қазір жердің төрт бұрышын аралауға аттансын. Тапсын олар мына әйелдің ұлын! Әйел осында күте тұрады. Мұнымен бірге мен де күтіп отырам. Кімде-кім мұның ұлын атқа мінгізіп әкелсе, ол шын бақыттың дәмін татады. Солай ғой, әйел! (Әйелге қарап)
Әйел бетіне түскен шашын кейін сілкіп тастап, азырақ езу тартып:
- Солай! Осыны істе!
2-жүргізуші: Сол кезде, әлгі айбатынан ай жасырынған қаhарлы шал - Ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге басын иеді.
Ән:О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге