?айырлы кеш ??рметті ?она?тар ж?не ата-аналар!


Қайырлы кеш құрметті қонақтар және ата-аналар!
Біз сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
Ортаңғы топқа арналған ойын сабақтың үлгісі.
Тақырыбы:«Қыс ғажайыптары» «Қар қандай болады?»
Мақсаты:1.Эмоцианалдық,шығармашылық орнату.
2.Қолдардың ұсақ қимылдарын,ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Ата-аналар мен балалардың келешектеде тығыз байланыста болуын және қолдау болуына тәрбиелеу.
4.Қарға эксперимент жасау.
Тәрбиелік мақсаты:Ұйымшылдыққа,әдептілікке,шеберлікке,татулыққа.
Көрнекі құралдар:түрлі –түсті қағаздар,қайшылар,аққала,желім,т.б.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын ұжымдық жұмыс.
Білім беру салалалары:«Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық» «Денсаулық»
Сабақтың барысы;Қайырлы кеш ата-аналар!
Сіздерді ойын сабаққа келгендеріңізге өте қуаныштымын.
Бүгін ойын сабақта кездескен тапсырмаларға нақты жауап беру және ұйымшылдықпен,көтеріңкі- көңілмен шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Ата-аналар бір сәт өздеріңді баларыңызды орнында елестетіңіздер.
Көздеріңізді жұмып, «Бұрыламыз,айналамыз,балалалық сәті еске алып,балық шаққа ораламыз»-бала боламыз.
Бәрі сөздерді қимылдармен қайталайды.
Тәрбиеші:Оңға,солға бұрыламыз.
Шыр айналамыз.
Жоғары,төмен қараймыз.
Тәрбиеші:Балалар ойын сабақты бастамас бұрын.
Қолдан жасалған қардың үлгісі бар соны бір-бірімізге кезекпен беріп, отырып, атарымызды айтамыз.Мысалы:Аружан,Мирас,Әділет,Инжу,Алдияр т.б.
Қазір сендер мен айтқан дене мүшелерімен амандасасыңдар.
Мұрындарын түйістіріп,қолдарымен алысады,тізелерімен түйістіреді маңдайларын түйістіреді солай жалғаса береді
Ал енді амандасамыз.
Жылулық шеңбері.
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
-Балалар қызықты саяхат сабағына барамыз.
Өлең жолдарын оқу.
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып,кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.Айтыңдаршы бұл қай кезде болады?.
Қазір қандай мезгіл?Қыстың ерекшеліктерін атаңдар?Қыс мезгілінің суреттерін көрсету.-Ноутбукпен. –Әнгімелеп беру.-Ауызша балаларымен ата-аналар кезектесіп жауап береді.
Балалар:Қыс мезгілі.Қыста суық болады. Қар жауады.Айналамыз аппақ болады.Жылы киінеміз.Сырғанақ тебеміз.Шана тебеміз.Қар атысып ойнаймыз.Боран,аяз болады.
Балалар орманға барамыз. -Суреттерді көрсету.Ноутбукпен слайд арқылы.
Поездың суретімен,дауысын қосу.
Поезбен барайықшы.Поезда өлең айтып барайық жол ұзақ қой балалар.-Ән күй. «Қыс мезгілінің қызығы»-өлеңін айту.
Сұрақ-жауап.Ата-аналар сіздер қалай ойлайсыңдар өз ойларыңмен бөлісеңіздер.
Орманда шулауға бола ма? Жалғыз жүруге бола ма?
Орманда от жағуға бола ма?Ағаштарды сындыруға бола ма?Құстарға тас лақтыруға?Қоқыс тастауға бола ма?
Жұмбақ жасыру.
1.Қыс бойына жатады,Тәтті ұйқыға батады?-Аю.
2.Өзі бір қу,жүрген жері шу.-Түлкі
3.Қанжардай тісі бар,суық үрейлі түсі бар.-Қасқыр.
4.Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал,оның баласын «көжек» дейді.-Қоян.
Орманда нелер тіршілік етеді?
1.Балалар жауаптарын айтады: Аңдар:Аю,қасқыр,түлкі,қоян,тиін,Құстар т.б.
Дидактикалық ойын: «Аңдардың азығы».-Крточкамен жұмыс.
Мақсаты:Аңдардың азығын дұрыс көсету.
Тәрбиеші: Балалар мынау кімнің үйі екен?Есігін қағып білгілерің келе ме?Есікті қағады. Қоян:Бұл кім ?Біздер балабақшаның балаларымыз.Есікті қоян ашады.
Жолай қоянның үйін кездестіреді. Тәрбиеші: қоян сәлеметсіңбе!
Қалың қалай? Қыста тонған жоқсың ба? Қоян:Тонымның арқасында тоңғаным жоқ. Тәрбиеші:Балалар қоянға арнап тақпақ айтып берейік.
Қоян туралы тақпақтар айтады.
«Қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян естіп қалып, сыбдырды.
Ойлы,қырлы жерлермен ытқып,ытқып,секірді.
Қарап еді артына, келе жатқан, томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің.-Өлеңді қимылмен көрсетеді.
Қоян:-Рахмет сау болыңдар балалар!
Балалар мен ата-аналар сау бол қоя!
Тәрбиеш:Балалар енді балабақшамызға қайтайық.
Тәрбиеші:Қысы ,жазы жасыл болатын шыршаны геконтпен жасап көрсетейікші. «Воскововичтің ойынын»-қолдану.
Тәрбиеші: Қоянның пошташы апайдан беріп,жіберген хаты бар екен.
Балалар сендерге тапсырмалар беріп,жіберіпті.
Тәрбиеші:Балалар сендер орманда қояның үйін көрдіңдер соны тездетіп,
алдарыңда жатқан пішіндерден үй құрастырсаңдар және ол үйлерді тура және кері санаңдар..
«Воскововичтің ойынын»-қолдану.
1.Тура және кері сана.-Математика.
Жауабы:Тура санау-1,2,3,4,5,6,Кері санау- 6,5,4,3,2,1.
2.Пішіндерді атау.-Математика.
Пішіндерді атағанда, тәрбиеші атаған пішіндерді көтеріп,отыру керек.
Жауабы:Төрт бұрыш,Үшбұрыш,Сопақ.
3.Түстерді атау.-Тіл дамыту. Сандықта арнайы салынған шарлады кезекпен шығарып,түстерін сұрау.
Жауабы:Қызыл,ақ,сары қара,көк.қызғылт сары,қоңыр,күлгін,қызғылт,көгілдір.
4.Логикалық есептерді шеш-ауызша.
1.Табақта екі алма,
Әсетте үш алма.
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?- Бес алма.
2.Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі.
Болады барлығы неше ешкі?- Төрт ешкі.
7.Жұмбақ жасыру:Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады
Ол не екен? Балалар шешуін табады.- Қар.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар,енді қар атысып,ойнағанды ұнатасыңдар ғой. «Қар атысу»ойынын ойнайық.
Қимылды ойын: «Қар атысу»
«Қар қандай болады?»-эксперимент жасату.
Қардың түсі қандай болады?Қолға ұстасаң, қолдарың тона ма?
Қортындылау:Қардың түсі ақ болады.Ұстасаң қолың тонады.Жылы жерге қарды кіргіссең, қар ериді.
Қимылды ойын: «Қар атысу»

