Реферат на тему О?ушыларды олимпиадалы? тапсырмаларды орындау?а ?йрету ар?ылы логикалы? ойлау ?абілетін дамыту


Оқушыларды олимпиадалық тапсырмаларды орындауға үйрету арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту
Жоспары:
1.Кіріспе.
1.1.Өркениетке елеулі тұлға қалыптасыру.
2.Негізгі бөлім.
2.1.Бастапқы олимпиадалық тапсырмалар;
2.2.суреттер мен орындалатын тапсырмалар;
2.3.қазақстанның географиясынан тапсырмалар;
2.4.География пәнінен облыстық олимпиада тапсырмалары;
2.5.Олимпиадаларда көп қолданылатын терминдерден үзінді;
2.6.Тесттер
3.Қорытынды
Шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылық артады.
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік , дене бітімі және рухани азаматын қалыптастыру, тез өзгерген әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» деген мақсат қойылды.Орта білім берудің мақсаты – алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлай алатын, білімін өмірде қолданып,өз мүмкіндіктерін іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өзбетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
«Педогогика » сөзін грек сөзінен аударғанда баланы жетелеу деген мағына береді. Педогогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуы үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану ,баланың ойын барынша еңбек етуге шақыратын логикалық есептерді пәнмен байланыстырып, карта, масштаб, ауа температурасы, қысымы мен және обьектінің географиялық координатасын анықтау, жел өрнегін жасау,жер шары өлшемдерінің алынуымен байланыстыру, қазіргі кездегі олимпиада тапсырмаларын, ТІМSS және PІSА тесттеріне ұқсас тапсырмаларды т. б. сарамандық жұмыстарды күнделікті география сабақтарында қолданып отыру қажет. Оқушы өзінің теориялық алған білімдерін өз бетінше іске асыруға дағдыланады.Оны өмірде қолдана білуге дағдылынады.Әр-бір географиялық ұғымды, өлшемдерді жаттап қана қоймай, оның пайда болуына үңіле қарап,үнемі ізденіс үстінде болады.
Осылай білім берудің мазмұнын, әдістерін үнемі түрлендіріп , дамытып отыру,оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын арттырып,алған білімдерін қоғамда пайдалана білетіндей етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді.
География сабақтарында сарамандық жұмыстарға көп көңіл бөлу оқушылардың ойы мен белсенділігін дамытуда ерекше орын алады.Сарамандық жұмыстарға әр тараудан кейін бір сабақ және күнделікті сабақтарда 5-7 минут уақыт бөлген жөн деп есептеймін.
Негізгі бөлім.Бастапқы олимпиадалық тапсымалар.
1-тапсырма . Мына әріптермен ауа райының құбылыстары мен элементтері берілген:
А.Атмосфералық қысым. Ә.Ауа температурасы Б.Ылғалдық
В.Жел Г.Қар Д.Жауын – шашын.
Тапсырма Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
1)Ауа райын бақылауға арналған құрал-жабдықтарды тап.Жауапты төмендегі кестеге жаз.
С1.Флюгер
С2.Шаш гигрометрі
С3.Жауын-шашын өлшеуіш
С4.Барометр.
С5.Термометр
С6.Сырық.
2)Құрал жабдықтардың өлшем бірліктерін анықтаң.Төмендегі кестеге жазың.
К1.Сантиметр
К2.Грам/м 3
К3.Метр/сек
К4.Миллиметр
К5. Милиметр сынап бағанасы
К6.Градус . С ْ
Жауаптарды толтыруға арналған кесте.
Ауа райының
жай-күйі А Ә Б В Г Д
Өлшейтін құрал С5 Өлшем бірлігі К5
Жауабы:
Ауа райының
жай-күйі А Ә Б В Г Д
Өлшейтін құрал С4 С5 С2 С1 С6 С3
Өлшем бірлігі К5 К6 К2 К3 К1 К4

