Конспект урока по истории Казахстана по теме Саяси ?у?ын-с?ргін ж?не халы?тар депортациясы (9 класс)
-908671-57926900 Кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы»
Пән мұғалімі: Китанов.Б.К
Орал 2015ж
Сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Мақсаты: 1. Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуына әсер еткен тарихи жайлы оқушылар білімін тереңдету
2.Оқушылардың сол кезеңдердегі жүргізілген саясат туралы өз көзқарастарын, өз пікірлерін айта білу дағдыларын дамыту
3.Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: ҚР саяси-әкімшілік картасы, тірек сызба
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Шығармашылық ізденіс, ойлауды дамыту, пікірталас, талқылау
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Үйге берілген тапсырма тақырыпқа сәйкес қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларға сәйкес көркем әдебиет, тарихи құжаттардан қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары жөнінде мәліметтер жинақтау. Талдау барысында мынадай сұрақтар қою:
--Қазақстанда 20-жылдардағы демографиядық ахуал қандай болды?
--Қазақстан жеріне қандай ұлттар, қай кезеңнен бастап қоныстана бастады?
--Қазақстан лагерлерьлдер өлкесі деп неліктен аталды?
--Көші-қон саясатының қазақ халқының демографиясына тигізген әсері және оның зардаптары қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақ .
1. Елден қуудың басталуы.
2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі елден қуу саясаты.
3.Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері
4. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы.
5. «Қазақ тілі» қоғамы және «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы»
1.Елден қуу деген ұғымның мәнін ашып көрсету,сол жөнінде мағұлмат беру
Елден қуу дегеніміз( депортация)—белгілі бір адамдар тобын немесе халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа өлкеге жер аудару.Бұл саясат соғысқа дейін-ақ қолданылды. Сөйтіп Қазақстан 30-жылдары қуылған халықтардың өлкесіне айналды. Қазақстанға елінен қуылған халықтарды жаппай қоныстандыру 1937 жылдан басталды.
Картамен жұмыс. Қазақстанға жер аударылған халықтардың тарихи Отандары:
--поляктар шекаралық аймақтарды
--кәрістер тазарту үшін
--немістер сенімсіз халықтар қатарына
--эстондар, латыштар, литвандар, жатқызылды
--молдавандар, күрдтер, түріктер,
-- гректер,ассириялықтар, ирандықтар
3.Оқулықтан осы жер аударылған халықтардың құқықтары қалай бұзылғаны туралы мәліметтерді тапқызып,талдату
--күштеп жер аударды
--кейбір ұлттық мемлекеттік автономиялық құрылымдарды жойды
--жеке ұлттарға қарсы бағытталды
--азаматтық құқықтарына шектеу қойылды
--шахталарда, құрылыста, қорғаныс өнеркәсіптерінде, ағаш даярлау орындарында,еңбек қоныстарында тұтқындар сияқты ұсталды.
4. Ұлы Отан соғысы кезіндегі көші-қон саясатының бағыттары:
1.Соғыс жылдарында тылға зауыт- 2. 1943 жылы уақытша немістердің қол
фабрикалармен бірге көшірілген астында болған Солтүстік Кавказ бен
адамдар Қырым аймағындағы аз ұлттарды
жаппай жазалау нәтижесінде күштеп
жер аудару: қарашайлар,шешендер,
ингуштар, балкарлар,күрдтер.
5. Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсерін анықтату
Елдің түкпір-түкпірінен 600-мыңнан астам адам, 102 ұлт өкілі келген.
6.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізіп жатқан саясаты туралы мәліметтер беру.
1992 жылы Жоғарғы Кеңесте қабылданып, 1993 жылдан бастап күшіне енген «Көші-қон» саясаты.
«Қазақ тілі» қоғамы
«Қазақстан халықтары Ассамблеясы»
Қазақстан халықтары Ассамблеясының қандай жұмыстар жүргізетіндіктерін сұрау, оқушылар жауаптарын толықтыру. Тірек сызба қолдану елдегі ұлттық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді;әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады;
әр түрлі ұлттардың рухани-мәдени жағынан қайта өркендеуі мен дамуына, азаматтардың демократиялық нормаларға негізделген саяси мәдениетін
қалыптастыруға әсерін тигізетін ұсыныстарды әзірлейді.
