К?не т?ркі жазбалар тіліні? ?азіргі ?аза? тілімен ??састы?ы
Тіркелу кестесі.
Облыс, аудан, қала, ауыл атауы ШҚО, Бородулиха ауданы, Жезкент кенті
Білім беру мекемесінің атауы «Жезкен орта мектебі» КММ
Байқау мен номинацияның атуы «Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны»
Білім алушылар үшін:
қатысушының тегі, аты-жөні жас ерекшелігі;
Жетекшісінің аты жөні, жұмыс орны, лауазымы; Мұратова Анар,
15 жас
Рахимбаев Ернар Қайырлыұлы, «Жезкент орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Телфоны, ұялы, e-mail 87781722741, rakhmbaev@mail.ru
3х4 фотосы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БОРОДУЛИХА АУДАНЫ
«ЖЕЗКЕНТ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Бағыты: Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны.
Жоба тақырыбы: «Көне түркі жазбалары тілінің қазіргі қазақ тілімен ұқсастығы»
Орындаған:
Мұратова Анар
9 сынып оқушысы
Жетекшісі:
Рахимбаев Ернар Қайырлыұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бородулиха ауданы 2016 жыл
Абстракт
Ғылыми жұмыстың мақсаты:Өзіміздің ұлттық құндылығымызды санамызда қайта жаңғыртып, бабаларымыз бен бүгінгі ұрпақтың болмыстық-бірлігін ашу және төл алфавитімізге көшудің алғышарттарын қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі:Көне түркі алфавиті біздің төлтума алфавитіміз. 80-жылдарда Батыс социологтары ХХІ ғасырдың соңында шамамен 7-8 дербес ұлттар қалады. Ол ұлттар дербес тілі, дербес жазуы бар және сақтап дамыта алған ұлттар деп болжам жасаған екен. Уақыт өткен сайын жаһандану тым қатты қарқын алып келеді. Яғни Жаһандану заманында дербес ұлт боп қалудың басты шарты дербес тілі, дербес жазуы, таңбасы болуы. Болашақты ойласақ, қазір Қазақстан өте қарқынды дамып келеді. Қазір алыңғы 50 елдің қатарында. Ғасырды асар әдебиеті, өнері, мәдениеті болмаса ұлт ешқашан ұлы болып саналмайды. Экономикалық тұрғыдан азулы, айбынды мемлекеттің әлем мәдениетіндегі орнын тек қана өзінің төл мәдениеті ғана анықтап бере алады.
Ғылыми жұмыстың әдістері: Көне түркі жазбарындағы сөздерге қазақ тіл білімінің заңдылықтары негізінде сөзжасамдық, этимологиялық талдау жүргізу және салыстыру әдісімен ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ тілімен болмыстық-бірлігін, ұқсастығын, үндестігін ашу.
Нәтиженің ғылыми және тәжіибелік құндылығы: ғылыми жұмыста көрсетілген, жазылған жайттар тіл білімі саласында маңызды орын алады. Тамыры тереңде жатқан төл мәдениетімізден қазіргі қазақ тіл біліміне қажетті сөздер, атап айтсақ, әскери терминология, қоғамдық құбылысқа қатысты атауларды алып, бүгінде ақсап жатқан терминология сөздігін толықтыруга біршама мүмкіндіктер береді. Көне түркі тілінің алфавитіне көшу(қазіргі қазақ тіліне лайықтап) қажеттілігін толық негіздеп, осы тұрғыдан, ягни, жаңа алфавитке көшу мәселесінде алғашқы қадамдардың бірі болып саналады.
Ғылыми жобаның нысаны: Ғұбайдолла Айдаровтың ««Орхон ескерткіштерінің тексті» атты еңбегі.
Жобаның жаңалығы: Сәйкестірмелі-салыстырмалы талдаманың нәтижесіне сүйене отырып, көне түркң жазбалары тілінің қазіргі қазақ тілімен ұқсастығы жайында тұжырымды қорытындылар жасалған.
Мазмұны.
І. Кіріспе бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім.
Көне түркі жазбаларының қазіргі қазақ тілімен мағыналық ұқсастықтары
1.1.) лексикалық сөздік қорды құрауға негіз болатын атауларды қазіргі қазақ тілімен салыстыру
1.2) Көне түркі жазбалары тілін лексика салалары этимология, семасиолгия, полисемия тұрғысынан қарастыру.
Көне түркі жазбалары тілінің қазіргі қазақ тілімен ұқсастығының грамматикалық қарлары
2.1) Көне түркі жазбалар тіліндегі негізгі сөздердің қызметі мен қолдану ерекшелігі
2.2) Көне түркі жазбалар тіліндегі көмекші сөздердің қызметі мен қолдану ерекшеліктері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе бөлім:
Дүниеде көптеген ұлттар тіл, жазу мәселесіне көп көңіл бөліп отыр. Мәселен Қытайда латын әрпіне көшу, көшпеу мәселесін талқылағанда ұлттық болмысты жоғалтпаудың басты кепілі тіл деп танып – қытайдың таңбалы жазуын сақтап қалуды шешкен. Еврей халқы әлдеқашан құрып кеткен көне еврей тілін тірілтуге жан салуда. Сол сияқты бізге де өз ұлтының бірегей құндылықтарын қайта жандандыру қажеттігі күн санап дәлелденіп келеді.
Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген Орхон - Енисей жазбалары тек түркі жүрттарының ғана емес әлем мәдениетінде, ғылымында зор маңызы бар дүние. Бүкіл түркі жұрттарына ортақ дүние көне түркіжазбаларының тілі сан ғасырлардан бері жиналып жинақталып келген, қалыптасқан тіл. Қалыптасқан тіл болғаннан кейін оның өзіндік лексикалық, және грамматикалық қолданыс заңдылықтары бар. Сол заңдылықтардың қазақ тілімен қаншалықты үндесетіндігін зерделеу бүгінгі заман қажеттілігі. Жаһандану заманында ұлттың ұлттығын сақтап қалатын дүние - ұлттың төл мәдениеті.