2-тапсырма. Теңіз деңгейінде ауаның температурасы +28 С 0 , 4 км биіктегі температура қандай болады?(3 ұпай)
3-тапсырма.Мына келтірілген мысалдан тәуліктік орташа температураны шығарыңдар.Ауаның температурасы:
Сағ 1-де ( -4С)
Сағ7-де (-5С)
Сағ13-де +4С0
Сағ 19-да +1С0
Жауабы: -4 С 0
4-тапсырма.Атмосфералық қысым А нүктесінде 790 мм,Б нүктесінде 810 мм.Екі нүктенің абсолют және салыстырмалы биіктіктерін табыңдар.
Жауабы:Ауа қысымы 10 метр биіктеген сайын 1 мм төмендейді.Қалыпты ауа қысымы 760 мм сынап бағанасына тең.А нүктесінің абсолют биіктігі 790-760=30мм. 30*10 =300 метр. Б нүктесінің абсолют биіктігі 810-760=50 иетр.50*10=500 метр.Екі нүктенің салыстырмалы биіктігі 500-300 =200 метр
5-тапсырма. Жел өрнегін құру.(5 ұпай)
Солтүстік-шығыстан 7 күн,
шығыстан 4күн,
оңтүстік – шығыстан 2 күн,
оңтүстіктен 1 күн,
оңтүстік – батыстан 3 күн
батыстан 2 күн,
солтүстік –батыстан 4күн,
солтүстіктен 3 күн жел соқты. (1күн=0,5 см)
Жауабы:
Солтүстік



Батыс шығыс
*

оңтүстік
6- тапсырма.Мына жол сызбасының азимуттарын анықтаң:

