Ересек тобына арнал?ан технологиялы? карта Балаба?ша


Ересектер тобына арналған оқу жұмыстарын
ұйымдастырудың технологиялық картасыБілім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тіліТақырыбы: «Балабақша»
Мақсаты: Балаларды қоршаған орта заттарымен таныстыру; сұрақты дұрыс қабылдауға, қойылған талаптарды орындауға үйрету. «Қ», «ұ», «ы» дыбыстарының айтылуын үйрету.
Сөздік қоры: балабақша, балалар, қыздар, ұлдар, отыр, тұр, топ, терезе, есік, кілем, қабат, асхана, әдемі, ұнайды.

Тәсілдер
кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Балалармен сәлемдесу.
Ойын «Әдепті сөздер»
Мұғалімнің қолында жұмсақ кішкентай жастық пен қатты жастық.Ол балалардың бетін жастықтармен сыйпап шығады.
Сол сияқты сөздерде.
Қандай әдепті сөздер бар?
Тәрбиеші қазақша балабақша туралы сөздерді үйренгісі келеді. Бірге үйретеміз бе?
- Сәлеметсіз бе!

Балалар, жұмсақ жастық сыйпады, ал қаттысы тырнады деген ойға келеді.
Жаман сөздер тырнайды адамның жүрегін, ал әдепті сөздер сыйпайды.
Сәлеметсіз бе! Рахмет! Сау болыңыз! Қал қалай? тамаша, Қайырлы күн!
Балалардың қызығушылықпен
қарайды.
Іздену - ұйымдастырушы Тәрбиешіге танысуды үйрету.
«Алтын микрофон» ойыны.
Сенің атың кім?
Менің атым ... .
Сіздің атыңыз кім?
Сенің тегің кім?
«Топтың ішінде саяхат»
Балаларға , заттарға көрсетіп сұрақ қояды. Заттармен таныстырады. Сендер қайда келдіңдер? Балабақша қандай? Балабақшада кім бар?
Ойын «Бұл кім?»
Балабақшада не бар екенін
көрсетіп атайды.
Сергіту сәті:
Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік.
Бақшаға жақын келдік,
Армысың, балабақша,
Біз саған оқуға келдік.
Тілдік жаттығулар:(сурет арқылы)
«Қ» Қ-қ-қ - қыздар, құстар, балабақша
«Ұ» Ұ-ұ-ұ – ұлдар, ұя, жұлдыз
«Ы» Ы-ы-ы – ыдыс, ырым, орыс-Мама ласкает своего сыночка и говорит: - Ұлым, ұлым, құлыным.
А дочку ласкает: қызым, қызым, қошақаным.
Ал енді Елена Евгеньевна бізбен бірге тақпақ жаттайық.
Тақпақ жаттау:
Балабақша есігінҮшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз. Бір- біріне сұрақ қойып , микрофонмен жауап береді. Менің атым ... .
Менің атым Елена Евгеньевна.
Менің тегім ... .
Балалар тәрбиешілерімен жүріп, мұғалімді мұқият тындап, қайталайды, сұрақтарға жауап береді.
Мен балабақшаға барамын.
Екі қабатты. Балабақша таза, үлкен. Балабақшада балалар бар. Мынау ұлдар.Мынау қыздар.
Қыздар десе, шапалақтайды, ұлдар десе тыпылдатадыКөріп, ұстап заттарды қайталайды.
Балабақшада терезе, есік, кілем, үстел, орындық, теледидар, ойыншықтар бар.
Сөзін қайталап, қимылдарын жасайды.
Дыбыстарды айтуға жаттығады.
Хормен қайталау, жеке.
Балалар қайталайды.
Балалар мұғалімнің соңынан қайталайды.
Рефлексивті - коррекциялаушыТәрбиеші балаларға ризашылығын білдіреді.
Ойын «Сиқырлы сандық» Балалар, «сиқырлы сандыққа» айтып, үйренген сөздерін салады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады : балабақшада кездесетін сөздерді, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту.
Түсінеді : қысқаша сөйлем құрастыру, сұрақты түсініп дұрыс жауап беру.
Қолданады: осы білімдерді есінде сақтап, әңгімеде, жай сөйлегенде қолдану.