Кіші ж?зді? Ресейге ?осылуы


Ахметжанов Сираж Ахметжанович
Сынып: 8
Тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – жалпы тарихи білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы тарих туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (4 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)
V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды болмады. Хандар мен сұлтандар тақ таласына байланысты алауыздық салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақтанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Кіші жүздегі ақсүйектердің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге үзілді кесілді қарсы болды. Жергілікті жерде айқындалғандай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылдаған болып шықты.1731 жылдың 10 қазан күні Әбілхайыр хан, бірқатар сұлтандар және ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Әбілхайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады. Ол тек кіші жүздің ханы болып бекітілді. Ресейдің қол астына өткен Кіші жүз қазақтарына патша үкіметі тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетілмеді. 1735 жылы Әбілхайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қамалының негізі қаланды. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Сосын тақырыпта кездесетін барлық терминдерге анықтама береді.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қойып, келесі тапсырмаларды береді.
1)Кіші жүздің Ресейге қосылуының негізгі алғышарттары мен себептері қандай ?
2)А.Тевкелеев бастаған елшілік қандай қызмет атқаруға тиіс еді?
3)Кіші жүз қазақтары бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің салдары қандай болды?
Балалар сұрақтарға жауап береді. Сосын параграф соңындағы тапсырмаларды орындайды.
ІV Үй жұмысы:
1. § 5 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. осы тақырыптар бойынша тесттер құрап келу. .
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.
VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. Қоштасады.