16 Желто?сан — Т?уелсіздік к?ніне арнал?ан «Т?уелсіздік – тірегім!» атты мерекелік кеш сценариі


«Бекітемін»
Мектеп директоры: М.НуровСайрам ауданы
№94 жалпы орта мектеп
-14668543053016 Желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегім!»
0016 Желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегім!»

атты мерекелік кеш сценариі
Аксукент 2015ж
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
2 – жүргізуші:  Алаулаған алабынан нұр тамып, Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді төріңде, Әнұраның тұр көгіңде шырқалып. (әнұран орындалады – 5 сынып оқушылары.)
(Икрамов Алишер рапорт тапсырады) - Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы алып кірілсін! (Ортаға ту әкелінеді).
(Слайд – фильм – 7 мин)
1 – жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің  Бүгінде бар әлемге даңқың жетті  Тәуелсіз Қазақстан – елім менің – дей отыра құттықтау үшін сөз мектеп директоры М.А.Нуровқа беріледі.
Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі .......................... ..............аның
«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында баяндамасын тыңдаңыздар және слайдқа назар аударыңыздар. 1 – жүргізуші: Ал ендігі кезекті мектебіміз оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламасына берсек, қабыл алыңыздар.

Бақытым-Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. Алдарыңызда бишілер тобының орындауында
«Қазақ биі.» ( 10 – сынып қыздары)
(5 – а сынып қыздары орындауында «Баркамол авлод» биін қабыл алыңыздар)
1 – жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,  Кеңейттім кең әлемге керегемді.  Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар  Таныды тепе - тең деп тереземді.  Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,  Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.  Ән: «Қазақстаным алға!» орындайтын: 10 – б сынып қыздары
2 – жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,  Жатыр алып жарты дүние әлемін.  Бұл даланы анам жаспен суарған,  Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады.
9 – а сынып оқушыларының олеңдерін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,  Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп Өмірдің сырын ашып жүрегіме Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,  Жандырған ой – қиялды қалың күйік  Шерттіріп құнарлырақ домбыраға  Тербеліп ырғағына тамылжиық – дей отыра ортаға
11-б сынып оқушысы Азатов Ахрорды шақырамыз «Жаса Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.  Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.  Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.  Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,  Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!