Конторольная работа по Познание мира


Дүниетану пәнінен жылдық бақылау жұмыс 3-сынып
1.Адамның ішкі мүшелерін ретімен жаз.
2.Тері қандай қызмет атқарады?
3.Қаңқа деген не? Адам қаңқасы нелерден тұрады.
4.Қан айналымы деген не? Қандай қан тамырларын білесің?
5.Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан? Ол қандай қызмет атқарады?
6.Қорытылған астың нәрі барлық ағзаға қалай тарайды?
7.Жүйке жүйесінің қызметі қандай?
8.Бақылау мен тәжірибенің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
9.Айналадағы табиғатты бақылауда қолданылатын математика білімі туралы жаз.
10.Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
11.Ауаның қасиеті туралы жаз.
12.Жел қалай пайда болады?
13.Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі?
14.Бұлттың қандай түрлерін білесің .Қысқаша жаз.
15.Өзеннің негізгі бөліктерін жаз.
16.Тау жыныстары дегеніміз не?
17.Пайдалы қазбалардың кестесін құр
18.Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет екенін ата
19.Ұзақ тіршілік ететін қандай өсімдіктер бар?
20.Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жаз
21.Жануарлардың қандай топқа бөлінетінін жаз
22.Суда тіршілік ететін сүтқоректілерді жаз.
23.Құстардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі неде?
24.Мына байланысты түсіндір Адам – Жануар – өсімдік
25.Сен табиғатты қалай қорғар едің?