®
۝
©

۩
7-тапсырма. Теңіз деңгейінде ауаның температурасы +12 С 0 , 3 км биіктегі температура қандай болады? ( 2 ұпай)
8-тапсырма.Материктің шеткі мүйістерінің географиялық координаталары берілген .Материктің солтүстіктен оңтүстікке,батыстан шығысқа градуспен және километрмен алғандағы қашықтығын есептеу.( 5 ұпай)
Солтүстік Америка материгі . Солт. м: 710 50 ´с.ендік 940 45 ´б.б
Оң. м:70 12´ с.е 80 052 ´ б.б
Шығ .м:520 24´ с е 55 040´ б.б
Бат.м:650 35´ с е 168 0 05 ´б.б
9-тапсырма.Мына кестедедегі деректерді қарап ,оның қандай географиялық белдеуге сәйкес келетінін анықтаң. Кестеде берілген деректерді климаттық диаграммаға орналастыр:(5 ұпай)
Айлар І ІІ ІІІ ІҮ Ү ҮІ ҮІІ ҮІІІ ІХ Х ХІ ХІІ
Темпера 25,7 26,1 26,8 27,1 27,5 27,3 27,2 27,0 26,9 26,7 26,3 25,9
Жауын-шашын 215 155 166 174 182 169 172 217 181 208 254 263
10-тапсырма.ІХ-ХІ ғасырларда Солтүстік Америка жағалауларына жеткендер кімдер?
11-тапсырма.Жер шарының ауданының қанша пайызын құрлық алып жатқанын есептеп шығарың.(2 ұпай)
12-тапсырма1999ж есеп бойынша Қазақстан халқының тығыздығын есептеп шығар.(3 ұпай)
13-тапсырма. 1:250000 масштабты картада 4,5 см арақашықтық жер бетінде қаншаға тең. (5 ұпай)
14-тапсырма.1:1000 000 масштабты картада 1мм қашықтық жер .бетінде қаншаға тең?
15-тапсырма. 2. 1000 о азимут көкжиектің қай тұсын көрсетеді?
16-тапсырма.Жер бетінде 12 о,4км биіктегі температураны .анықтаңдар?
17-тапсырма.Қазақтсан халқының орташа тығыздығын есептеп шығарың.
18-тапсырма. 1 градус доғасының қаншаға тең екенін есептеп шығар.
19-тапсырма.Теңіз деңгейінде ауаның температурасы +36 С. 4 км биіктегі температура қандай болады?
20-тапсырма.Мына келтірілген мысалдан тәуліктік орташа температураны шығарыңдар.
Ауаның температурасы
Сағ 1-де -4С)
Сағ7-де (-5С)
Сағ13-де +4С
Сағ 19-да +1С
21-тапсырма.Қазақстандағы қорғауға алынған ерекше аумақтар 17 млн 874 мың га(2006ж) алқапты алып жатыр.Бұл көрсеткіш мемлекетіміздің жер көлемінің қанша пайызына тең? Ерекше қорғалатын табиғы аумақтар үлесін 10 пайызға жеткіз1.1:1000 000 масштабты картада 1мм қашықтық жер .бетінде қаншаға тең?
22-тапсырма.
23-тапсырма. Градус доғасының қаншаға тең екенін есептеп шығар.
24-тапсырма.Теңіз деңгейінде ауаның температурасы + 36 С.4 км биіктегі температура қандай болады?
25-тапсырма.Төменде жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы күштер берілген. Ішкі күштерге және сыртқы күштерге тиістісін бөліп жазыңдар?
1.Жайлап биіктікке қозғалуы
2.Су эрозиясы
3.Желдің жұмысы
4.Қатпарлы тектоникалық әрекеттер
5.Өзен жұмысы
6.Жер сілкіну
7.Теңіздердің жұмысы
Ішкі күштер --------------------- Сыртқы күштер-----------------------
26-тапсырма. Саяхатшылардың жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.Оңтүстік шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау.(53°54´ о.е
71° 18´ батыс бойлық)
27 тапсырма.Кескін картаға О. Американың жер бедерінің ірі обьектілерін түсіру. Батыс шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау.(4°45´о.е 81°20´ б.б.)
3. Ірі өзендері мен көлдерін кескін картаға түсіру. Шығыс шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау (7° 09´ о.е. 34° 48´б.б.) .
(Оңтүстік Америка материгінен) .
Ескерту: Осындай тапсырмаларды әр материкті өткеннен кейін алуға болады
28- тапсырма.Жер шары бетінің ауданы қанша? Қаншасын су алып жатыр? Пайыздық өлшемін есептеп шығарыңдар?
Шешуі:Жер шары бетінің ауданы 510 млн шақырым шаршы, оның 361 млн шақырым шаршы мухиттар алып жатыр.
510 млн шақырым шаршы---100 пайыз%
361млн шақырым шаршы---Х пайыз.Х=36100/510=70,78≈71пайыз.
29- тапсырма.Экватордың ұзындығы белгілі.(40055 шақырым).Жердің экваторлық радиусын есептеп шығар?
Жауабы:С=2πR шеңбердің ұзындығын табу формуласымен радиусты есептеп шығарамыз.
R =С/2π =40055/2х3,14=6378 шақырым.
Экваторлық радиус ұзындығы: 6378 шақырым.
Ескерту: Грек әрібі π (пи)-3,14 тең.Бұл шеңбердің оның диаметрінен неше есе ұзындығын көрсететін шама.
30 –тапсырма.Меридиан бойынша 1 градус доғасының ұзындығын есептеп шығар?
Меридианның орташа ұзындығы 40009 шақырым.
Шешуі: 360°----40009 шақырым
1 °-----Х шақырым.Х=40009/360=111,1 шақырым.
1 градус меридиан доғасының ұзындығы 111,1 шаырым.
Ескерту: Ең алғаш меридиан ұзындығын бұдан 2 мың жыл бұрын ежелгі грек ғалымы Эратосфен есептеп шығарды.
31-тапсырма.Солтүстік Американың солтүстік және оңтүстік шеткі мүйістерінің ендігі берілген.Солтүстіктен оңтүстікке қанша шақырым созылып жатқанын есептең.
Шешуі:Солтүстік м Мерчисон 71° 50΄ с.е.
Оңтүстік м . Марьято 7 ° 12 ΄с. е.
71° 50΄ с.е.7 ° 12 ΄с. е.=44 °´38´
44 °´38´х111,1=4930,6 шақырым.Солтүстік пен оңтүстіктің тікелей арақашықтығы 4930,6 шақырым болды.
32-тапсырма.1 минут меридиан доғасыеның ұзындығы қанша шақырым?
Шешуі:1 градус меридиан доғасының ұзындығы 111,1 шақырымға тең.
1 минут =1/60 градусқа тең.111,1/60=1,85.Демек 1 минут доғасының ұзындығы 1,85 шақырымға тең.
33-тапсырма.Егер-де екі нүктенің аралығы бірі-бірінен 45 минут айырмашылық жасаса, онда бұл екі нүктенің арақашықтығы қанша?
Жауабы:1 минут доғасының ұзындығы 1,85 шақырымға тең.
45х1,85=83,25 шақырым.
34-тапсырма.Жер шары шеңберінің орташа ұзындығы белгілі(40009 шақырым) .Жер шарының орташа радиусын табың.
Жауабы: С=2πR формуласымен табамыз.
R =С/2π=40009/6,28=6370,8≈6371 шақырым.
Ескерту:Жер шарының ең нақты өлшемдерін алған орыс геодезия ғалымы Ф.Н Крассовский(1873-1948 жж)болды.Оның деректерінде экваторлық радиуспен полярлық радиустың ұзындығы тең емес. Rэк-6378,2 шақырым
Rполюстік-6356,8 шақырым. R экваторлық R пол-дан 21,4 шақырым ұзын.
35-тапсырма.Жер шарында 24 сағаттық белдеу бар .1 сағаттық белдеу неше градусқа тең.
Жауабы: 24 сағат------360º
1 сағат-------Хº . Х=360/24=15ºтең
36-тапсырма.Жер шарының орташа радиусы белгілі, жер шары бетінің ауданын есептеп шығар.
Жауабы: Грек ғалымы Архимедтің ғылымға енгізген шар бетінің ауданын табу формуласы бар.S=4 πR²
S=4 πR²=4х3,14х6371²=509 805891≈510 млн шақырым шаршы.
Суреттер мен орындалатын тапсырмалар.