Көне түркі жазбаларын қазақтың төл мәдениеті деп тану үшін ескерткіштер тілімен қазақ тілінің арасындағы ұқсастықты зерттеу, ашу қажет. Оны ашып шығу үшін көне түркі жазбалары тілінің қазақ тілімен үндестігін лексикалық (мағыналық) жэне грамматикалық (морфологиялық) тұрғыдан қарастырған жөн деп санаймын. Мағыналық ұқсастықтарымен қатар, грамматикалық (түбір, жұрнақтар мен жалғаулардың жалғануы) қолданыс ерекшеліктерінің ұқсастықтарын ашу қазақ тілінің терең тамырдан тарап, тілдің одан әрі дамуына негіз болады. Жалпы, ғалымдардың піқірінше (Радлов пен Мелиоранский) түркі тілдеріінтінде ең тазасы - қазақ тілі. ¥лттың бүкіл болмысы тіл арқылы корініс береді. Тамыры тереңде жатқан тілдің кәусарын бүгінгі замандағы қазақ тілінің бойына сіңіру - уақыт сұранысы.
1.Көне түркі жазбаларының қазақ тілімен мағыналык үндестігі:
1.1.) лексикалық сөздік қорды құрауға негіз болатын атауларды қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Орхон-Енисей жазба нұсқалары тілінің ерте заманнан тарихи даму барысында жасалып, қалыптасқан сөздік құрамы бар. Ол бірнеше қат- қабаттардан құралады. Солардың ішіндс ең негізгі арналардың бірі ерте кезден бері өмір сүріп келе жатқан түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер болып есептеледі. Ескерткіштердегі көп сөздердің сөздердің қазіргі түркі тілдерінде кездесетіндігі, ұқсастығы тек кездейсоқ құбылыс емес, ол тайпалармен халықтардың генетикалық тұрғыдан тығыз байланысты болуының нәтижесі. Ескерткіштер тілін қолданған ру, тайпа және халықтардың тілі қазіргі түркі тілдерімен (соның ішінде қазақ тілімен) туыстығын көрсететін дерек болып табылады. Енді көне түркі жазбаларында кездесетін туыстық атаудың, дене мүшелеріне байланысты сөздерді, табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді, уақыт пен мерзімді білдіретін сөздерді, яғни, сол заман ағымының таным-түсінігін, қарым- қатынасындағы қолданған сөздердің қазіргі қазақ тіліне қаншалықты жақын екендігін зерделедім.
Туыстықты білдіретін сөздер.
Апа - апа, эже
Еке - әке.
Йегін - жиен.
Іні — іні.
Келін - келін.
Қатун - қатын. (құрметті кісілердің әйелі)
Қыз - қыз.
Огүл - үл.
Өг - өгей.
Сіңлі - сіңлі. Бұл туыстық атаулардың көпшілігі қазіргі кезде дыбыстық өзгерістерге ұшырап қолданылып жүргенін байқаймыз. Ал кейбір туыстық атаулар сол күйінде қалып, қолданылып жүргенін көреміз.
Дене мүшелеріне байланысты сөздер:
Адақ, адағ - аяқ. (Түрк будун адақ каматндты - түркі халқының аяғы шаршады).
Баш, бас - бас. (Ыдуқ балда сүңүсдшіз - қасиетті биіктің басында соғыстық).
Көңүл - жүрек. Қазақ тілінде «көңіліне қаяу түсті» деген тіркесті «жүрегіне қаяу түсті» деп те қолдана береді. Жаазбалардағы көңіл үғымы адамның сезіміне байланысты қолданылады. Мысалы, «Көңілі қалды», «көңілі судай тасыды» тұрақты сөз тіркестері. Сезім тек жүректен шығады. Соған қарағанда «жүрек» сөзінің бастапқы мағынасы ' көңіл болса керек деген тұжырым шығады. (Көңілте сығыт келсер - жүрекк қат келсе).
Көз - көз. Көрір көзүм көрместер болты ер көзім көрместей болды.
Сүңүк - сүйек. Сүңүкүң тағма йадти - сү таудай үйлілді.
Тіз - тізе. Тізлігіг секүртім - тізесін бүк м.
Табигат күбылыстарына байланысты с у
Иер, йір - жер. Иір Байырқу йіріне те чедім - Байырқы жеріне дейін соғыстым.
Суб - су
Тағ - тау. Сүңүкүң тағма йадти - сүйегі й үйілді.
От - от. Түргіс қаған сүсі отча, борача к Түргеш қаған оттай, борандай болып келді.
Чөл - шөл дала, қу медиен. Бөклі чөлліг - Бокілі шөл елі.
Уақыт және мерзімді білдіретін сөздер
Ай- ай. Тоқузунч ай йеті отузқа йог ері ліз - тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік.
Иаз - жаз. Оғузғару йазын сү ташықцыЖазда әскермен оғызға қарсы шықтық.
Қыш - қыс. Мағы қорған қышлап, йазык зғару сүт ташықдымыз. - Мағы қорған қыстап, жазда оғызға қарай жиналдық
Иыл - жыл. Қой йылқа - қой жылға.
Күнтүз - күндіз. Күнтүз олурматы – күндіз отырмады.
Казба байлық атаулары:
Алтун - алтын.
Күмүс, күмүш - күміс.
Темір - темір. Темір қапығқа тегі сүледім - Темір қақпаға дейін соғыстым. Мал мен құсқа байланысты сөздер:
Адғыр - айғыр. Ақ адғырығ - ақ айғыр.
Азман - азбан. Күлтегін азман бініп, оплайу тегді - Күлтегін азбанға мініп, шабуылға шықты.
Барс - барыс.
Абстрактылы атаулар.
Буң - мұң, қайғы, Буңсыз анча бірүр - қайғысыз сонша берер.
Булғанч - былғаныш.
