Ертегі — ертегі сыр шертеді (орта??ы топ)
«Бекітемін» «Келісілді»
Мектеп директоры: _______ Абеев С. Е. Оқу ісінің меңгерушісі:_______
Байжуманова А.С.
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің
«Ботақан» шағын орталығы
«Ертегі - ертегі сыр шертеді» атты
«Қарлығаш» ортаңғы тобының ашық сабағы
Тәрбиеші: Егинбаева З.А.
Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы - 2016 жыл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тобы: Ортаңғы
Білім беру саласы: «Қатыныс», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, ҚМҰҚ, құрастыру, мүсіндеу. (кіріктірілген сабақ).
Тақырыбы: «Ертегі – ертегі сыр шертеді»
Мақсаты: Балалардың білімдерін нақтылау. Балаларға берілген тапсырмаларды жұптаса орындату барысында сөйлей отырып, тілдік қорларын, ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жанашырлыққа, достыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке және бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Технология: ТРИЗ- шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу .
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, сәбіздер, құрастыруға арналған суреттер, ермексаз, сүлгі, ермексаз тақтайшасы, себет .
Алдын ала жұмыс: сәбіз отырғызу, ермексаздан дайындалған жануарлардың дене мүшесін дайынау.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар! Балалар шеңберге тұрып, қонақтармен амандасады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар оқу іс-әрекетін бастамас бұрын, мен сендерге біршама сұрақтар қойғым келіп отыр:
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Оларды атап беріңдерші?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі жайлы кім маған тақпақ айтып береді?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Оларды атап беріңдерші?
-Қазір қай ай?
-Жарайсыңдар, балалар.
Ғажайып сәт.
Ой, балалар, есікті біреу қағып тұрған секілді?!
Хат тасушы апай кіріп келеді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен сендерге «Шалқан» ертегісіндегі Немере қыздан хат әкелдім. Мынау Немере қыздың хаты сендерге арналған екен. Мен сендерге бұларды табыстауға келгеніме қуаныштымын. Себебі, сендердей көрікті де ақылды балалармен жүздесу маған кереметтей қуаныш сезімін сыйлады. Бірақ, уақыт тапшы мен мына дорбамдағы хаттарды өз иелеріне жеткізіп үлгеруім қажет. Ал, олай болса балалар сау болыңдар.
-Қане, балалар хатты оқимыз ба?
Хат:-« Сәлеметсіңдер ме, «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері! Мен сендерді ақылды, алғыр балалар деп естідім, сондықтан да мына менің өтініштерімді мүлтіксіз орындауға көмектесе алатын достарым сендерсіңдер деп білгендіктен өзім шеше ала алмаған тапсырмаларымды және өтініштерімді жіберіп отырмын. Тапсырмаларым мен өтініштерімді дұрыс орындасаңдар, өзімнің жұлдызшаларыма ие боласыңдар! Сәлеммен: Немере қыз.»
-Балалар, біз Немере қызға тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?
- Ал, сендер «Шалқан» ертегісін білесіңдер ме?
- Ертегідегі шалқанды кім екті?
- Ата кімді шақырды?
-Әже кімді шақырды?
-Немере қыз нені шақырды?
-Ит нені шақырды?
-ең соңғы көмекке келген кім? -Жарайсыңдар балалар,сендер «Шалқан» ертегісін өте жақсы біледі екенсіңдер, ендеше Немере қыздың тапсырмаларын орындауды бастайық.
1)Балалар менің «Ақ қоян» деген досым бар. Бірақ сәбіз салатын себеті бос екен,оның жейтін сәбіздері жоқ. Және бүгін оның туған күні, мен оған сәбізге толы себет сыйлағым келеді ...
- Балалар, Немере қыздың өтінішін орындап мына себетке сәбіз жанап береміз бе? Ал ендеше екі топтан бір – бір баладан келе қойыңдар?