3-тапсырма. Сәйкесін тап.Карталарды жасаған ғұламалардың есімдерін және өмір сүрген уақытын төмендегі кестеге енгізіңдер:
А)

Ә)


Б)
В)

Толтыруға арналған кесте
№ А Ә Б В
Ғалым Өмір сүрген уақыты Жауабы:
Толтыруға арналған кесте
№ А Ә Б В
Ғалым Геродот Эротосфен Cтрабон Птолемей
Өмір сүрген уақыты Б.э .б.Ү ғасыр Б.э.б 276-194ғғ Б.э. 63-б.э24ж.ж Б.э 90-160 ж ж
4- тапсырма. «Не болды көлім саған...». Эссе жазу

Қазақстанның географиясы пәнінен тапсырмалар:
1-тапсырма.Тесттерді орындау.
Қазақстанда неше мемлекеттік табиғи қорық бар?
А)7 қорық
б)12 қорық
в)10 қорық
г)8 қорық
е)11 қорық
2.Қаратау қорығы нешінші жылы құрылған?
А)1998ж
б)2000ж
в)1992ж
г)1996ж
е)2004ж
3.Наурызым қорығы қайсы облыстың аумағында орналасқан?
А)Қарағанды
б)Павлодар
в)Ақмола
г)Қостанай
е)Қызылорда
4.Ұлттық табиғи саябақтарды көрсет?
А)Көкшетау, Қаратау, Қарқаралы
б)Баянауыл,Алтынемел,Бурабай
в)Үстірт,Қорғалжын,Іле-Алатауы
г)Бурабай,Шарын,Алакөл
е)Қарқаралы,Батыс Алтай,Марқакөл;
2-тапсырма
1.Сәйкесін тап;
Бурабай Қорықтар
Қаратау Табиғат ескерткіші
Ертіс орманы Қорықша
Жыл құстары Резерваттар
Бетпақдала Ұлттық саябақ;
2.М.Мақатаев мына өлеңінде қайсы көлді сипаттап жазды?
«Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!»
3.Қорықтың орталығының географиялық координатасы 49˚16΄ солтүстік ендік, 86˚37΄ шығыс бойлықта жатыр.
Бұл қайсы қорық?
4.Кестені толықтыр:
р/с Атауы Қорғалатын табиғат байлықтары Орналасқан
орны Құрылған
мерзімі
1 Баянауыл 2 ?
қорығы 2004ж
3 Қатон-Қарағай
5.Географиялық есептің шешуін табу;
Қазақстандағы қорғауға алынған ерекше аумақтар 17 млн 874 мың га(2006ж) алқапты алып жатыр.Бұл көрсеткіш мемлекетіміздің жер көлемінің қанша пайызына тең? Ерекше қорғалатын табиғы аумақтар үлесін 10 пайызға жеткізу үшін және қанша га аймақ қорғауға алыну керек?
6.Диаграммаларға кесте құрып,сипаттаңдар.Қазақстанның қай табиғат зонасына сәйкес келетінін анықтаңдар.Әр қайсысынан жылдық орташа амплитудасын есептеп шығарыңдар.