Күч - күш. Табғач қағанқа керміс, еліг йыл ісіг-кучіг берміс - Табғаш қағанға бағынып, елу жыл күш-қуатымызды жұмсадық.
Күт - бақыт, қүт. Қутына інім Күлтегін ер ат болты - Бақытына қарай інім Күлтегін батыр (ер) атанды.
Теңрі - Тэңірі, аспан, көк. Тэңірі йарылқадуқ үчүн - тэңірі жарылқағаны үшін.
Сөз - сөз. Інім Күнтегін бірле сөзлешдіміз - інім Күлтегінмен сөйлестік. Согыс ісіне байланысты туган атаулар:
Йағы - жау. Будунығ йағысыз қылтым - Халықты жаусыз қылдым.
Буйурқ - бұйрық. Иырайа таркат буйурук - Терістікте тарқан бұйрығы. Сүңүс, сүңүш - соғыс. Улуғ сүнүш - ¥лы соғыс.
Сүңүг - сүңгі (найза). Сүңүг батымы қарығ сөкіпен - Сүңгі батымы қар аршыдық.
Оқ - оқ. Оқсыз - Оқсыз.
Қогамдық кұрылысқа қатысты атаулар:
Ел, Іл - ел, мемлекет. Ілліг будун ертім, ілім емті қаны? Кімке іліг қазғанурмен? - Елді халы едім, елім енді қайда? Кімге қызмет қыламын?
Бай - бай. Чығай будунығ бай қылтым - Жарлы халықты бай қылдым.
Бег - беглер. Түрк беглері - Түрік бектері.
Біліг - білік. Кісре анығ біліг - Сосын ауыз білік.
Иурт - жүрт. Өлүгі йуртда, йолта йату қалтачы ертегіз - Өлігі жұртта, жолда қалып жатты.
Қаған - қаған, хан. Табғач қағанқа көрміс - Табғаш қағанға бағынды.
Қул - құл. Табғач будунғқа бөглік уры оғлы қултым - Табғаш халқына тұқым болған ұлың құл болды.
Күң - күң. Сілік қызың күң болты - Сұлу (сүліктей) қызың күң болды.
Түр-түсті, сын-сапаны білдіретін сөздер:
Ақ - ақ. Ақ атын бініп оплайу тегді - Ақ айғырды мініп тиді.
Боз - Боз. Боз атығ бініп тегді - Бқз атын мініп тиді.
Йашыл - жасыл. Ілгерү Йашыл үгүз тегі сүледіміз - Ілгері Жасыл дарияға дейін соғыстық.
Көк - көк. Көк теңрі - Көк тэңірі. Көк түркі - Көк түркі.
Қара - қара. Анта кісре қара түргіс будун йағы болмыс - Содан соң қара түргеш халқы жау болды.
Торығ - торы. Торығ ат бініп тегді - Торы атты мініп тиді.
Кічіг - кіші. Түпүтке кічіг төгмедім. Тибетке кішкене жетпедім.
Улуғ - ұлық, үлкен. Улуғ Іркін йағы болты - ¥лық (үлкен) Іркен жау болды.
Йалаң - жалаң, аш. Йалаңын йана келті. Жалаңаштар жэне келді.
Тіріг - тірі. Өлтечі будунығ тірігрү ігітім - Өлмеші халықты тіршілікке жеткіздім.
Тоқ - тоқ. Түрк будун тоқ - Түркі халқы тоқ.
Туруқ - тұрақ, арық. Біздің сү аты турук - Біздің әскеріміздің аты арық- тұрақ.
Қозгалысты, қимыл-әрекетті білдіретін сөздер.
Йүгүр - жүгір. Қаның субча йүгүрті - Қаның суша жүгірді.
Бол - бол. Теңріде болмыс - тэңіріде болған.
Йат - жат. Сүнүкүн тағча йадты - Сүйегі таудай болып жатты.
Ет, іт - ет, істе, қыл. Ітті берміс - ете берді, істеді.
Бар - бар. Уча барды - ¥ша барды.
Кеч - өт, кеш, кешіп өт. Иінчү үгүз кече - Сырдария өзенін кешіп өттім.
Кел - кел. Аз, қырқ аз будунығ йаратып келтіміз - Аз, қырық аз халқын дұрыстап келеміз.
Бін - мін. Атығ бініп тегді - Атқа мініп тиді.
Есід - есіт. Кү есідіп - Дыбыс (хабар) есітіп.
Біл - біл. Білмедүк үчүн - білмеген үшін.
Көр - көр. Он оқ будуны емгек көрті - Он оқ халқы бейнет көрді.
Аз - аз, көп емес. Аз будунығ үкүш қылтым - Аз халықты көп қылдым.
Йана - және. Йана келті - Жэне келді.
Түгүл - түгіл. Бірійе чуғай түгіл - Терістіктегі Шығай түгіл.
Әр түлі саладағы бұл атау сөздердің аздаған дыбыстық өзгеріске ұшыраганы болмаса, қазақ тіліне тым жақын екенін көреміз. Тіпті кейбірі қазақ тілінде сол қалпы қолданылып жүр. Мәселен, аз, тоқ, көк, ақ, көр,біл, боз, ат, т.б. сөздер толып жатыр
1.2) Көне түркі жазбалары тілін лексика салалары этимология, семасиолгия, полисемия тұрғысынан қарастыру.
Белгілі бір тілдің бүкіл сөз байлығы оның лексикасы деп аталады. Орхон- Енисей жазбаларының өздеріне сай бай лексикасы бар. Ол қалай болса, солай сөз жиынтықтарынан құрала салган емес, оның әлденеше замандар бойына жинақталып,қалыптасуының, толыгып, баюының өзіндік ерекше заңдары мен тәсілдері бар. Тілдің байлыгын негізгі көрсеткіштері; омоним, синоним, антонимдер.
Енді жазбалардагы қазақ тіліне ең жақын омонимдерді алып қарастырсақ.
