Презентация по математике на тему Тік т?ртб?рышты салу (2 класс)


Жұмаділдаева Айткүл Нұртайқызы,
Қызылорда қаласы,
А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Пәні: Математика. 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрышты салу
Сабақтың мақсаты: Альгоритімді пайдаланып тік төртбұрышты салуды орындайды және оның периметрін табады; екі амалмен шығарылатындай етіп, есептің шартын салыстырады, талдайды және өзгертеді; топта әр түрлі шамаларды қосу және азайту дағдыларын бекітеді.
Күтілетін нәтеже: Тік төртбұрышты салып үйренеді. Геометриялық фигураларды сызудың күнделікті өмірдегі пайдасын біледі. Топпен жұмыс жасай отырып ытымақтастық ахуал қалыптасады.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, байқау-бақылау, талдау, топтық, жұптық, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, геометриялық фигуралар, тапсырма жазылған парақшалар, слайд, фишкалар, бағалау парақшасы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Психологиялық ахуал.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейрімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Ал,бүгінгі жұмысымыздың ұраны:
«Білгенімізді қайталаймыз,
Білмегенімізді үйренеміз!»
ІІІ. Үй жұмысын тексеру: Жауабы слайдта берілген, дұрыс жауап бергендерге фишкалар беріледі (жұппен жұмыс).
ІV.Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
І-топ: «Төрт бұрыштар»
ІІ-топ: «Шаршылар»
ІІІ-топ: «Ұшбұрыштар» (әр топ өздеріне тиісті геометриялық фигураларды сипаттайды , бағаланып отырады).
V.Жаңа сабақ.
Геометрия - математиканың бір бөлігі. Осы сөз туралы не білесіңдер? (геометриялық фигуралар). Геометрия өте ертеден-ақ дамыған. Төртбұрыш туралы не білеміз? Қандай фигура тік төртбұрышқа ұқсайды? Осы екі фигураның ұқсастығы мен айырмашылықтарын түсіндіру. Бұл фигураның күнделікті өмірде көп кездесетіндігі айтылады (оқушылар ойы).
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне бүгінгі күн ретін жазып, көркем жазуды орындайды.
32,18,24,100,57,98,17 (екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы ретінде жазады, топта өзара тексеріледі, талдау жүргізіледі).
Практикалық бөлімі: Тақтаға алгоритім бойынша тік төртбұрышты салу жұмысы орындалады және түсіндіріледі (қасиеттері мен айырмашылықтары).
- Ал, геометриялық фигураларды өлшеу үшін қандай бірліктер қажет? Қандай геометриялық фигуралардың периметрін табуға болмайды? деген сұрақтар қойылады (оқушылар ойы). Жұптық жұмыс: Бүктеп көрсету, пысықтау (біздің партамызда парақтар жатыр , сол парақтармен тік төртбұрыш жасаймыз) .
VІ. Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Амалдарды орында (жеке жұмыс, бағалау парақшасына топ басшылары баға қойып отырады).
2-тапсырма. Есептің шартын, сұрағын оқу, шешу.
1-топ: 2-топ:
Ақ сыр- 63 кг? кг Қыз -27 бала ? бала
Көгілдір сыр-?,32 кг кем Ұл -?, 16-сы артық
3-топ:
Күртешелер – 25дана? дана
Плащтар -?, 19-ы кем
(Постер қорғайды).
VII.Сергіту сәті.
VIII.Шығармашылық тапсырма (топпен жұмыс).
1-топтың тапсырмасы. «Сыйқырлы нүктелер».
2-топтың тапсырмасы. «Геометриялық мозайка».
3-топтың тапсырмасы. «Фигураларды іздестіру» ( әр топ постер қорғайды).
ІХ. Блиц-турнир. Әр топтың атауына сай 5 сұрақ беріледі.
«Төрт бұрыштар»тобына:
1. Тік төртбұрыштың бұрышы нешеу?
2.Қабырғалары қандай болады?
3.Төбесі нешеу?
4. Тік төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді?
«Шаршылар» тобына:
1.Шаршының бұрышы нешеу?
2. Қабырғасы нешеу?
3. Төбесі нешеу?
4.Шаршының қабырғалары қандай болады?
5. Шаршының ең жақын тегі қай фигура?
«Ұшбұрыштар» тобы:
1. Ұшбұрыштың бұрышы нешеу?
2. Қабырғасы нешеу?
3. Төбесі нешеу?
4. Периметрін табуға болам ма?
5.Екі бірдей ұшбұрыштан қандай фигура шығады? ( Топты бағалау)
Х. Сематикалық карта ( сабақты қорытындылау, жеке-жеке бағалау).
ХІ.Рефлекция. «Бес саусақ» ( қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарындағы әсерлерін жазу).
ХІІ. Бағалау. Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалау парақшаларына жеке-жеке бағалай отырып ,топты да бағалайды).
ХІІІ. Үйге тапсырма: 6 мысал,163 – бет, геометриялық фигуралардан әр түрлі таммаграмма жасау.