Алтын балы? жоспар (Балаба?ша)
Тақырыбы: Алтын балық
Білім беру саласы "Шығармашылық"
Бөлім Мүсіндеу
Тақырыбы Алтын балық
Мақсаты ермексазды есу, шымшып созу және жалпақтау тәсілі арқылы балықты мүсіндеуді үйрету;
тазалыққа тәрбиелеу;
қол икемділіктерін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер Ермексаз, алтын балықтың үлгісі, сүлгі, тақтайша
Билингвалды компонент Алтын-золотой (ая), балық-рыба, сары желтый.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері
Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз, күлеміз,Бірге балық аулаймыз, міне біздер қандаймыз? Орман көлге шыңға біз, саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз, әрқашанда біргеміз. Әрқашан тілектес, досыңа көмектес.
Үлгі суретпен жұмыс
Кенеттен сурет пайда болады.
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ.
Жүзіп кетсе соңында
Қалып жатқан ізі жоқ. (Балық)
Ғажайып сәт:
Есік қағылады. Алтын балық кіріп келеді.
-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен ертегідегі алтын балықпын. Мен су патшалығынан сендеге арнайы ұсыныспен келдім. Маған шәкірт керек. Маған алтын балық мүсінін жасап бересіңдерма?
Саламатсызба
Иә жарайды.
Ұйымдастыру-іздестіру -Алтын балық "Сендердің тілектеріңді орындау үшін, мені әдемілеп мүсіндеп, үйлеріңе алып барып, бір жақсы жерге қойып қойыңдар" дейді. Келіңдер, оны ермексаздан әдемілеп жасайық.
Балаларды үш топқа бөліп, 1 топқа
Алтын балықты мүсіндеу жолдарын көрсетіп, бірге жасатады:
сары түсті ермексаздан сопақша пішін жасату;
сопақша пішінді жалпақтату арқылы балық денесіне ұқсату;
кішкентай қызыл түсті ермексаздың бөлігінен аузын, қоңырқай түсті сәл кішірек бөлігінен құйрығы мен қанатын жасату;
жасалған балық денесіне аузы мен құйрығын, қанатын жапсырту.
2 топқа қағаздағы балық суретіне ермексаздан жабыстырып, үстіне жылтыр моншақтарды жабыстырады.
3 топқа мүсіндеу тақтасына құм ермексазын пайдалана отырып балықты мүсіндейді.
Сергіту сәті
Бір, екі - еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай,
Иілмесің тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты соз, жасқанба.
3 топтағы балалар жұмыстарын ауыстырады. Тәрбиешіні тыңдап, алтын балықты мүсіндеуге қызыға келіседі.
Сары түсті ермексаз бөлшектрін алады.
Ермексазды жібітіп, алақан арасында домалатып, жалпақтату әдісі арқылы сопақша пішінді мүсіндейді.
Айналдырып жібітіп, шымшу, созу әдістері арқылы құйрығы мен қанатын, аузын мүсіндейді.
Құйрығы мен қанатын, аузын жасап, балықтың денесіне бекітеді.
Сары түсті құм ермексазын мүсіндеу тақтасына себу арқылы балық бейнесін жасайды.
Өлеңді айтып, мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мақтайды.
Алтын балық балаларға естелікке сыйлығын ұсынады. Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Ермексазды жібітіп, онымен жұмыс жасауды.
Нені игереді Шымшу, созу әдісі арқылы балықты мүсіндеуді.
Нені біледі Бөліктерді біріктіруді.
№179
А.Хангелдин атындағы орта мектебі
"Нұрбөбек" шағын орталығы
Кеңейтілген оқу-іс қызметі
Тақырыбы: "Алтын балық"
Тәрбиешілер: Тажимбетова А.
ІІ-ші сәбилер "Қарлығаш" тобы
2016-2017 оқу жылы