?аза?стан жолы — 2050: бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша? (5 сынып)


01.09.2014. 5-сынып
Бейбітшілік сабағы
Сабақ тақырыбы: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Мақсаты: Оқушылар жақсы оқу - өздерінің ең басты міндет екенін түсінеді; «құқық» пен «міндет» деген ұғымдарының мағынасын біледі; топтасып жұмыс жасауға үйренеді.
Барысы:1. Кіріспе.Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта». Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау.Негізгі сөздер мен сөйлемдер: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.ҚР Конституциясы.Өмір, денсаулық, бостандық.
2. «Бәріміз бірге!»  ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)а) Біздің  мемлекет – ҚР.ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.в) Елорда – Астана.г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім:  – Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сенің барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқыған бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең, әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
3. Топтарға бөлініп, постер құру және қорғау: «Ата-аналар (ересектер) құқығы - міндеті», «Балалардың құқығы - міндеті»
4. Пікірталас.- Адамға не қымбат? – Өмір.15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.1.    Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.
- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Оқушыларға сөз беру.Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Қазақстан
Қазақстанның жері үлкен. Батыстан шығысқы қарай үш жүз мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, шөл де бар.
Қазақстан тауы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - тікбұрышты көгілдір мата.Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені - 1 метр, ұзындығы - 2 метр.
Қазақтан туы
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек -
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі,мақтаны. С.Қалиұлы.

Қазақстан Елтаңбасы
Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы
жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті – алтын және көгілдір түс.
Елтаңбасы Елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанаты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында,
Талай - талай тер тамған.
Билігім өз қолымда.
Еркіндігім – Елтаңбам. С.Қалиұлы
Рәміз
Рәміздерім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала - дағы ең кіші.
Рәміздерім - Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Н.Қалқа

Сабақты қорыту.- Сендердің қазіргі міндеттерің?
  -Адамзаттың басты құндылықтарын ата.
Төрт байлық
Денсаулығың - бірінші,
Сол жадында жүрсінші!
Екіншісі - еркіндік,
Құсша самғап желпіндік!
Үшіншісі – тіліміз,
Онсыз жоқ-ау күніміз!
Төртіншісі – күш-қайрат,
Арманың ұш жайлап! Т.Елеусізұлы


М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі
Бейбітшілік сабағы
«Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Өткізген: Жылқыбаева А.Т.
2014-2015 оқу жылы