Бейнелеу п?ні: Мемлекетті? т?уелсіздігі хал?ыны? ба?ыты.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
Карасаева Сулушаш
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Бейнелеу өнері 2«В» сынып
Сабақтың тақырыбы:Симметрия ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Симметрия туралы мағлұмат беру.Табиғаттағы симметрия көрінісін табу,симметриялы заттарды бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды табиғатты,қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Симметрияны танып білуді дамыту.Білім білік дағдыларын кеңейту,тереңдету.
Сабақтың түрі:Топтық
Пәнаралық байланыс:Ана тілі,дүние тану,музыка.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сурет салу,топтық жұмыс,кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Оқулықтағы суреттер,сергіту сәті,суретті карточкалар,жапырақ,көбелек бейнесі,үнтаспа т.б.
Қажетті құралдар:Қарындаш,сурет дәптер,акварель,бояу тақта,су құятын сауыт,қол орамал т.б. заттар.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі.
а)амандасу,оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
б)оқу құралдарын тексеріп,назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру және сұрау.
а)Оқушылар жұмыстарын тексеріп,сынып болып талдап бағалау.
ә)Өтілген тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру.
1.Киіз үй қандай негізгі бөліктерден тұрады?
2.Мына суреттегі ұлттық кілемдер қалай аталады?
3.Киіз үйдің іші қандай бөліктерге бөлінеді?
4.Қазақтың ұлттық кілемдері қандай оюлармен өрнектелген?
5.Киіз үйді тіккен кезде шаңырақты кім көтерген?
6.Киіз үйдің кереге,уыктарын кім құрастырады?
7.Қазақтың ұлттық кілемдерін ата?
8.Түсті жіптермен кестеленген кілем қалай аталады?
а)тұскиіз
ә)сырмақ
б)текемет
9.«Кілем» сөзжұмбағы.К І Л Е М 1.Киіз үйдің қабырғасы.
2.Түсті жіптермен кестелеген кілем.
3.Түрлі жіптермен тоқылған кілем.
4.Пісірілген киіз кілем.
5.Түрлі түсті киізден сырып жасалған киіз кілем.
10.Ою-өрнектердің негізі неше түрге бөлінеді?
3.Сабақтың мақсатын қою.
Симметрия түсінігі және құбылысымен таныстыру.Табиғаттағы симметрия көрінісін табу.Симметриялық бейнелеуді монотипия техникасында орындауға үйрету.
4.Жаңа сабақ :теориялық бөлім:
Жаңа тақырыпты ашу.Жұмбақтар шешу.
Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге. (жапырақ)
Гүлден гүлге қонады ара емес,
Ақ,сары боп бау-бақшаға сән береді?Ол не? (Көбелек)
-Бүгінгі жасайтын бұйымдарды білдік(суреттерді іліп қою)
Енді өзіміз айтайықшы,
-менің қолымда не?
-жапырақ
-осыны мен бүктедім
-дәл беттесті
-енди қайта аштым
-екі жағы бірдей.
-ендеше бөліктердің екеуі дәл беттессе оны симметриялы деп атаймыз.
Оқушылардың өздерінің мысал келтіруі (алақан,кітап,дәптер т.б.)
Егер суреттегі бейнелердің әрқайысын тең ортасынан бүктесек бөліктер екеуі бір-бірімен дәл беттеседі.Бұларды симметриялы дейді.Сендер жапырақты,көбелекті көріп тұрсындар бұлар симметриялы.
Көбелек-сұлулығымен қатар пайдалы және зиянды жәндік.Ол гүлден гүлге қонып оларды тозаңдандырып,оның көбеюіне көмектеседі.Көбелектер өте нәзік,әлжуаз,сәл жақындағанның өзі оларды жарақаттауы мүмкін.Көбелектердің көптеген түрлері бар.
Әлемдегі ең ірі көбелек-агриппина.Қанатының ұзындығы-27см.Ол түнде ұшады.Көбелектердің ішіндегі ең адемі көбелек-улис деп аталады.
Жапырақ өсімдіктердің ауада қоректенетін және дем алатын мүшесі.
Симметрияның көптеген мысалдарын тұрмыстық заттардан көруге болады.Айналадағы заттарға қарап,ойша олардың әрқайысысын тең екіге бөлетін сызық жүргіз.Бұл сызық симметриянның осі деп аталады.
Біз бейнелеу өнерінде де симметрияны кездестіреміз.Көптеген заттарды симметриялы етіп бейнелеуге тура келеді.
Симметриялық бейнелеудің ең оңай тәсілі-монотипиялық техникада орындау болып табылады.Көбелектің суретін осы тәсілмен орындауға кірісейік.
Ә)Машықтық бөлім.
Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында үнтаспадан музыка ойнап тұрады.Оқулықтағы көбелектің суретін монотипиялық техникада орындаймыз.Жұмысты аяқтаған соң балалар суреттерді салыстырып,қай жұмыс әсерлірек шыққанын анықтайды.
5.Сергіту сәті.Балалар шаршадыңдарма?олай болса сергіту жаттығуын орындайық.(үнтаспада музыка ойнап тұрады)
Әй,көбелек,көбелек,
Ұшып жүрсің төбелеп.
Жеткізбейсің далада,
Қуып жүрген балаға.
6.Қорытынды бөлім:
Симметрия дегеніміз не?
Симметрия осі деп нені айтамыз?
Көбелек қандай жәндік?
Әлемдегі ең ірі көбелектің аты?
Оның қанатының ұзындығы қанша?
Ең әдемі көбелектің аты?
7.Үйге тапсырма.
Көбелектің суретін аяқтап келу
8.Бағалау:
Оқушылар жұмысын түрлі түсті жапырақтар арқылы бағалау.
Сары жапырақ «5»
Қызғылт жапырақ «4»
Жасыл жапырақ «3»