орта??ы топтар?а арнал?ан перспективті жоспар
Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің тақырыптық жоспары
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Барлығы: 18- сағат
№ Тақырыбы Мақсаты Білім беру саласы Пайдаланылатын құрал -жабдықтар мен көрнекіліктер Сағат саны Өтілетін мерзімі Ескертулер
1 Үй жиһаздары үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету. Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ үй жиһаздарының макеті, суреттер, жұмыс дәптері, қайшы, желім, фломастер, ойыншық жиһаздар, сіріңке қораптары.
1 2. Ыдыс-аяқ. ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын (шайдың ыдыстары: фарфордан, шыныдан жасалатындары, түсі, көлемі, материалы, т.б.), күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету. Оларды сақтау ережелерімен таныстыру. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнату.
Ойын сабақ ойыншық тышқан доп, балалардың суреттері 1 3. Электротехникалық тұрмыстың заттар.
тұрмыста кеңінен қолданатын электротехникалық заттар тоңазытқыш және шаңсорғыш туралы білімін кеңейту. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту. Сыпайылық дағдыларын қалыптастыру. Заттарға ұқыпты, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Аралас сабақ электротехникалық заттардың суреттері, мазмұнды рөлді ойынға арналған шаңсорғыш пен тоңазытқыш және суреттер.
жұмыс дәптері, қарындаш, бірнеше бөлікке бөлінген электротехникалық заттардың суреттері, ыдыс-аяқ, жиһаз т.б. тұрмысқа қажетті заттардың суреттері. 1 4. Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин, мандарин, лимон) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Өмір сүруге қажетті дағдыларды қалыптастыру. Тұрмысқа қажетті заттарды (пышақ, шанышқы) қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу. Қарапайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу.
Жаңа сабақ сиқырлы қорапша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) күннің суреті, салат жасауға арналған туралған көкөністер мен жемістер, йогурт, түз, ас көк, екі үлкен ыдыс т.б.
5. Балабақша бөлмесі.
балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттерді салыстыруға үйрету. Балабақша бөлмесінде, аулада еркін бағыт-бағдар жасау, топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдану іскерліктерін жетілдіру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Саяхат сабақ балабақшаның ауласы және бөлмелері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, әр балаға арналған мазмұнды суреттер, құрастыруға арналған бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындылары (пеш, музыкалық аспап, дәрігер халаты т.б).
1 6. Асхана құралдары.
тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс-аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ ойыншық ыдыс-аяқтардың түрлері (шай, тамақ ішетін, тамақ пісіретін, т.б. ыдыстар, құралдар), жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
1 7. Ойыншықтар.
өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны), әңгімелеп айтып беруге үйрету. Балалардың мінез- құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу. Ойын сабақ әртүрлі материалдан жасалған ойыншық түрлері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрастыруға арналған материалдар.
1 8. Менің елім - Қазақстан.
Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Біріккен сабақ жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, газет-журналдардағы кішкентай сурет қиындылары мен шарлар, жалаушалардың қиылған суреті, қайшы, желім.
1 9. Қыстық киімдер. қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге үйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ қуыршаққа арналған қыстық киімнің түрлері қыстық киім түрлерінен слайд, суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, мата қиындылары.
1 10. Көлік түрлері. өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып айтып беруге үйрету. Әртүрлі көлік құралдарының түрлі мамандық иелері туралы білімін кеңейту. Олардың еңбегін бағалауға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Аралас сабақ көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, қағаздан жасалған кеме, су құйылған көлемді ыдыс, пенопласт.
1 11. Жүк көлігі. түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерімен таныстыра отырып, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын атап айтып беруге үйрету. Көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатыны туралы түсінігін кеңейту. Адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Аралас сабақ көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрылыс материалдары, өздерінің жеке жұмыс жүргізуіне арналған машина түрлері. 1 12. Жолда жүру ережесін сақтайық. бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Жаңа сабақ телефон, дәрігерлік көмек көрсету пунктінің, автобус аялдамасының белгілері, үйлердің макеті, бағдаршам.
1 13. Наурыз - көктем мерекесі. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының жаңа жылы екендігін түсіндіру. Наурыз көже, ұлттық ойын түрлері, т.б. туралы айту. Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ қазақтың салт-дәстүрі бейнеленген және ұлттық тағам түрлерінің суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, желім, ватман.
1 14. Қазақтың ұлттық киімдері.
ұлттық киім түрлерімен таныстыру. Олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге, әңгімелеп беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Аралас сабақ ұлттық киім киген қуыршақтыр, суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
1 15. Ақпараттың құралдар. теледидар, радио, телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы түсініктерін кеңейту, теледидар, радио, телефон, компьютер, суреттер, кітаптар мен газет-журналдар.
Әңгіме сабақ теледидар, радио, телефон, компьютер, суреттер, кітаптар мен газет-журналдар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, ермексаз.
1 16. Достық мерекесі. Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралы түсінік беру. Елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ 3-4 ұлттың ұлттық киімін киген қуыршақтар, тағам түрлері бейнеленген суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үнтаспа, ақ қағаз, арнайы саусақпен сурет салуға арналған бояулар, ватман, ұлттық киім киген балалардың суреттері.
