Рационал сандарды салыстыру математика п?нінен саба?


Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Мақсаты:
І.Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде суреттеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету; тарихи мәліметтерімен таныстыру;
ІІ.Тәрбиелік: Оқушыларды белсендiлiкке, дербестiкке, жан-жақтылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу;
ІІІ.Дамытушылық: Өзіндік жұмыстарын талдауға, салыстыруға мүмкіндік туғызу; байқағыштығын, тапқырлығын, өз-өзін бағалай алуын дамыту.
Түрі: Бекіту сабағы
Типі: Қайталау, пысықтау
Сабақ көрнекілігі: бағалау парағы, интерактивті тақта
Барысы:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
№399есеп. Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар:1) (-5) * (-5,7) онда |-5| * |-5,7|2) (-7) * (-6,3) онда |-7| * |-6,3|3) (-2) * (-1,25) онда |-2| * |-1,25|4) (-9) * (-8,7) онда |-9| * |-8,7|
№400 Салыстырыңдар
1) |1,5|+|8| |1,5+8|; 3)
2) 4)
ІІІ.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Қайталау сұрақтары
-қандай сандарды теріс сандар дейміз?
-санның модулі дегеніміз не?
-теріс санның модулі?
-оң санның модулі?
-0 санының модулі?
-қандай сандар қарама-қарсы сандар?
Сәйкестендіру тесті:Қарама-қарсы сандарды табыңдар 3 -1,5 5 6 1,5 -3 -6 0,2 -0,2 -5
ІҮ. Бекіту жұмыстары:
Оқулықпен жұмыс.
№401. Теңсіздікті қанағаттандыратын сандар жиынын қос теңсіздікпен жазыңдар
Оқушылар оқулық және дәптермен жұмыс жасайды, есептерді тақтаға орындайды.
Топтық тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар:
Ү. Қорытынды.
Тест тапсырмалары:1) Тура теңсіздікті көрсет:а) -4 -5; б) -5 -7 ; с) -7 -52) Теңдеудің түбірін көрсет: |х|+1=4а) -5; 5; б) -3; 3; с) -3 3) –(-(-(-74))) неге тең?а) -74; б) 74; с) 04) -30; 0,2; -9 сандарының қайсысының модулі үлкен?А) 0,2; б) -9; с) -305) -20; 0,4: -7,4 сандарының қайсысының модулі кіші?а) -20; б) 0,4; с) -7,4
ҮІ.Бағалау.
Бағалау парағын пайдалану.
Бағалау парағы
Үйге тапсырма: №404, №406.