Бейнелеу ?нері Жануарлар жайлы ертегі. Ертегі кейіпкері (4 сынып)


Бейнелеу өнері 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жайлы ертегі. Ертегі кейіпкері.Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру,
мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке
тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру,
балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау. 2. Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту.
іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегіге деген
қызығушылығын арттыру, олардың бойында
шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік
талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін
дамыту. 3. Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне
арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру.
Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін
молайту, белсенділіктерін шыңдау.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнектілігі: техникалық құрал жабдықтары: интерактивті тақта,
компьютер, көрнекі бейнелеу құралдары Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталарын мен қызығушылықтырын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге, еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, сабақ барысымен тәсілдерімен таныстыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Үйге берілген мүсіндік жұмыстарын бағалаймын.
2. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: / слайд/
*.Көлемі үлкен мүсін қалай аталады? /монументтік/
*.Жан-жағынан көруге болатын мүсінді қалай атаймыз?/жұмыр/
*.Адамның тұтас бойы бейнеленген мүсін./статуя/
*.Жазықтық бетінен аз ғана шығып тұратын мүсін қалай аталады?/барельеф/
*.Жазық беттен көбірек шығып тұратын мүсін./горельеф/
*.Сазбалшықпен, таспен жұмыс жасайтын адамды кім дейміз?
/мүсінші/
Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе «Ертегі» сөзі шығады./слайд/
3.Жаңа сабақ.
/слайдта жануарлар туралы ертегіден иллюстрациялар көрсетіледі/
* Балалар, ертегі дегеніміз не?
* Ертегіден біз не көре аламыз?
* Ертегіні жақсы көреміз бе?

Ертегі десе ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі кейіпкерлері» деп аталады. Ертегі бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.Бар екен де, жоқ екен,Ерте ерте ертедеЕшкілері бөрте екен,Қырғауылы қызыл екен,Құйрықтары ұзын екен...


.
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар:
Ертегі Қиял-ғажайып Тұрмыс-салт Жануарлар туралы
1.тұрмыс-салт, /слайд/


Кейіпкерлері қарапайым адамдар.

2.қиял-ғажайып, /слайд/

Кейіпкерлері- халықтың қиялынан туындаған : айдахарлар , мыстан кемпір , ұшатын кілем , дәулер , желаяқ , көлтауысар , саққұлақ т. б. сияқтылар.
3.жануарлар туралы. /слайд/

Кейіпкерлері жануарлар. Олар адам сияқты сөйлейді. Жануарлар арқылы адамдардың мінез – құлқын көреміз.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады. . Ертегі мазмұнына арналып салынған сурет иллюстрация деп аталады.
Иллюстрация жасағанда мынандай талаптар ескеріледі:
Басты кейіпкерді айқындау.
Ертегідегі ең қызық сюжеттік көріністерді бейнелеу.
Композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру керек.
Иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуы керек.
Түрлі түсті бояулары ашық – жарқын болуға тиіс
Бүгін бауырсақ ертегісіне иллюстрация жасап көрейік.
Салыну кезеңдері көрсетілген. Осы композицияға ертегінің басқа кейіпкерлерін қоса бейнелейміз.Аю, түлкі , қоянның кез келген біреуін..4. Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс) Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:Ғажайып түс көрдім.Таң ата мен бүгін,Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.Нұрына шомылдым бүгін,Жұлдыз айы көркем,Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,Бұлттары билейді...
Слайдта берілген суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне жануарлар туралы ертегінің кейіпкерлерін бейнелейді.5.Сабақты қорытындылау.Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?Ертегі дегеніміз не? Қандай түрлері бар? 6.Үйге тапсырма беру. Суретті аяқтау.