Аз - а) көп емес э) азу, тозу, құру (Аз будунығ үкүш қылтым - аз халықты көп еттім. Білге қағанта... азмалым - Білге қаганнан азбайық)
Ат - а) көлік, ә) етістік, б) адам аты.
Йаз - а) уақыт, мерзім (жаз мезгілі) ә) жазықты, кінэлі болу.
Иаш - а) адамның өмір сүрген жасы ә) көз жасы Йүз - а) сан есім (жүз) э) етістік (жүзу, малту)
Ескерткіштерде дыбысталуы эр түрлі,магыналары бір-біріне жақын сөздер кездеседі. Сол синонимдердің қазақ тіліне жақын деген бірқатар синоним сөздерден мысал келтірдік:
Алп, ер - алып, батыр.
Едгү, йіг - жақсы, игі
Саб, сөз - сөз
Үкүш, көп - қыруар, мол, көп Қыл, іт - қыл, істе
Ескерткіштер тілінде төмендегідей антонимдер кездеседі. Сол антоним сөздердің көпшілігі қазақ тіліне тым жақындыгы бар.
Бай - чығай. Бай - кедей.
Күн - түн. Күн - түн.
Сын есімнен жасалган антонимдер:
Қатты - йымчақ. Қатты - жүмса
Улуг - кічіг. Үлық - кішік.
Ач - тоқ. Аш - тоқ.
Ақ - қара. Ақ - қара.
Етістіктен жасалган антонимдер:
Ал - бер. Ал - бер.
Бін - түш. Мін - түс.
Йат - олур.Жат - отыр.
Уч - қон.¥ш - қон.
Үстеуден жасалган антонимдер:
Ілгерү - керү.Ілгері - кері.
Ічре - ташра.Іші - тысы.
Көне түркі жазбаларының лексикологиясы қазақ тілінің лексикологясына өте ұқсас. Қазақ тілі - бай тіл. Қазақ тілінің байлығы синонимдік қатарлармен және сөздің көп мағыналылығымен ерекшеленеді. Мәселен, ескерткіштердегі кездесетін сөздердің көп мағыналылығына мэн берейік: көк - түр-түсті, аспанды, шөпті, береке-бірлікті білдіреді. Қон - түнеу, құстың қонуы, қонып шығу. йурт - жұрт, жер, отан, ел бош - бос, қатты емес т.б. Бұл көп мағыналы сөздер қазақ тілінде кеңінен қолданылады. Ойымызды қорытындылай келе, көне түркі жазбаларының қазақ тілімен мағыналық үндестігі мол екендігіне толық негіз бар
2.Көне түркі жазбалары мен қазақ тілі үндестігінің грамматикалық қырлары.
2.1) Көне түркі жазбалар тіліндегі негізгі сөздердің қызметі мен қолдану ерекшелігі.
Әрбір тілдің тарихи дамуына сәйкес сөз жасау, сөз өзгерту, сөйлем жасауда қолданған ерекшеліктері болады. Сол ерекшеліктер негізінде тілдің белгілі бір грамматикалық құрылысы қалыптасып жетіледі. Тілдің грамматикалық құрылысын морфолгия мен синтаксис зерттейді. Көне түркі жазбаларын қазақ тілінің заңдылықтары өлшемімен талдап көрсек. Грамматиканың ең негізгі бір саласы морфология болып саналады. Дүниежүзінде тілдер морфологиялық құрылымы жағынан бірнеше топқа, типке бөлінеді. Түркі тілдері (соның ішінде көне түркі тілдері жэне қазақ тілі) агглютинативті (жалғамалы) тілдер қатарына жатады. Көне түркі жазбаларының тілі жалғамалы тілдер қатарына жатады. Алдымен ескерткіштердегі сөздер қазақ тіліндегідей негізгі және көмекші сөздер болып бөлінеді. Негізгі сөздер қазақ тіліндегі сияқты сөйлем ішінде тұрып та, жеке түрып та толық мағынаға ие бола алады. Мысалы: кісі - кісі, қыз - қыз, қатун - қатын, оғул- ұл, алты - алты, кел - кел. Көмекші сөздер қазақ тіліндегі сияқты сөйлем ішінде тұрып та, жеке тұрып та толық мағынаға ие бола алмайды. Олар негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүше не сөзбен сөзді, сөйлеммен сөйлемді байланыстыру үшін жүмсалады. Мысалы: йеме - және, үчүн - үшін, тегі - дейін, шейін. Тағы бір айтатын жайт, ескерткіштерде қазақ тіліне ұқсас қос сөздердің қолданылуы; иір-суб (жер- су), көзі-қашы (көзі-қасы), іні-иіген (іні-жиен) т.б.
Ескерткіш тілінің лексикалық жэне грамматикалық ерекшеліктеріне талдау жасасақ, ҮІ - ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген түркі тайпалары тілінде сөз таптары мен грамматикалық тұлғалардың дамыған эрі толық қалыптасқан жүйесі болғандығын көреміз. Лексика-семантикалық, морфологиялық мәні мен синтаксистік қарекеті жөнінен жоғарыда атап өткеніміздей екі үлкен топқа - дербес мэні бар сөздер мен көмекші сөздерге бөлінеді. Мұның алгашқысына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік үстеу, ал, соңгысына демеулік жалғаулық шылаулар жатады.
Зат есім. Ескерткіш тілінде белгілі бір затқа, нәрсеге жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды білдіретін атаулар да баршылық. Қазақ тіліндегі сияқты нацты (деректі) жэне абстракты (дерексіз) зат есімдер кездеседі. Мэселен, деректі зат есімдер: кедім - киім, қылыч - қылыш, қой - қой, қапыг - есік, қақпа, йарақ - жарақ, қару. Дерексіз зат есімдер: емгек - еңбек, біліг - білік, буң - мұң, құт - құт.
Ескерткіштер де жалпы жэне жалқы зат есімдер кездеседі. Жалқы есімдерге кісі, мемлекет жэне географиялық атаулар жатады: Күлтегін, Ертіс, Өтүкен, Шантуң т.б. Ал, жалпы есімдерге қой - қой, кедім - киім, будун - халық т.б.
