Конспект по математики Рационал сандарды салыстыру (6 класс)
Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектебі
Рационал сандарды салыстыру
Математика 6 сынып
Тлеубекова Күнсұлу математика пәні мұғалімі
Бесарық ауылы 2014 ж
Математика 6 сынып
Пән мұғалімі: Тлеубекова Күнсұлу
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру. Сілтеме: Т.А. Алдамұратова Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.
3-басылымы. – Алматы: Атамұра, 2011.
Сабақтың жалпы мақсаты:
білімділік:оқушыларға рационал сандарды салыстыруды түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып . салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, топтық қарым-қатынас тәртібіне қалыптастыру, сабақты ынта қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
Рационал сандарды салыстыруды біледі;
Координаталық түзуде рационал сандарды қалай салыстыруды біледі;
Оқушылар рационал сандарды салыстыру ережелерін есептер шығаруда тиімді пайдалануға дағдыланады;
Дереккөздер және жабдықтар: Тақта,слайд-тапсырмалар, оқулық, жазба дәптерлері, плакат-парақшалар, фишкалар, маркер-қаламдар т.б.
Тапсырмалар:
1) Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі
2) Жұптық жұмыс: «Мен саған, сен маған» әдісі
3) Жеке жұмыс: оқулықпен жұмыс
Жеке жұмыс: «Логикаң қандай?» әдісі
4) Үйге тапсырма: № 388
5) Рефлексия
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру: а) оқушыларды түгелдеу, геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу; ( 3 минут)
І Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі (10 минут)
Бағалауы: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы
Тақырыпты нақты, дұрыс жеткізу;
Тапсырмаларды дұрыс, тиянақты орындау;
Уақытты тиімді пайдалану; 1-топтың тапсырмасы. Координаталық түзу бойында оң сандар нөл санының және теріс сандардың оң жағындағы нүктелермен кескінделеді. Мысалы, А(2) нүктесі О(0) және В(-4) нүктелерінің оң жағында. Демек, 2 >0. 2>-4.
В С О А Д
-5 -4 -3 0 1 2 3 4,5
Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез келген теріс саннан үлкен.
Мысалы: 3 > 0, 1 > -5, 1/3 >0. 0.7 > -8
2-топтың тапсырмасы. Координаталық түзу бойында таріс сандар нөл санының және оң сандардың сол жағындағы нүктелермен кескінделеді. Мысалы, С(-3) нүктесі О(0) және D(4,5) нүктелерінің сол жағында. Демек,-3<0; -3<4,5.
Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші
Мысалы, -4 < 0; -5 < 1; -2 < 0,5; -1 < 312
Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:
1.егер "а-оң сан " болса, ол жалпы түрде былай жазылады:а>0
2.егер " в-теріс сан " болса,ол жалпы түрде былай жазылады: в<0
3-топтың тапсырмасы. Кеше ауаның температурасы -2°С, ал бүгін ауаның температурасы төмендеп, -5°С болды. Онда -2 саны -5 санынан үлкен. Жазылуы: -2 > -5 Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен. ІІ. Жұптық жұмыс: «Мен саған, сен маған» (10 минут)
Бағалауы: өзара бағалау, топта қорытынды шығару №383. Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңдар. 1) 4; -7; 8; -1; 2) -35; 2 78 ; -14 ; 3) 8,1; -3,7; -9,8
№385. 1) Сандарды өсу ретімен жазыңдар: -14; 3; -235; 1,7; -8; 9,5; -4.
2) Сандарды кему ретімен жазыңдар: 3,5; -4,1; -12;2; 0; -1; -25.Сергіту сәті: (2 минут)
III. Жеке жұмыс: оқулықпен жұмыс (15 минут) Бағалауы: «Өзін-өзі» бағалайды.
№386. Мына сандарды салыстырып, нәтижесін > немесе < белгілері арқылы жазыңдар: 1) 8,7 мен 7,8 2) -4,1 мен 2 3) 2,9 бен -920 4) -6 мен -11 5) -18 бен -1,8 6) -100 бен 0
№387. Температураны салыстырып, кестені толтырыңдар
Температура, °С 3 пен -4 -7,5 пен -1 0 мен -2 5 пен -3 0 мен 8
Теңсіздік Жеке жұмыс «Логикаң қандай?» әдісі
№390 Координаталық түзудегі кескіндері бойынша х пен у сандарының модульдерін салыстырыңдар.
3)
х у 0 у 0 х
4)
0 х у х 0 у
IV . Үйге тапсырма: №388. Ережелерді жаттау (2 минут) V. Рефлексия: (3 минут)
Сабақтағы жұмыстарыңызға рахмет!
Оқушылар ББҮ бағалау парағына өз сұрақтарын жазады
(балалардың сабақты қорытындылауы, талдауы)