Орта??ы топ?а арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс- ?рекетіні? технологиялы? картасы. Та?ырыбы: Жабайы а?дар
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру cаласы: «Қатынас» «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту» «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Мақсаты:1. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені,
қоректенуі туралы түсінік беру.
2.Сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
3.Жан-жануарларды қорғау оларға қамқор болуға тәрбиелеу, неліктен
жабайы деп аталатынын түсіндіру. Сөздік жұмыс: бөлтірік, көжек, қонжық, түлкі, сарымақ,қаншыр.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Көрнекіліктер: суреттер, үнтаспа, хайуанаттар бағына саяхат т.б.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларға хайуанаттар бағына баратынын айту. Балалар қуанады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Рефлексивті – түзетушілік компонент. Балалар барлығымыз орнымыздан тұрайық.
Шаттық шеңбер.
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жаңа шыққан бұл күнге,
Иіліп сәлем қылайық.
Арайлап шыққан бұл күнге,
Шуағын шашып баршаға
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзінде.
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн.
-Балалар мына өлең жолың тыңдаңдаршы!
Өлең жолы.
Табиғатты қолдай біл
Аң құсын да қорғай жүр
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап береміз.
Балалар бұл өлең жолында не туралы айтылған екен?
Балалар табиғат дегеніміз-ол бізді қоршаған орта. Табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ.
Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.
Олай болса бүгінгі
«Тіл амыту»оқу іс-әрекетінде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі «Жабайы аңдармен»
танысамыз.
-Ал жабайы аңдар қайда болады?
-Дұрыс, балалар олар орманда және хайуанаттар бағында мекен етеді. Біз оны жақыннан көру үшін және танысу үшін хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз.
Хайуанаттар бағы дегеніміз не?
-Ол үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан – жануарлардың көптеген түрлері, әр түрлі құстар мекен етеді.
Біз оның барлығын көріп, аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде, теледидардан көріп жүрген жбайы аңдармен ғана танысамыз.
Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады - деп ойлайсыңдар?
-Қалай ойлайсыңдар, оларды неге торларда ұстайды?
(Хайуанаттар бағындағы қауіпсіздік ережелерін балаларға ескерту).
-Ал,енді, балалар хайуанаттар бағына баруға дайындалайық.
Балалар қайда барамыз?
Бізге хайуанаттар бағына бару үшін билет керек. Ол билетті мен сендерге дайындап қойдым.
(Билетті таратып беремін).
Хайуанаттар бағына жаяу өлең жолын айтып барамыз.
-Балалар, қараңдаршы! біз міне хайуанаттар бағына да келіп қалдық.
Ол аңдардың барлығы қайда кеткен?
Бұл аңдарды табу үшін мен сендерге викториналық сұрақтар қоямын. «Зообақта нелер өмір сүреді?»
1.Қораға түсіп, иттерді шулататын ол қандай аң екен?
-Дұрыс, балалар, бұл – түлкі.
Ол жыртқыш аң.
-Ал түсі қандай?
Оның баласын түлкішек - деп атайды.
-Балалар қараңдаршы, қандай әдемі!
Түлкінің денесі неге ұқсайды?
Түлкінің терісі бағалы. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ»деп атайды.
Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді.
Балалар,осы түлкінің қасында сендерге арналған тапсырма бар екен.
I тапсырма: «Ойлан тап». Жұмбақ айту.
1. Өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу.
2. Сұр түсті
Ақсиған көп тісті.
3. Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады.
-Өте жақсы, біз түлкі жайлы білдік, оның берген тапсырмасын орындадық.
-Енді, балалар мен сендерге екінші торды ашу үшін викториналық сұрақты қоямын.
2. Денесінде жолағы бар, өзі мысыққа ұқсайды.
Ол қандай аң екен?
-Дұрыс, балалар жолбарыс.
-Ал оның баласын - сарымақ дейміз.
-Жолбарыс неге ұқсайды екен?
Жолбарыста өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі.
Оның түсі қандай екен?
Жолбарыстың құйрығы қандай?
Құлағы ше?
Оның қорегі: жануарлар мен аңдар екен.
-Ал, оның да қасында сендерге арналған тапсырмасы бар екен.
II тапсырма: Балалардың тақпақтарын тыңдағым келеді .
-Өте жақсы балалар біз II-ші тапсырманыда орындадық.
-Ал,енді үшінші торды ашу үшін викториналық сұрақты қоямын.
3. Таңқурай көп жейді, өзі маймақ, қоп – қоңыр.
Бұл қандай аң?
Ол да жыртқыш аң.
-Ал түсі қандай екен?
Оның баласын - қонжық дейміз.
-Аю икемсіз жыртқыш аң.
