?аза?стан Республикасы Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына арнал?ан ?нім са?ан, ?аза?стан! т?рбие са?аты
Тақырыбы: «Әнім саған, Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларға Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы беру, түсіндіру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан, туған жер туралы өлең тақпақтарды үйрету. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараға белсенді қатысуға жаттықтыру.
Көрнекіліктер: слайдтар,көгілдір түсті жалаушалар, түрлі-түсті шарлар, гүлдер.
Залды безендіру:
1.Жүргізуші: -
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар!!!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне жиырма бес жыл толуына
арналған «Әнім саған, Қазақстан!» концертіне қош келдіңіздер!!!
2 «Г» сынып оқушыларын қарсы алайық!!!
/Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні ойналғанда балалар залға өтеді/.
Ән орындалып болғаннан кейін балалар хормен:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жүргізуші:
Қазақ халқының биі «Қамажай». Орындайтын әнші, биші, жақсы оқушы Неустроева Елизавета. Қарсы алайық!!!
Жүргізуші:
Екінші «г» сынып оқушылары ақындардың Отан, туған жер туралы жаттаған өлеңдерін ұсынады.
Коваленко Дарья
Отан – тарих, Отан – тіл,
Болашаққа бастаған.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Оны сыйлап, сүйе біл!!!
Родная земля –
Молодая и древняя,
Пою о тебе
И тобою живу!
Ефанова Виктория
«Тәуелсіздік»
Болашаққа серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ,
Тәуелсіздік – еркіндік.
Привет тебе, народ родимый,
Герой труда неутомимый,
Среди зимы и в летний зной!
Привет тебе, мой край родной!
Байдак Алексей
«Отан»
Отан менің ата-анам,
Отан досым, бауырым.
Отан өлкем, астанам,
Отан туған ауылым.
Квочина Маргарита
«Отан»
Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз,
Отан – көңілді ән, күйіміз.
Ч.Арина
«Менің Отаным»
Бақыт елі – бұл Отан,
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан – Ұлы Отан
Ұлы Отанды сүйеміз.
К.Данил
«Біздің заң»
Оқу оқы, еңбек ет,
Демал, досқа бер көмек.
Отанды сүй, адал бол,
Өнегелі адам бол!
Неустроева Лиза
«Біздің Отан»
Отан – таңның арайы
Күн нұрынан тараған.
Отан – бақыт сарайы
Ел қызығып қараған.
Жанель
«Отан»
Отан деген немене?
Отан деген ұлы сөз.
Отан – тарих, Отан – тіл.
«Отан» - деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
М.Назар
«Туған өлкем»
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен, сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Ефанова Ксения
«Отан»
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан.
Тоқмагамбетов Асхат
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан –қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Бойко Анна
Шығысыңнан арайлы
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Икрям Амир
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім.
Құшағыма гүл атам.
Кузнецова Полина
«Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін».
Юфковецкий Андрей
Отан осы, достарым,
Отан қорған баршаға.
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл!!!
Москолева София
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз!!!
Жүргізуші:
Орыс халқының биі «Калина». Орындайтын - екінші «г» сынып
оқушылары.
Жүргізуші:
«Арнау жыры» мәнерлеп оқитындар: Морозова Екатерина,
Морозов Артём,
Жусупов Алаң,
Азаров Иван Жүргізуші:
6. «Тәуелсіздік таңы». Орындайтын – хор.
«Тәуелсіздік таңы»
Қазақстаным – Отаным!
Шалқыған шаттық ордасы.
Тәуелсіздіктің ұраны,
Шалқыған шаттық арнасы.
қайырмасы:
Елімде тыныш,
Жерімде тыныш,
Бейбіттің әні шырқасын.
Бақытты елім,
Бақытты жерім,
Тіл көзден сені сақтасын.
Тәуелсіздіктің ұраны,
Қырандай көкке самғасын.
Көк туым менің желбіреп,
Тұғырың мәңгі таймасын.
қайырмасы:
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!!! Әрқашанда достық пен еңбек, білім мен парасат болсын!!! Еліміз гүлдене берсін!!! Әнім саған, Қазақстан!!! Мереке құтты болсын!!!