Жақ Жекеше Көпше
I жақ -ым, -ім, -ум, -үм -ымыз, -іміз
II жақ -Ң, -ың, -уң, -үң -ыңыз, -іңіз,
III жақ -ы, -і, -сы, -сі -ы, -і, -сы, -сі
Морфологиялық жағынан зат есімдерге тән қасиет - көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі. Орхон жазба ескерткіштеріндегі зат есімнің көптік жалғауы заттардың біреу емес, көп екендігін білдіреді. Мұнда да қазақ тіліндегідей көптік мағына -лар, -лер, (тек -лар, -лер,) жалғаулары арқылы беріледі. Мысалы, беглер - бектер, екелер - экелер, өглер - өгейлер т.б. тагы да тәуелдік жалғауының көпше түрінің I жағы -мыз, -міз жалғаулары арқылы көптік магына беріледі: Еліміз - еліміз, түркіміз - түркіміз, йагымыз - жауымыз.
Зат есімнің тәуелденуі. Жазба нұсқаларда белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біреуіне меншікті екенін көрсететін грамматикалық тұлғадағы тәуелдік жалғаулар да кездеседі. Ескерткіш тілінде кездесетін тәуелдік жалғаулар:
Жекеше.
жақ. Елім - елім, будуным - халқым, оглым - ұлым
жақ. Елің - елің, будуның - халқың, оглың - ұлың
жақ Елі - елі, будуны - халқы, оглы ұлы Көпше.
Іжақ. Ачаларым - әжелерім, йағымыз - жауымыз
жақ. Алпыңыз - алыбыңыз, қаныңыз - қаныңыз,
жақ. Інілері - інілері, беглері - бектері.
Ескерткіштердегі зат есімдердің тәуелденуімен қазақ тіліндегі зат есімдердің тәуелденуінде ұқсастықтың өте көп екені байқалады.
Зат есімнің септелуі. Орхон жазба нұсқаларында жеті түрлі септік бар. Қазақ тіліндегідей Атау. Ілік. Барыс. Табыс. Жатыс. Шығыс. Көмектес септіктері. Әр септіктің өзіне тэн түлғалары бар.
Атау септіктің арнайы жалғауы болмайды. Мысалы: кісі - кісі, йер, йір
жер, тағ - тау. Тәуелдік немесе көптік жалғаулы сөздер қазақ тіліндегідей атау септікте түра алады.
Ілік септік. Ескерткіште Ілік септік заттың, қимылдың не белгінің біреуге тэн екендігін білдіреді. Ілік септіктегі сөздер -ың, -ің, -ның, -нің, -уң, -үң, -нуң, -нүң жалғаулары арқылы жасалады. Мысалы: бегің, біздің, менің, т.б.
Барыс септік. Барыс септігі төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады -қа, -ке. Мысалы; ташқа - тасқа. Қаганқа - қағанға, қапыгқа - қақпаға, йірке - жерге, кімке - кімге, Түпүтке - Тибетке. Барыс септігінің тәуелдік жалгауына кейінгі жалғануы қазақ тіліне өте ұқсас: йеріңе - жеріңе, қаганыңа
қаганыңа.
:і Табыс септік төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады: -ны, -ні, -ы, -і. Мысалы: аны - оны, буңы - мұңы. Табыс септік қазақ тіліндегідей тәуелдік жалгауынан кейін -ын, -ін, (-ун, -үн) -н жалгауларымен қолданылады: ебін - үйін, барымын - дүниесін, сүсін - әскерін.
Жатыс септік -та, -те, -да, -де жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Тагда - тауда, йірте - жерде, йолта - жолда, ілте - елде
Шыгыс септік -тан, -тен, -дан, -ден, (-тын, -тін ) жалгаулары арқылы жасалады. Шығыс септік өзге септіктерден қараганда сирек кездеседі. йырйадан - солтүстіктен, берійеден - беріден.
Көмектес септік ескерткіште ын, ін, н қосымщаларымен жасалады; қағанын - қағанымен, йалаңын - жалаңашымен. Ескерткіште жеті септіктің болуы, қазақ тіліне көп ұқсастыгы көне түркі жазбалары мен қазақ тілінің үндестігінің бір көрінісі.
Сын есім. Ескерткіштерде заттың сынын, белгісін білдліретін сын есімдер кездеседі. Сын есім магыналық жағынан бірнеше топқа бөлінеді, ал, тұлгасына қарай негізгі (сапалық) жэне туынды (қатыстық) сын есім болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімдер заттың түрі мен түсін, сыны мен сипатын, сапасы мен белгісін білдіреді: Ақ - ақ, қара - қара, боз - боз, көк - көк, йашыл - жасыл, йумчак - жүмсақ, йаш - жас, алп - алып, тоқ - тоқ т.б. Қатыстық сын есімдер қазақ тіліндегідей бір затпен екінші заттың бір-біріне
қатысын, байланысын білдіреді. Есімдерден сын есімдер жасайтын жұрнақтар: -лы, -лі, -сыз, -сіз. Інілі - інілі, ечүлі - ағалы, Бөклі - Бөкілі, буңсыз - мұңсыз, тонсыз - тонсыз, йағысыз - жаусыз, білігсіз - білігсіз т.б. Ескерткіштерде сын есімнің шырай категориясы да бар. Көне түркі жазбаларында жай шырай көп кездеседі: Ақ - ақ, қара - қара, боз - боз, көк - көк, йашыл - жасыл, йумчак - жүмсақ, йаш - жас, алп - алып, тоқ - тоқ т.б. Күлтегін ескерткішінде салыстырмалы шырай кездеспейді, бірақ, Орхон, Енисей ескерткіштерінде кездеседі: -ырақ, -ірек -тег. Мысалы: ақсырақ - ағырақ, қойтег - қойдай, бөрітег - бөрідей, теңірітег - тәңірідей. -тег жұрнағы қазақ тіліндегі -тай, -тей, -дай, -дей орнына жұмсалады. Күшейтпелі шырай ең үстеуі арқылы жасалады. Мысалы: ең ілкі - ең алғашқы.