7. Өз тұрғыңды білдір.
-- Мемлекеттік тіліміздің қоғамдағы алатын орны қандай дәрежеде? - деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу
Қазақ ұлтының болашақ даму жолында мемлекеттік тілдің –қазақ тілінің қазіргі таңда ең негізгі мәселе екенін нақтылау.
ІV.Сабақты қорытындылау.
- Қазақстанның көп ұлт өкілдері мекендеген мемлекет болуына қандай жағдайлар себеп болды?
- Елден қуу дегеніміз не?
- Ұлы Отан соғысы кезінде қандай демографиялық ахуал қалыптасты?
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма. 23.Саяси қуғын-сүргін және халықтарды елінен қуу саясаты туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
Сабақты тақырыбы: Саяси қуғын сүргін және халықтар депортациясы Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Кеңестік дәуірдегі саяси зобалаңның зардаптары және депортацияның демографияға тигізген әсеріне тоқталу;
Дамытушылық: Оқушылардың ашық, жүйелі сөйлей білу, ой - пікірін, көзқарасын дәлелдеу, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға саяси, азаматтық, патриоттық дәріс беру. Отанына, жеріне, халықтар достығына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, тест.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тірек - сызба, түсіндірмеСабақтың түрі: Аралас сабағы.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аударып,
сабақтың мақсатымен таныстыру.
«Мән бермеппін жер атына бұрын мен,
Кездерім көп мән бермеуден сүрінген»
Ж. Нәжімеденов20 - 30 жж этнодемографиялық ахуалПатша үкіметінің қоныстандыру саясаты1868ж «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы»
1886ж «Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралы»
1883 ж «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы»
1889 ж «Село тұрындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы»
1891ж «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы»
Саяси қуғын – сүргін және халықтар депортациясы• Депортация
• Ұлы Отан соғысы кезіндегі жер аудару саясаты• Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографиялық жағдайға әсері1920 - 1950 жылдары күштеп қоныстандырылған халықтар♦ Поляктар, кәрістер, немістер –
1936ж 28 сәуір Солтүстік Қазақстанға КХК қаулысы бойынша 15 мың поляк;
1937ж Қиыр Шығыстан 95 903 кәріс;
1941 ж 28 тамызда 361 мың неміс жер аударылды.
♦ шешендер, ингуштер - 1944ж ақпанда Ингушетиядан шешендер мен ингуштар жер аударылып, бір бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды.
♦ Күрдтер, түріктер, 1944ж қарашада Азербайжаннан, Грузиядан, Армениядан күрдтер;
Грузиядан түріктер Қазақстанға күштеп қоныстандырылды.
Ресейдің қоныстандыру саясатының және депортацияның салдарынан бізде қандай проблемалар туындады?
П р о б л е м а л а р
1. Қазақтар байырғы атамекен жерлерінен айырылып қалды.
2. Қазақтар өз жерлерінде резервацияға ұшырады.
3. Қазақтар өз Отанында азшылыққа айналды.
4. Қазақтар мәңгүрттерге айналды.
5. Маргиналдар пайда болды.
6. Этнотопонимикалық атаулар өзгеріске ұшырады7. Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді.
8. Қазақ мектептері жабылды.
9. Экологиялық проблема болды.
10. Полигондардың адам денсаулығына әсері.
11. Мал шаруашылығының жағдайы.
Проблемаларды шешу жолдары қарастырылды ма?
Проблемаларды шешу1989ж 22 қыркүйек - «Тіл туралы» заң қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
1992ж - Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы болды.
1992ж - «ҚР көші - қон туралы» Заңы қабылданды.
1995ж – «ҚР тұратын шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң қабылданды.
1995 ж - Қазақстан Халықтар Ассамблеясы құрылды1997ж - «Көші - қон және демография агенттігі» құрылды.
Қазақстан оралмандар одағы құрылды.
Жер, су атаулары қайта қалпына келе бастады.
Елбасының 2008ж 6 ақпандағы жолдауында бірқатар әлеуметтік мәселелер шешілді.
2010 ж президент Жолдауы: 2020 жылға қарай халық саны 10 % өсуі үшін мемлекет барлық мүмкіндікті жасайды