Сергіту сәті.
Саусақтарым айбат,
Былай,былай ойнат.
Жапсыру: «Аққаланы»- қыйу,жапсыру.- Ұжымдық жұмыс.
Қайшымен қиғызу,қауыпсіздік ережелерін есте сақтауын ескерту.
Желіммен ұқыпты жапсыру.Өздері жапсырған жұмыстарына қарап бағалап,мақтау айту.
Тәрбиеші:Көлемдерін беттестіріп,қарап,қайсы үлкен немесе орташа,кіші екенін сұрау.

.
Тәрбиеші: «Аққала»-өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Аула сырты,бақта да.
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала,
Ойнаймыз біз шаттана
Аққала,аққала
Сені жасап мақтанам.
Қорғауменен жүреміз.
Бұздырмастан басқаға.
Қортындылау: Сұрақ-жауап арқылы. «Не білдік,не үйрендік,не түйдік?»
Тәрбиеші:Ойын сабақты бағалап,алдарыңызда тұрған ақ қағазға, қылқаламмен смайликтің суретін, салсаңыздар және өз пікірлеріңізді жазсаңыздар.
Тәрбиеші: Мадақтап,мақтау айтып,смайликтарды ата-аналарға тарату.
Қоштасу:Сау болыңыздар келесі кездескенше аман-есен болайық!