Сан есім. Алдымен жазбадағы сан есімдер дара жэне күрделі болып екіге бөлінеді. Қазақ тіліндегідей дара сан есімдер бір сөзден түрады: бір, екі, үч - бір, екі, үш. Күрделі сан есімдер сөз тіркестерінен жэне сөздердің қосарлануы арқылы жасалады: йеті йүз - жеті жүз, түрт түмен - төрт түмен (қырық мың), екі-үч бың - екі-үш мың, бір-екі - бір-екі. Ескеркіштер тіліндегі сандардың атаулары қазақ тіліндегі сандардың атауларының айтарлықтай үлкен айырмашылығы жоқ. Мәселен:
Бірліктер:
Бір - бір екі - екі үч-үш, төрт - төрт беш, - бес бес – алты 5-бес- алты,
йеті9 йіті - жеті
тоқуз - тогыз.
Ондықтар:
Он - он
Иігірмі, йегірмі - жиырма Отуз - отыз
Қырқ - қырық Еліг - елу Йетміш - жетпіс Жүздіктер:
Йүз - жүз
Йеті йүз - жеті жүз
Мыңдықтар:
Бың - мың
Түмен - түмен. «Түмен» сөзі қазақ тіліне жат емес. Тарихи романдарда «он- басы», «елубасы», «жүзбасы», «мыңбасы», «түмен басы»(бір түмен - он мың, яғни, он мың әскерді басқаратын қолбасшыны түменбасы деп атайды) әскери лауазым атаулары кеңінен қолданылады. Ескерткіштер тілінде қазақ тіліндегідей реттік сан есімдер кеңінен қолданылады. Реттік сан есімдер -нті, -нч, -ынч, -інч (қазақ тіліндегі -ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтарына сәйкес келеді) жүрнақтары арқылы жасалады:
Реттік сан есімдер:
Екінті - екінші
Үчнч - үшінші
Төртінч - төртінші
Бісінч - бесінші
Иетінч - жетінші
Тоқузнч - тоғызыншы
Ескерткіштерде жинақтық және бөлшектік сан есімдер Күлтегін ескерткішінде кездеспейді, Орхон ескерткіштерінде өте сирек кездеседі. (жинақтық сан есімдер: -агу, -егү үчегү - үшеуі, болжалды сан есімдері -ча, -че йүзче - жүздей, жүз шамалы )
Ескерту: Сан есімдердің атаулары қазақ тілінің сан есімдер атауларымен қатты ұқсас болганымен қолданыста біршама өзгешелеу. Алдымен сандардың бірлігі айтылып, сонан кейін ондықтары айтылады: йеті йегірмі - он жеті (жиырманың жетісі), бір қырқ - отыз бір (қырықтың бірі). Бірақ, бұл
- ескерткіштердегі сан есімдер қазақ тіліндегі сан есімдер арасындағы ұқсастықты жоққа шығара алмайды. Себебі, қазақ тіліндегі сан есімдер атауларымен көне түркі жазбаларындағы сан атауларының арасында аса үлкен айырмашылық жоқ.
Есімдіктер көне түркі жазбаларында мағынасына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
Жіктеу есімдігі:
Жекеше түрі:
жақ. Мен - мен.
жақ. Сен - сен.
ПІ жақ Ол - ол.
Көпше түрі:
жақ. Біз - біз.
жақ. Сіз – сіз.
Үшінші жақтың көпше түрлері ескерткіштерде кездеспейді. Мысалдар: Мен беңгү таш тоқытдым - Мен мәңгі тас (ескерткіш) орнаттым. Беңгү іл тута олуртачы - Сен мәңгі ел үстап отырсың.
Жіктеу есімдігі септеледі:
Менің сабымын сынбады - Менің сөзімді бұзбады.
Аны көрүп, анча білің - Оны көріп, сонша білдің.
Көп маңа көрті - Көп маған бағынды.
Сілтеу есімдігі:
Бу - бұ,бұл Бұл йер - Бұл жер.
Ол - ол. Ол сү - ол әскер.
Ескерткіштердегі сілтеу есімдіктері септеледі:
Буны есідің - мүны естідің.
Бунда уртым - мұнда орнаттым.
Өздік есімдігі:
Ескерткіштегі өздік есімдігі қазақ тіліндегідей «өз» сөзімен басталып, тәуелденіп қолданылады (өзүм, өзүң). Өзүм тардуш будун шад ертім - Өзүм тардүш халқына уэзір едім.
Сұрау есімдігі:
Күлтегін ескеркіштерінде төмендегідей сұрау есімдіктері кездеседі.
Кім? - кім?
Не? - не?
Кімке? - кімге?
Қаны? - кәні? Қайсы?
Кімке еліг қазғанурмен? - Кімге елді жақсарттым?
Жалпылау есімдігі:
Мұндай есімдіктер қатарына төмендегідей сөздер жатады:
Қамығы - бәрі, барлығы (қамтуы)
Бунча - мұнша. Қамыгы йеті йүз ер болмыс - Бәрі жиналып, жеті жүз ер болды.
Белгісіздік есімдігі.
Көне түркі жазбаларында болымсыздық есімдігі жоқтың қасы немесе бір-ақ сөз: нең - ештеңе. Нең буңуг йоқ - ештеңедей мұңы жоқ.
