Та?ырыбы: «Айлакер т?лкі». Ма?саты:Ертегі кейіпкерлеріні? мінезін ажырата білу. Ертегі мазм?нын сахналап беруге ?йрету. Сахна ?ойылымына атсалысуына, ы?ылас білдіруді, с?йлеу м?неріні? к?ркемдік ?діс-т?сілдерін (дауыс ыр?а?ы, ымдау, ?имыл ?
Балдырған" ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 20.04.16 ж
Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс әрекеті:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айлакер түлкі».
Мақсаты:Ертегі кейіпкерлерінің мінезін ажырата білу. Ертегі мазмұнын сахналап беруге үйрету. Сахна қойылымына атсалысуына, ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту. Жануарлар туралы білімдерін тиянақтау.
Көрнекілігі: Орман, жолбарыс, түлкі суреттері, үнтаспа, үстел-үсті орталығының құралдары, өнер орталығының құралдары, кітап орталығының құралдары, желілі-рольді ойын орталығының құралдары.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мазмұндап беру, орталықтармен жұмыс, тақпақтар құрастыру, жұмбақтар, сурет салу, сахналау.
Білім беру салаларымен байланысы: «Шығармашылық», «Таным».
Билингвалық компонент: Орман-лес, түлкі-лиса, жолбарыс-тигр.
Әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалар
іс-әрекеті
Ұйымдас-тырушы, қозғаушы қызмет
Ұйымдас-тырушылық,
ізденістік
Рефлексті -түзетушілік Амандасу рәсімі.
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Жылуыма жылу қос!
Балалар, бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетіне қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше айы бар?
Қазір қай ай?
Үнтаспадан «Ерте, ерте,ертеде» әні естіледі.
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандықша» (Музыка әуенімен қөзді жұмып, айналамыз.)
Көзді ашу, сиқырлы сандықша пайда болады.
-Балалар қане сандықшаны ашып көрейікші ішінде не бар екен?
-Ой ашылмайды. Балалар қане осы сандықшаны ашу үшін сендер көктем мезгілі туралы тақпақ айтып беріңдерші сонда ашылатын шығар?
Тақпақтар:
–Балалар, бүгін біз бүгін ертегі тыңдаймыз. Ертегілердің көп екенін білеміз. Бүгінгі мазмұндап тыңдайтынымыз орыс халық ертегісі «Айлакер түлкі»
Ертегі жануарлар туралы. Жануарлар орманда тұрады, орманда тіршілік етеді Сондықтан оларды аңдар дейміз. (Ертегі мәтінін мазмұндап айтып беру)
Міне,балалар, түлкі айласын асырып ормандағы аңдарға қожалық ететін болды . Түлкі қызғылт түсті, қу, айласы мол аң. Жолбарыс батыл, күшті, аңқау аң. Енді жануарлар туралы ертегіні тиянақтау үшін, орталықтарға бөлініп жұмыс жасайық.
Өнер орталығы:
«Шығармашылық» білім беру саласы. Түлкі мен жолбарыстың суретін салу.
Кітап орталығы: «Қатынас » білім беру саласы бойынша: жолбарыс, түлкі, туралы тақпақ, жұмбақ айту.
Үстел-үсті орталығы: «Таным» білім беру саласы бойынша: Гоеметриялық пішіндерден түлкі мен жолбарыс пішінін құрастыру.
Сергіту сәті:
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар балалар,
Өз орныңды табыңдар.
Біз орманға барамыз,
Жан-жағымызға қараймыз .
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап,
Түлкі шықты майысып,
Сұрақ -жауап Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегі не туралы екен?
Ормандағы аңдарға не қожалық етті?
Ормандағы аңдарға не қожалық ету керек еді?
Орталықтардағы жұмысты қорыту.
Тақта мен жұмыс. Венн диаграммасы жұмыс.
Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде «Айлакер түлкі» ертегісін мазмұндап, сахналадық.
Айырмашылығы:
Жолбарыс
Аңқау, батыр, күшті, сенгіш.
Түлкі
Қу, айлакер, айлакер, батыл.
Ұқсастығы:
Қызғылт ала түсті аң. Орманда тұрады, терісі пайдалы.
Сарғыш түсті аң. Орманда тұрады, терісі пайдалы.
Оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мақтап, мадақтау.
Балалардың барлығы амандасады.
Сәлеметсіздер ме!
Көктем
Үш ай.
сәуір
Бір орнында айналу.
-Ашып көрейік.
Тақпақтарын айтады.
Айым
Алиакбар
Айзере
Орман, түлкі, жолбарыс суреттерін көрсету.
Жолбарыс пен түлкінің суретін салу.
Тауда жүрген тарғыл аң. Ол айбатты не? (жолбарыс)
Бармайтын жері жоқ Сайқымазақ қулығы бар. Бұл-қай аң?(түлкі)
Қырда жүрген ол жортып, Құйрығын бұлғаңдатып, Бұл-қай аң?(түлкі)
Құйрығы он қарыс Ол-қайратты не? (Жолбарыс)
Тақпақ: Кәмшәт
Түлкі бикеш мен едім, Аңқауды алдап келемін. Алау жақса балалар, Мен де билеп беремін!
-Пішіндеріне құрастырады.
Аңдарды бейнелеу
Ұнады.
Түлкі мен жолбарыс.
Түлкі
Жолбарыс
Тақтамен жұмысты орындайды.
Аңдардың ұқсастығымен айырмашылығын айту.
Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.
Күтілетін нәтеже:
Жаңғыртады: Ертегілер туралы түсініктері кеңіп, ой-өрістері дамиды.
Түсінеді:Ертегі мәтінін мазмұндап, жаңғыртып, аңдар туралы түсінік қалыптасты. Қолданады: Сахналау, рольге бөліне отырып ертегіні айтып беруді үйренді, орталықтарда жұмыс жасады.