География пәнінен облыстық ,республикалық олимпиада тапсырмалары:
1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер:
1)Алтай –Мұзтау, Кавказ-Эльбрус,Орал....Орал тауының жұбын табыңдар.
2)Ресейдің әйгілі теңізшісі ,данияда дүнеге келген болған.Камчатка экспедицияларын басқарып, солардың бірінде қаза тауыпты.Оның аты Еуразия картасында 3 рет жазылған ...?
3)Геолог В .Докучаев бір сөзінде былай дейді: «Кешірім өтінем,көп ойланып мынаған тоқтадым, ...?....-мен мұны мұнай,көмір,алтын, темір барлығынанда бағалы,ең қымбаты деп бағалаймын.Мұны Ресейдің өмірлік сарқылмайтын байлығы деп білемін» депті.
Ол нені көздеді?
Жауабы :Қарашірік
4)Фанди шығанағының жағалауында ,құрлыққа 300 км еніп тұрған ,суы тәулігіне 2 рет 6 қабат (18 метр)үйдің биіктігіндей көтеріледі,кейін қайтадан төмен түседі.
Түсіндіріңдер:
1.Не себептен және не үшін?
2.Мұндай құбылыстарды өмірде қандай мақсатқа пайдалануға болады?
3.Елімізде қай табиғат құбылысын өмірде падалануды көздеп отыр?
5) Географиялық обьекттерді мазмұнына және материгіне қарай топтастырыңдар?
Триполи,Муррей,Калахари, Ұлы шөл,Замбези,Парана,Атакама,Рубь-Эль-Хали,Өлім аңғары,Мехико,Лима,Юкон,Сидней,Токио,Қарақия.
Жауабы:
Мазмұнына қарай
қала шөлдер өзендер
1.Триполи
2.Мехико
3.Лима
4.Сидней
5.Токио 1.Калахари
2.Ұлы шөл
3.Атакама
4.Рубь-Эль-Хали
5.Өлім аңғары 1.Муррей
2.Замбези
3.Парана
4.Юкон
6)Бұл мемлекет өз материгінде солтүстігіде орналасқан мемлекеттен кейін ауданы жөнінен екінші орынды алады,ал көрші елдерінің саны бойынша бұл елге материкте бір ел бәсекелес бола алмайды.Егер-де 40 шақырым теңіз бен шектеспесе,оны ішкі құрлықтық мемлекет деп атауға болар еді.Астанасы-4 миллиондық қала.
Жер аумағының көп бөлігін ойпаттар алып жатыр.Жер бетінің қалыптасуына те қана Амозонка өзенінен қалыс қалатын мол сулы негізгі өзені әсерін тигізіпті.Суының молдығына қарамастан бұл өзеннің тек қана орта ағысы су көлігіне ыңғайлы.Мұның себебі өзенде ұлы саяхатшы атымен аталған сарқыраманың болуы.
Мемлекеттің шығыс жағалауы жоғары сейсмикалығымен ерекшеленеді..Мұнда үлкен таулы қатпарлықта биік көлдер тізбегі өткен, олардың бірі материктің ең терең көлі болып табылады.Ел аумағының жартысынан көбін керіктің «Жақын туысы» және ең үлкен адам тәрізді маймылдар мекендейтін орман зонасы алып жатыр.
Орманда өзгеше ұлт өкілдері өмір сүреді: олардың бойы небәрі 140-150 см-бұлар жер шарының ең аласа бойлы адамдары. Тұрғындарының көпшілігі егіншілікпен айналысады.Мал шаруашылығын дамытуға бір жәндік кері әсерін тигізуде.
Төмені сызылған географиялық обьекттерді анықтап кестеге түсіріңдер:
Сұрақ Жауап Ұпай
Мемлекет 2
Астанасы 1
Көрші елдерінің саны 1
Көрші елдерінің аты 2
Негізгі өзені 2
Сарқырамалары 1
Қатапрлық атауы 1
Ең терең көлі 2
Табиғат зонасы 1
Жирафтың туысы 1
Ең ірі дам тәрізді маймыл 1
Ұлт 1
Жәндік 1
Материктің ең үлкен елі 2
Жауабы:
Сұрақ Жауап Ұпай
Мемлекет Конго Демократиялық республикасы 2
Астанасы Киншаса 1
Көрші елдерінің саны 9 1
Көрші елдерінің аты Конго,ОАР,О Судан,
Уганда,Руанда,Бурунди,Танзания,Замбия,Ангола 2
Негізгі өзені Конго 2
Сарқырамалары Стэнли,Ливингистон 1
Қатапрлық атауы Ұлы Шығыс Африка қыраты 1
