1 Ж: ?айырлы к?н, ?адірлі ?она?тарымыз! Б?гінгі шуа?ты к?нде Т?уелсіз ел тірегі – білімді ?рпа?! Сіздермен ж?здесіп отыр?анымыз?а аса ?уаныштымыз!


Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы. 18.02.2015ж. Заречный орта мектебі.
1 Ж: Қайырлы күн, қадірлі қонақтарымыз! Бүгінгі шуақты күнде Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ! Сіздермен жүздесіп отырғанымызға аса қуаныштымыз!
2 Ж: Бүгінгі жастарға оқу – міндет,
Тек қана оқумен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намыс
Жоятын надандық қой жаман міндет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек – деп, аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасын ашық деп жариялаймыз.
Ән «Той»
1 Ж: Бүгін залда білім саласының бетке ұстары, ертеңгі Қазақстан ғылымын алға жетелейтін, ел басқаратын, дені сау ұрпақты тәрбиелеп, ғажайып шығармашылық, ән мен саздың дүние кілтін ұстай білген, біз мақтан тұтатын азаматтар мен азаматшылар жиналған.
2 Ж: Қашанда бүгінгі салтанаттағы жарқыраған жұлдыздай аспаннан да сіздердің жұлдыздарың мәңгіге жарқырай берсін!
1Ж: Осы залда ауданымыздың әр мектептен келген жас дарынды балалары жиналып отыр.
Жаңа қоғам құру – үлкен және қиын міндет.Сол міндетті атқаруда біздің мақсатымыз жақты болу керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген.
2 Ж: Еліміздің мақтанышы болып әр уақытта қала беріңіздер деп, құттықтау сөзді Қостанай ауданы білім бөлімінің әдіскері ___________________береміз.
Қазақ биі
1 Ж: “Оқу - инемен құдық қазғандай” деп бекер айтпаған, сондықтан біз сіздерге біріншіден денсаулық, оқуда және өмірде шыдамдылық, сәттілік, қажыр-қайрат, жеңістер тілейміз. Талаптансаңдар – міндетті түрде табысқа жетесіңдер!
2 Ж: Құрметті катысушылар,сіздерді сайысымыздың өтілу барысымен осы мектептегі қазақ тілі маманы ___________________ таныстрады.
Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасының жабылуы мен марапатталуы.
18.02.2015ж. Заречный орта мектебі.
1 Ж: Құрметті қатысушылар, ерең еңбек етіп, еліміздің атын дүниежүзіне тәнті қылған сіздерсіздер. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болып, қол жеткізер асуларыңыз азаймасын.
2 Ж: Зерек болу, ерен болу - әр жеткіншектің арманы болғанымен, әркімнің уысына түсе бермейтін зор бақыт, үлкен жетістік десек те, бүгінгі жарыста жұлдызы жанған жеңімпаздар да аз емес.
1 Ж: Сендер, балалар, үлкен жетістікке, мәртебелі жеңіске жету жолында өз армандарыңды шындыққа айналдыруда зор еңбек еттіңдер! Міне, бүгінгі күн сол еңбектің жемісін көретін күн!
2 Ж: Олимпиада – бұл тұлпарлар шабысы. Бәйгеге тұлпардың дүлділі, озығы жетеді. Бүгін олимпиада шабысында бәйгеге озып жеткен лайықты үздіктерді марапаттаймыз.
1 Ж: Олай болса, жұлдыздай боп жарқыраған «Тілші - әдебиетшілер» бағыты бойынша жеңімпаздарды марапаттауға сахнаға_____________________ __________________шақырамыз.
Ән
2 Ж: Әр ғасыр өз азаматтарын туғызады. Бүгін залда білім саласының бетке ұстары, ертеңгі Қазақстан ғылымын алға жетелейтін, ел басқаратын, біз мақтан тұтатын азаматтар мен азаматшылар жиналған. «Жас ғалымдар» бағытынан жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттау рәсімі _____________________________________беріледі.
Би «Батырлар»
1Ж: Ойға түйіп келер ғасыр жарқылын,
Үмітпенен қуаныштан шалқыдым.
Жөргегінде санасына баламның,
Ана тілін сіңіре алсам халқымның
2 Ж: Жасынан ғылым, хатқа болған зерек,
Сондықтан қатарынан озған ерек,
Білімнің кемесінде жүзген жүйрік,оған керек дей отырып,балаларды «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша марапаттау үшін сахнаға __________________________________________шақырылады.
Ән
1 Ж: Болсаңдар, балаларым хатқа ұста,
Төрден орын аларсыңдар тұрмай тыста
Төр түгіл, төменнен де тимейді орын,
Жүрсеңдер жалқаулықпен жазы, қыста
2 Ж: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп Абай айтқандай, білімдерің өмір жолында жарық сәуле боп алға жетелей берсін. Жеңімпаздарды «Жазушылар» багыты бойынша марапаттауға сахнаға____________________________________________шақырылады.
Би
1 Ж: Қазақстанды өркендету және дамыту, биік белестерден тек жетістіктерімен жарқырату сіздерге бұйырып отыр. Еліміздің жоспарлары мен алға қойған мақсаттарын жузеге асыру да сендердің қолырыңда.
2 Ж: Қорқыт десе қобыз ішегі дір еткен
Толқынды жыр толқып аққан жүректен
Қазағымның қилы-қилы ғұмырын
Кейінгі ұрпақ әнге қосып күй еткен
«Әнші-бұлбұлдар» бағытынан мадақтаманы тапсыру үшін сахнаға ___________________________________ шақырылады.
Би
Ж: Құрметті олимпиадаға қатысушылар!
«Құсты самғататын - қанаты, адамды самғататын -таланты». Бағыңның жануы да, дарынның танылуы да тек өзіңе , тынымсыз ізденісіңе байланысты болмақ.
2 Ж: Біз сендермен мақтанамыз.Аудан абыройын асқақтатар еркін елдің елеулі ұл, қызы болатындарыңызға сеніміміз мол.
Өнерде де, өмірде де алар асуларың, шығар шыңдарың биік болсын ! Жолдарың болсын, жас дарын !

1 Ж: Рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!