Етістіктер қазақ тіліндегі сияқты ескерткіштердегі ең қиын және өте күрделі сөз таптарының бірі. Ол іс, амал, қозгалыс, қимыл, жай-күйге байланысты процестерді қарастырады. Ескерткіштердегі етістіктердің тағы бір өзгешелігі - - оның болымды, болымсыз Етіс, көсемше, есімше, көсемше сияқты түрлері бар. Жогарыда аталган ерекшеліктерімен қатар, етістіктер басқа сөз таптарынан жасалады. Есім сөздер сияқты көптік жалгауын қабылдайды, тәуелденеді, септеледі. Ескерткіштерде кездесетін етістіктер өзінің қүрылысына қарай негізгі жэне туынды етістіктер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі етістіктер қазақ тіліндегідей бүйрық райдың екінші жагы болып есептеледі:
Біл - біл.
Көр - көр.
Олур - отыр.
Тут - тұт, ұста.
Соқ - сөк.
Қал - қал.
Бар - бар.
Біл - біл.
Бер - бер.
Есід - есіт.
Туынды етістіктер өзге сөз таптарынан да етістіктерден де жасалады:
Башла - баста..
Қылычла-қылышта
Ілле - елден, ел бол.
Кеншүр - даулас
Болымды және болымсыз етістіктер. Ескерткіштерде етістіктің болымды, болымсыз түрлері кездеседі. Текстегі бірқатар етістіктер іс-қимылдың орындалғанын көрстесе, енді бірқатар етістіктер іс-қимылдың орындалмағанын көрсетеді. Болымды етістік: Өзүм цутым бар үчүн каган олуртым - Өзімніц бацытым (қүтым) үгиін цаган болып отырдьгм. Болымсыз етістік -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: Талуйца кічіг тегмедім — Теңізге кішкене жетпедім.
Сабақты етістік: Ескерткіштер тілінде табыс септікті қажет ететін сабақты - етістіктер кездеседі: Бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңда - Бұл сөзімді жақсы есіт, қатты тыңда.
Салт етістіктер: Ескерткіштер тілінде табыс септікті қажет ететін сабақты етістіктер кездеседі: Бізіце йацылтыц үчін цаганы өлті — Бізден жацылганы үшін цаганы өлді.
Етістер. Ескерткіште етістер төмендегідей төрт түрі бар:
Өздік етіс.
Өзгелік етіс.
Ырықсыз етіс.
4. Ортақ етіс.
Өздік етіс қимыл-әрекеттің істеушінің біреу емес, тікелей өзі екендігін білдіреді. Олар қазақ тіліндегідей -н, -ын, -ін жұрнақтары арқылы жасалады: тілін, киін. Өздік етістердің болымсыз түрлері де бар. Олар - ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады.
Ескерткіштер тілінде істің басқа біреу арқылы істелетінін білдіретін етістің түрі - өзгелік етістерде қолданылады. Өзгелік етістер -тур, -түр, - дур, -дүр, -ур,-үр(ыр,ір) жүрнақтары арқылы жасалады.
Йүкүнтүр - жүгіндір,
Қонтур - қондыр.
Келур - келтір.
Тегүр - тигіз.
Сөкүр - сөктір.
Ескерткіштерде іс істеуші арнайы айтылмай, іспен байланысты зат өздігінен істелетіндігін білдіретін ыръщсыз етістер кездеседі. Олар -ыл,-іл,- л жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады:
Түзел - түзел.
Тіріл - тіріл.
Қыл - қыл.
Көне түркі жазбаларында істелетін істің бір емес бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіретін ортақ етістер де кездеседі. Олар текстерде -уш, - үш (кейде -ус, -үс) жүрнақтарының жалғануы арқылы жасалады:
Уруш - ұрыс.
Сүңүш - сүңгілес.
Көсемше істің, қимылдың амалын, мақсатын т.б. білдіріп, төмендегідей жұрнақтар арқылы жасалады: -ып, -іп, -уп, -үп, -п:
Алып - алып.
Бініп - мініп.
Кіріп - кіріп.
Қазғанып - қолданып.
Йорып - жүріп.
Қышлап - қыстап.
Йети йүз ер болып, елсіретміс, цагансырамыс - Жеті жүз ер болып, елсіреген, қағансыраған. Магы корган цыгилап, йазыңа огузгару - Мағы қорған қыстап, жазында оғызға қарай т.б. -а, -е жұрнақтарымен:
Аша, аса - аса.
Уча - ұша.
Тута - тұтып, ұстай.
Кече - кеше, өте.
Тоға - туа.
Оза келміс - оза келген.
Қадырцан йышыг аша, будуныг анча цонтурдымыз - Қадырқан қойнауын аса, халықты сонда қондырамыз. Ертіс үрүзіг кече йорыдымыз - Ертіс өзенін кеше жүрдік. Көне түркі жазбаларында көсемшенің жоғарыда аталған жұрнақтардан өзге де -у, -ү, -ы, -і, -ыпан, -іпен -пан, -пен жұрнақтары бар. Бұл жұрнақтар жоғарыда аталған жұрнақтармен қолданыстағы берер мағыналары бір. Сол себепті олардың орнына қолданыла береді.
Ескерткіштер тілінде есімше болған сөздер қимыл-қозғалыс , іс-әрекет түрінде ғана емес, сапа, белгі, қасиет түрінде ұғылады. Олар қазақ тіліндегідей жіктеледі, септеледі, тәуелденеді көптік жалғауын қабылдайды. Текстегі есімшелер де үш жақта қаралады:
I. Есімшеніц осы шагы. Ескерткіштерде есімшенің осы шағын жасайтын
-тачы, -течі, -дачы, -дечі жұрнақтары қазақ тіліндегі -ушы, -уші жұрнақтарына сәйкес келеді.
Өлтечі - өлуші.
Олуртачы - отырушы.
Көртечі - көруші.
Қалтачы - қалушы.
Есімшеніц келер шагы. Текстерде есімшенің келер шағы -ур, -үр, -ар, - ер, -ыр,- ір,- р жұрнақтарымен жасалады. Бұл жұрнақтар қазақ тіліндегі -ар, -ер, -р жұрнақтарына дәл келеді:
Білүр - білер.
Олурур - отырар.
Келүр - келер.
Жасар - жасар.
Тісер - айтар, дер.
Бошғурур - басқарар.