Бір бала салады, ал біреуің санайсың. Жарайсыңдар балалар, екі топқада Немере қыздың жұлдызшасынын берейік. Ал Ақ қоянның туған күніне арнап кім маған тақпақ айтып береді?
2) «балалар, менің достарым өте көп... білесіңдерме менің достарым маған естелікке берген суретті жыртып алдым. Енді оны қайта құрастыра алмай отырмын» , - депті. Ол суреті құрастырып берейік, және оның суретті естелікке берген досында біліп қалармыз.
Екі тапсырманы орындадық, келесі тапсырманы орындамас бұрын бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Орман жел үрлейді, у-у-у-у-у
Құйын соғып билейді, зу-зу-зу
Қатты–қатты жел соқты, ду-у
Жапырақтар қол соқты.
Шыдай алмай жапырақтар, ах-ах-ах
Билеп кетті атырап, пах-пах-пах!
3) балалар, менің достарым өте көп болғанымен, барлығы менің үйімде тұрмайды. Маған менің үйімде тұратын, менімен күнде бірге ойнайтын екі дос керек.
-Балалар, Немере қызға екі дос керек екен. Оған дос жасап беремізбе? Мен сендерге ермексаздан жасалған дайын әр түрлі жануарлардың дене бөлшектерін беремін. Сендер бұл дене бөлшектерінен өмірде жоқ ғажайып жануарды жасап шығарасыңдар. Және оған ат қойып, немен қоректенетінін айтып бересіңдер, келістік қой!?
-Жарайсыңдар барлықтарыңа жұлдызша берейін. Балалар, соңғы тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
Тілді дамыту жаттығуы:
Ға-ға-ға – ұшып келді қарға.
Ра-ра-ра – шағып алды ара.
Ян-ян-ян –секендейді ақ қоян.
Қыр-қыр-қыр - бұл көкжал қасқыр
Кі-кі-кі – бұл айлакер түлкі
Ю-ю-ю – қорбандаған аю
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-4
-Қыс, жаз, күз, көктем.
-Көктем мезгілі.
Көктем, көктем, көктемде
Күн шуағын төккенде
Күміс-күміс қағамыз
Ойнап асыр саламыз (Ж.Жақсыкелді)
-Күн жылынады, қар ериді, жаңбыр жиі жауады.
-3 ай бар
-Наурыз, сәуір, мамыр
-Сәуір
-Сәлеметсіз бе, хат тасушы апай.
-Сау болыңыз хаттасушы апай.
- Оқимыз
-Иә, көмектесеміз.
Білеміз.
Ата
Әже
немере кызды
Итті
Мысықты
Тышқан
Тапсырманы орындайды.
Ақ қоян (Захар)
-Қимыл-қозғалыс арқылы қайталап жасайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Рефлексивтік-түзету шілік Ашық оқу іс-әрекетін қорытындылау.
-Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Қандай тапсырмалар орындадық.
-Немере қыздың хатын бізге кім әкелді?
Жұлдызшамен мадақтау.
Балалар шеңберге тұрып, сұрақтарға жауап береді.
-Ұнады.
- тапсырмалар орындадық.
Ақ қоянға сәбіз жинап бердік, естелікке берген суретті құрастырдық және немере қыз,а екі дос жасап бердік.
-Хат тасушы апай әкелді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әр түрлі тақырыптағы тақпақтар біледі.
Игереді: ермексаздан ғажайып жануарды жасауды игерді.
Меңгереді: тапсырмаларды орындауда жаңа технологияны меңгерді.
Сәлеметсіңдер ме, «Балғын» тобының тәрбиеленушілері! Мен сендерді ақылды, алғыр балалар деп естідім, сондықтан да мына тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға көмектесе алатын достарым сендерсіңдер деп білгендіктен өзім шеше ала алмаған тапсырмаларымды жіберіп отырмын. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, өзімнің жұлдызшаларыма ие боласыңдар! Сәлеммен: Мақта қыз.