М.Ма?атаев «?айырлы к?н», «?ара ?ле?»
Сабақтың аты М.Мақатаев «Қайырлы күн», «Қара өлең»
Сілтеме Суреттегі ой бейнесі
Презентация
Жалпы сілтеме 1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу.
3. Тәрбиелік: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі М. Мақатаев өмірі туралы , Ақын шығармаларының өмірлік құндылықтарын
тану,
Негізгі идеялар Абай суреттеуіндегі аттың сыны –сөз өнері.Ақынның жылқы малына ұлттық психология тұрғысынан көзқарасы
Дереккөз Ғаламтор
Оқулық.Оқыту әдістемесі
Ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал
Тапсырмалар 1.Оқулықпен жұмыс
2.Жұппен жұмыс
3.Топтық жұмыс
4.Постер қорғау
Кейінгі тапсырмалар 1.Өлеңді нақышына келтіре оқу
2.Мазмұнын қара сөзбен жазу
1. Психологиялық кезең. Оқушыларды топқа бөлу 1,2,3.
- Балалар, сабақ бастауға көңіл-күйлерін қалай? Тақтаға көз салсаңдар, адамның көңіл-күйін білдіретін суреттерді көре аласыңдар. Қазір алдарыңда жатқан стикерлерге сол суреттерге қарап, көңіл-күйлерінді көрсететін суретті салыңдар.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің білімдерін тексереді.
- Мұқағали Мақатаев кім?
- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.
- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?
- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
- Оның қандай өлеңдерін білесің?
- Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай кітабы үшін?
- 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді және «Аманат» кітабы үшін.
Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырды. Ол өмірді сүйіп өтті. Ал, енді балалар, Мұқағали ағамыз жайлы сыр шертейік.
«Менің анкетам»
Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931.Құрдасымын Шәмілдің.
Шыққан тегің?
Шаруамын.
Білімің ше?
Орташа ғой.
Алайда өзім жоғары бағалаймын.
Ана тілің?
Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
Қайда істедің?
Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
Міндеттісің бе әскерге?
Міндеттімін.
Міне мұнда көп мағына бар.
Мекен – жайың ?
Жерде жүрген ақын деген пендемін,
Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған .
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін !
Топтық жұмыс
1- топ Өмірі мен шығармашылығы ( хронологиялық кесте)
2- топ Бейбітшілік пен тыныштық – біздің басты мақсатымыз (шағын шығарма)
3- топ Мұқағали туралы естеліктерді
4- топ Өлеңді қара сөзге айналдыру
2- тапсырма
І топ-Мұқағали атаға сыр
ІІ топ
Өздері шығарған өлеңдерін ұсынды
ІІІ топ
« Мұқағали» есіміне арнаған лебіздері:
М – Мұқағалидың
Ұ – ұрпаққа
Қ – қалдырған
А – аманатын
Ғ – ғасырлар
А – арнасына
Л – лайық
И – иіліп, бас иеміз.- барлығы бірге.
Бағалау;
№ Бағалау өлшемдері Өзін-өзі бағалауы Көршісінің бағалауы Мұғалімнің бағалауы
1 Сабаққа қатыстым 2 Жеке жұмыс жасадым 3 Жұппен жұмыс жасадым 4 Түйінді ой айттым 5 Үштік жұмысқа қатыстым Қорыту
Сабақтан алаған әсерлерін аты – жөндері жазылған жерге смайликтерді ілдіру арқылы білемін.
Үйге тапсырма
І. Міндетті деңгей. Өлеңді мәнерлеп жатқа айту
ІІ. Мүмкіндік деңгей.
«Тіл құдіреті»тақырыбында шағын шығарма жазып келу, өлеңдегі теңеу сөздердің жасалу жолына түсінік беру.
.
Қорытындылау.
Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтындаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты. Жылдар өтер... Әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер. Мұқағали моэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңщгілік жасай бермек деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз
Бұл әннің сөздерін ақын өмірінің соңғы күндерінде жазған болатын. Өлеңге ән жазған Нұрғиса Тілендиев,әнді орындаған Мәдина Ералиева. Біреуі – ақиық ақын. Екіншісі – біртуар сазгер. Үшіншісі – асқақ үнді әнші. Осы ән арқылы халық үшеуін де ұмытпай,есіне алып жүреді. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық.
« Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.
.