Дебат: «?аза? хал?ыны? Ресей империясына ?осылуыны? пайдасы мен зияны».


Тарих пәні мұғалімі Карымбаева Б.Т.
Дебат
Тақырыбы: «Қазақ халқының Ресей империясына қосылуының пайдасы мен зияны».
Дебатымыздың сарапшыларымен таныс болайық:
Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Муратов Е.Қ.
Мақсаты:
Қазақ халқының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны туралы оқушылардың алған білімдерін тексеру және тереңдету, бекіту.
Тарихи оқиғаларды, өзгерістерді дұрыс таңдау және тұжырымдай білу, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың бойында адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік, достық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Пікір таластыру
Сабақтың көрнекілігі: Әбілқайыр, т.б. портреттері, 1822, 1824, 1867-1868 жылдардағы реформалар (кесте, схема, буклеттер).
Дебат Ой бөліс дегеніміз – бір нәрсеге назар аудару, ынта қою.
Ойбөліс сайыстарын жүргізудің негізгі мақсаты: Оқушының ой – өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ой бөліске оқушылардың сөйлеу мәдениеті, өзін – өзі ұстай білуі, шыдамдылығы, ойын тиянақты жеткізілуі ескеріледі.
Қатысушылар ойбөліс ережесін қатаң сақтауы тиіс. Тақырып алдын – ала айтылады. Ой бөліске екі топ қатысады. Әр топта 3 оқушы болады.
Ой бөліске қатысушылардың омырауында аты-жөні немесе есімі жазылған бейджик тағылуы керек.
Бейджик анық етіп, үлкен әріппен жазылуы тиіс.
Ойбөлістің уақытын белгілейтін тайм кипер болады.
Әр топтағы скиперлер өз нақты деректермен дәл әрі тез де мәнерлі оқиды, не ауызша айтады.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар! “Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы мен зияны” атты дебатына қош келдіңіздер! Олай болса, бүгінгі дебатқа қатысушыларды шақырайық:
Қатысушылар:
I топ. “Азамат” тобы-жақтаушылар.
II топ. “Алаш” тобы-даттаушылар..Әр спикердің сөйлеу тәртібі уақыты: 6 минут
«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары беріледі.
Қорытындылау
Жүргізуші: Рахмет! Тәуелсіздігімізді сақтайтын еліміздің келешегі сендерсіңдер! Әрі қарай көркейуіне ат салысып тірегі болуына шақырамыз.
КММ «Степное негізгі мектебі – балабақша кешені»
Дебат
Тақырыбы: «Қазақ халқының Ресей империясына қосылуының пайдасы мен зияны».
Ұйымдастырған: Карымбаева Б.Т.
2016-2017 оқу жылы