Ең терең көлі Таньганика 2
Табиғат зонасы Ылғалды экваторлық орман,ылғалды тропиктік орман 1
Жирафтың туысы Окапи 1
Ең ірі дам тәрізді маймыл горилла 1
Ұлт пигмеи 1
Жәндік Цеце шыбыны 1
Материктің ең үлкен елі Алжир 2
Олимпиадаларда қолданылатын термин сөздерден үзінді:
1.Пампа- жазық дала
2.Пуна –тау аралық үстірттер
3.Климат –грек- еңкіш
4.Амплитуда- латын – кеңдік, жайылушылық
5.Гилея – грек – орман
6.Кампос-порт – жазық дала
7.Льянос-испан- жазық(Ориноко саваннасы)
8.Шхер-шағын жартасты аралдар
9.Рельеф-грек-жер бедері
10.Мәрмәр-грек-жылтырақ тас
11.Канал-латын – құбыр,науа
12.Ксерофит-грек-қуаңшылыққа төзімді өсімдік
13.Мезозой-грек-орташа,зое-тіршілік
14.Морена-франц-кесек тау жыныстарының үйіндісі.
15.Суккуленттер-лат- шырынды
16.Кебрачо- балта сынар ағашы
17.Сельвас-қалың орман.
18.Юкатан-үндіс-мен сені түсінбеймін
19.Абразия –латын-жемірілу
20.Абориген-латын-байырғы тұрғын
21.Аллювий-латын-үйінді ,қоқыс.
22.Батиаль-грек-терең
23.Вихрь-құйын
24.Гелиофит-грек-жарық сүйгіш өсімдік 25.Еуропа(эреб)-батыс
26.Азия(асу)-шығыс
27.Архей-грек-ежелгі
28.Бедленд-ағылш-жарамсыз жер
29.Галофиттер-грек-тұз және өсімдік
30.Кайнозой-грек-жаңа тіршілік
31.Саларес – тұзды батпақтар
32.Амазуну – үндіс-кері ағыс.
33.Титикака-үндіс- қалайы алаңы
34.Гуано-құс саңғырығы.
35.Креолдар-Испания - Португалиядан келгендердің ұрпақтары.
36.Гаруан – соқыр туман.
37.Федерация- құрамды.
38.Археология- ежелгі, ғылым
39.Маис-жүгері
40.Папа-перу-картоп
Қорытынды
Тәуелсіздік талаптарының мақсат – мұраттары да, табиғаты мен тағылымы да бөлек. Осы ретпен келгенде , оқу- білімді ұйымдастыру мен жетілдірудің инновациялық бағыттарын басшылыққа алу, оны өмір тұрмыста, еңбекте жүзеге асырудың мән маңызы айрықша болып табылады.Бұл шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады.
Оқу білімді ұйымдастыру мен жетілдіру ісін ойға алған тұста ,әрине ,бәрін басынан бастап,бұрынғыны жоққа шығару талаптарды басшылыққа алу, ұлттық мұраттқа негізделген байыпты бағдарламаға, тарихымыз бен танымымызға сан келетін үлгі-өрнектерге табан тіреп, сосын ғана әлемдік үрдістерге бет бұру қажет-ақ.
Бәсекеге қабілеттілік-білім нәрімен ,ғылым күшімен өлшенеді. Білім беру мен ғылымды дамытудың жаһандық үлгілері хәм инновациялық дамуға-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар мен энергияны үнемдеу сынды кешенді салалар жатады.
Демек заманәуи бағыттарды жіті бағалап ,уақыт тынысын дұрыс сезініп, содан лайықты қорытынды жасаудың берері көп.
Бұл-білім флагманына жету жолындағы бастапқы баспалдақтар қатарына жатады. Мұның басты бағыт, ерекшеліктері Елбасының Еуразия университетінде оқыған дәрісінде кеңінен көрініс тапты.Бізде осыдан тыс қалмауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Глобус» Лен.1964 г.
2.В.А .Коринская «Мет.пос .географии 7 кл»
3.А.Куприн«Занимательная картография» М-89
4.География және табиғат.2005 № 3
5. Малый атлас мира. Москва 1987г
6. Занимательная география
7.География,биология , экология орта мектепте.Журнал2008№1-2
8.Баланың ойымен белсенділігін дамытудағыойынның ролі.(Әдістемелік құрал) Шымкент -2006
9.Мемлекеттік бағдарлама. 2011-2020.2010ж