?аза? ?дебиетінен ?ыс?а мерзімді жоспар ?ке мен бала


Сыныбы: 5«Б» Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: 09.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала»
Сабақтың мақсаты: Мәтінді жан-жақты талдап, тәрбиелік мәнін ұғыну
Сабақтың міндеттері: Жазушы туралы білімдерін толықтыруға бағыт-бағдар беру;
Сабақта еркін сөйлеп, өз пікірлерін қысылмай айтуға мүмкіндік жасау;
Адам өміріндегі еңбектің рөлін білуге, еңбек пен ақыл – таусылмас байлық екенін оқушы бойына дарытуға ықпал ету;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтырып, еркін сөйлеп, өз белсенділіктерін танытып, еңбектің адам өміріндегі рөлін алқылап, маңызды құндылықтарды біледі
Керекті жабдықтар: Суреттер, қима қағаздар, интербелсенді тақта
Сабақ барысы
І. Психологиялық ахуал.
Амандасу.
Оқушыларды топқа бөлу
(әр түрлі әріптер арқылы әр топ өзінің орындарын табады) 2 минут
Үй тапсырмасын тексеру Аңыз-әңгімелер.
Аңыз-әңгімелер әдебиеттің қай түріне жатады?
Аңыз-әңгімелердің ерекшелігі қандай?
Аңыз-әңгімелер дегеніміз не?
Аңыз-әңгімелер неге байланысты дүниеге келген?
Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері кімдер?
Аңыз-әңгімелердің ертегіден айырмашылығы неде?
Қандай аңыз-әңгімелерді білесіңдер? 5 минут
Кіріспе Топта рөлдерді бөлу 1 минут
Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет беремін 5 минут
Миға шабуыл: 1-топ Жазушы туралы білімдерін топтастыру
2-топ Лексикалық жұмыс орындайды 5 минут
Мәтінмен жұмыс:
«Әке мен бала» Сөздікпен жұмыс
Түсініп оқу
Өз сөзімен баяндау 10 минут
Сергіту сәті: «Сэм ағай» ойны арқылы сергіту 2 мин
Шығармашылық жұмыс:
«Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын ашатындай кесте, постер жасау, мәтінге сұрақтар құрастыру
9 минут
Бағалау: Формативті бағалау 3 минут
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» 2 минут
Үй тапсырмасы:
Әңгімені мазмұндау; әңгіменің мазмұны бойынша мақал-мәтелдерді жаттап келу 1 минут