1 17. Ел қорғауға әзірміз. еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер туралы түсінік беру. Өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жаңа сабақ әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үнтаспа.
1 18. Мен тұратын қала (ауыл). Өз мекенжайы мен тұрғылықты қаласының (ауылының) атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуге үйрету. Өз мекеніне, қаласына (ауылына) деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Саяхат сабақ өзінің тұратын қаласы немесе ауылы, ондағы мәдени орындары туралы бейнетаспа, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
1 Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің тақырыптық жоспары
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Барлығы: 9- сағат
№ Тақырыбы Мақсаты Білім беру саласы Пайдаланылатын құрал -жабдықтар мен көрнекіліктер Сағат саны Өтілетін мерзімі Ескертулер
1. Адам - тіршілік иесі.
Өзінің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып, адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету. Барлық адамдардың ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бірдей екендігін, адамның өсуі және дамуы үшін қажетті шарттар (су, жарық, ауа, тамақ, жылу, қозғалыс пен демалыс, күтім керек) туралы түсінік беру. Ортақ тақырыптан тыс сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.Балалардың таным белсенділігін дамыту.Адамдардың барлығына құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ слайд, сырт келбеті ұқсамайтын екі баланың суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, адамның бейнесі салынып, аяқталмаған сурет (әр балаға).
1 2. Адамның
баспанасы Адамдардың баспаналары (киіз үй, көпқабатты үй, пәтер) олардың айырмашылықтарымен таныстыру. Ересектердің еңбегі туралы түсінік беру. Әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылау. Әңгіме сабақ киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері, жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
1 3. Өзім туралы білгім келеді.
өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ т.б.), олардың атқаратын қызметі туралы түсініп, айтып беруге үйрету. Өзіне деген сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ : «Менің көңіл күйім» тақырыбына (қуанып, ашуланып, ренжіп тұрған балалардың әрекеті) түсірілген бейнефильм немесе суретті слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрастыруға арналған қағаздан қиылған дене мүшелерінің бөліктері, сырты матамен қапталып, әртүрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар, қарағай бүрі т.б. әр балаға ішіне су құйылған және құм, күріш, бұршақ, үн, тары т.б. дәнді-дақылдар салынған үрленбеген шарлар (ойынға арналған). 1 4. Қош келдің, Жаңа жыл! Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту. Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу іскерліктерін жетілдіру. Мерекені өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу. Жаңа сабақ мерекелікфотосуреттер, қардан, пенопластан жасалған аққала мүсіндері.
жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар
1 5. Үй экономикасы. үй экономикасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы бюджеті туралы қарапайым түсінік бере отырып, адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттілігін қанағаттандырудың өзара байланысын түсіндіру. «Тауар», «ақша», «базар» түсініктерін ажыратуға үйрету. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және үнемшіл адамдардың еңбегімен келген ақшаға, табиғат қорына, қоршаған заттарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Әңгіме сабақ жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, мазмұнды рөлді «Дүкен», дидактикалық «Дәмді әрі пайдалы» ойынын ойнау. Отбасы бюджеті туралы әңгіме жүргізу.
.
1 6. Адамдар еңбегінің нәтижесі.
киім, аяқкиім, жиһаз, ойыншықтардың адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігі туралы түсініктерін кеңейту; Ересектердің еңбегін ойын әрекеттерінде қолдануға үйрету. Түрлі материалдармен, олардың қасиеттерімен және сапасымен таныстыруды жалғастыра отырып, сұрақтарға ойланып жауап беру дағдыларын дамыту. Адамдар еңбегін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Әңгіме сабақ киім, аяқкиім тігіп жатқан, жиһаз, үтік, т.б. заттар жасап жатқан адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін мазмұнды суреттер және көмірмен қызатын үтіктің, қолмен кір жуып жатқан адамның суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, ермексаз
1 7. Менің отбасым. балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, қызметтері мен қарым-қатынастары туралы әңгімелеуге; әңгімелесу барысында (амандасу, қоштасу, алғыс айту) әдептілік қарым- қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру. Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. Әңгіме сабақ сабақ отбасы мүшелерінің дауысы жазылған үнтаспа, жұмыс дәптері, қуыршақтар.
1 8. Бутерброд жасап үйренеміз.
бутерброд жасауға үйрету. Баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту. Еңбектің қарапайым дағдыларын меңгерту. Өзінің және құрдасының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Зерттеу жасауға қызығушылығын тудыру.
Біріккен сабақ нан, бірнеше болікке бөлінген және дөңгелектене кесілген көкөністер, ірімшік, жұмыртқа, бала санына жететіндей май жағуға арналған ұшы жоқ доғал басты, ирек тістері бар пластмасса пышақтар, батон нан, май, алжапқыш, басқа тағатын орамал, қол сүртуге арналған сүлгі.
1 9. Өмір қауіпсіздігі. өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайға кез бола қалған жағдайда өзін ұстай білуге үйрету. Қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылыққа, ептілікке, қырағылыққа тәрбиелеу. Әңгіме сабақ қауіпті жағдай тудыратын заттар мен құбылыстар бейнеленген суреттер,
жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, доп, ермексаз. 1