Оның қорегі: судан балық аулап, жидек теріп және пайдалы шөптерді жейді.
Аюдың терісі, еті бағалы емдік қасиеті бар.
Олардың денелері қандай?
Аяқтары ше?
Бастары үлкен, көздері кіші, дөңгелек болады.
Олар денелеріне жаз бойы май жинап, қыста ұйқыға кетеді.
Балалар аюдың да тапсырмасы бар екен.
IIIтапсырма: Сергіту сәті.
Ормандағы аю, қонжық
Ұялардан бал іздейді
Мойындарын солға бұрып
Мойындарын оңға бұрып
Орман ішін аралайды.
Оңға бір, солға бір
Ағаштарды шайқап көріп
Аяқтарын көтеріп ап,
Қуанғаннан билей берді
Оңға да, солға да.
-Өте жақсы, балалар,аюдың да тапсырмасын орындадық.
-Енді, төртінші викториналық сұрақты тындаңдар.
4.Аңдардың патшасы. Үрпиген шашы бар. Ол қандай аң?
-Дұрыс, ол арыстан.
Оның баласын – қаншыр дейміз.
Ол неге ұқсас?
-Ол да мысық тұқымдас, ең ірі, әрі күшті жыртқыш аң.
Арыстанның басы денесіне қарағанда қандай екен?
Арыстанды ертегілерде, аңыздарда не деп айтады?
Ол аңдардың үлкені, мықтасы дегенді білдіреді.
Оның қорегі: жан – жануарлар.
Оныңда сендерге арналған тапсырмасы бар.
IV тапсырма: «Мынау қай аңның дыбысы?»
-Жақсы арыстанның да тапсырмасын орындадық.
-Енді, бесінші викториналық сұрақты тыңдаңдар.
5. Қоянда жеп алып, екіншісіне көз сүзді.
Бұл қандай аң?
Қасқырдың түсі қандай?
Оның баласын - бөлтірік дейміз.
Ол да жыртқыш аң.
Оның қорегі: ет.
Оның да сендерге арналған тапсырмасы бар.
V тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастырып, қасқыр, қоян,арыстан,түлкі сөздерін буынға бөліп айтады.
Балалар, бұл аңдар ертегілерде, мультфильімдерде мейірімді, қайырымды болып келеді.
Бірақ, бұл аңдар бір сөзбен айтқанда – жабайы жыртқаш аңдар.
-Ал,енді, балалар саяхатымыз аяқталды, балалабақшаға кететін уақытымыз болды. Өлең жолын айтып, балалабақшаға қайтайық.
Балалар енді тобымызға да келдік.
-Енді, ойын ойнайық.
Д/о: «Не жейді?, қайсысының баласы?»
Ш: Балаларға доп лақтыру арқылы сұрақтар қою.
1. Аюдың баласы?
2. Аю не жейді?
3. Қасқыр не жейді?
4. Қасқырдың баласы?
Біз бүгін қайда бардық?
Сендерге ұнады ма?
Сендерге көп-көп рахмет!
Сыйлықшалар тарату. Балалар орындарынан тұрып, қол ұстасып шаттық шеңберін орындайды
Балалар өлең жолын тыңдайды.
Табиғат жайлы.
Орманда, хайуанаттар бағында болады.
Онда аю, түлкі, қасқыр, қоян мекен етеді.
Олар торда тұрады.
-Өйткені олар жыртқыш, жабайы аңдар.
Хайуанаттыр бағына барамыз.
Балалар билетті алады.
Алақанды соқ – соқ,
Аяғымыз топ – топ
Көзді ашып жұмамыз
Хайуанаттар бағына тап боламыз.
Түлкі.
Қызыл-сары.
Түлкі итке ұқсайды.
Балалардың жауабы.
Түлкі.
Қасқыр.
Аю.
Жолбарыс.
Мысыққа ұқсайды.
Сары және қара жолақтары бар.
Ұзын.
Дөңгелек болып келеді.
Балалар тақпақтарын айтады.
Аю.
Қоңыр.
Үлкен.
Күшті.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Арыстан.
Мысыққа.
Үлкен.
Аң патшасы деп айтады.
Балалар үнтаспадағы дыбыстарды естіп, қай аңның дыбысы екенін айтады.
Қасқыр.
Сұр түсті.
Берілген тапсырманы орындайды.
Алақанды соқ – соқ,
Аяғымыз топ – топ
Көзді ашып жұмамыз
Тобымызға қайтамыз.
Қонжық.
Бал, балық.
Мал жейді.
Бөлтірік.
Хайуанаттар бағына.
Иә, бізге ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы аңдар туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді: Берілген сұрақтарға жауап беру.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: жабайы аңдардың тіршілік ету мекенін білді.