Есімшенің өткен шагы. Көне түркі жазбаларында осы шақтық есімше төмендегідей жүрнақтармен жасалады:-мыш, -міш, -мыс, -міс. Бұл
жұрнақтардың қазақ тілінде де қолданылатынын айта кеткеніміз жөн. Мәселен, атылмыш, айтылмыш етістіктері. Сонда бүл жұрнақтар қазақ тіліндегі -ған, -ген, -қан, -кен жүрнақтарына сәйкес келеді:
Қалмыш - қалған.
Тутмыс - тұтқан, ұстаған.
Алмыш - алған.
Аталмыш - аталған.
Үстеулер. Үстеулер ескеркіштерде аз кездеседі. Көне түркі жазбаларында үстеулердің мағыналық түрлері үшеу ғана.'
Мезгілдік үстеулер:
Күнтүз - күндіз.
Түнте - түнде.
Ёмті - енді.
Екін - екін, екінді.
Мекен үстеулер:
Кері - кері.
Ілегрү - ілгері.
Ічре - ішке.
Еңре - алға.
Сын-қітыл үстеулері:
Қатығды - қатты.
Төрісүнче - дәстүрінше.
Субча - суша.
Отша - отша.
2.2) Көне түркі жазбалар тіліндегі көмекші сөздердің қызметі мен қолдану ерекшеліктері
Шылаулар. Ескеркіштерде шылаулар дербес лексикалық мағынасы жоқ, белгілі бір заттық немесе сапалық ұғымды білдірмейтін сөздер. Көне түркі жазбаларында шылаулар өте сирек кездеседі. Ескерткіштерде қазақ тіліндегідей шылаулардың үш түрі кездеседі:
Септеулік шылаулар: Бірге - бірле. Інім Күлтегінмен бірле, екі шад бірле - Інім Күлтегінмен бірге, екі уәзірмен бірге... . Үчүн - үшін. Теңрі йарылқадық үчүн, мен қазғантақ үчүн түрк оудун қазғанмыш ерміш - Тәңірі жарылқағаны үшін, мен қолданғаным үшін, түрік халқы да қолданған еді. Тегі - дейін, шейін. Темір цапыгца тегі сүледіміз - Темір қақпаға дейін соғыстық.
Жалгаулықты шылаулар текстерде сирек кездеседі. Йеме - және. Буйуруқы йеме білігсіз ерінч, йаблак ерміс ерінч - Бұйрығы және біліксіз еді, теріс (жаман) болған еді. Та, те - да, де, та, те. ¥глы да каган болмыс ерінч - ¥лы да қаған болған еді.
Демеулік шылаулар біреу ғана - түгүл (түгіл). Чыгай йыш түгүл - Шығай қойнауы түгіл....
Морфологияның сөздің құрамын,сөздің жасалу жолдарын
қарастыратынын ескерсек, көне түркі жазбаларының тілі сөздерінің жасалу формалары, сөздің құрамдары, мәселен, зат есімдердің септелуі, көптелуі, жіктелуі немесе сын есімдердің шырай категорияларының, етістіктің есімше, көсемше формаларының жасалуы қазақ тілімен ұқсас немесе дәл, сәйкес келуі - Көне түркі жазбалары тілінің қазақ тілімен үндестігінің бір айғағы, көрінісі.
Қорытынды:
Қорыта келе, көне түркі жазбалары тілінің қазақ тілімен мағыналық үндестігі мол екенін аңғарамыз. Енді көне түркі жазбаларында кездесетін туыстық атауларды, дене мүшелеріне байланысты сөздерді, табиғат қүбылыстарына қатысты сөздерді, уақыт пен мерзімді білдіретін сөздер әр адамның, әр жүрттың, әр мемлекеттің өміріне тікелей қатысты сөздер. Яғни біз ескерткіштер тіліндегі сөздер мен қазақ тіліндегі сөздердің мағыналық тұрғыдан салыстыра отырып, сол заман адамдарының таным-түсінігін, қарым- қатынасындағы қолданған сөздердің қазақ тіліне өте жақындығын көрдік.. Тіпті кейбірі қазақ тілінде сол қалпы қолданылып та жүр.
Морфологияның сөздің құрамын, сөздің жасалу жолдарын қарастыратынын ескерсек, көне түркі жазбаларының тілі сөздерінің жасалу формалары, сөздің құрамдары, мәселен, зат есімдердің септелуі, көптелуі, жіктелуі немесе сын есімдердің шырай категорияларының, етістіктің есімше, көсемше формаларының жасалуы қазақ тілімен ұқсас немесе дәл, сәйкес келуі - көне түркі жазбалары тілінің қазақ тілімен үндестігінің бір айғағы, көрінісі.
Бұл ғылыми жұмысымды қорыта келе кез келген ел өзінің тек бүгінгі мәдениетімен ғана емес тамыры тереңде жатқан төл мәдениетімен толыққанды ел болып саналады. Осы мақсатта орындалған ғылыми жұмысымның нәтижесінде көне түркі жазбалар тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы мағыналық тұрғыдан және сөздердің жасалу жолдарындағы үлкен ұқсастықты байқадым. Мәңгілік ел – қазақ жұртының ғасырды асқан мәдениетінің бар екенін сол мәдениетті насихаттау қайта жаңғырту бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Келешекте көне түркі алфавитіне көшу мәселесін қарастыру ойымда бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Ана тілі» газеті, 1993 жылғы барлық сандары
Ғ. Айдаров «Орхон ескерткіштерінің тексті» Алматы 1993ж.
М. Томанов «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Алматы 1992ж.
Ә. Қоңыратбаев «Көне жазбалар мәдениеті» 1991ж.
Ғ. Айдаров «Күлтегін ескерткіші» Алматы 1995ж.
А. Егеубаев «Кісілік кітабы»2001ж.
«Қазақ әдебиеті» газеті 1994ж №9 саны. 3-4 беттер.
«Жалын» журналы 1993ж №14 17-19 беттер.