Дошкольный открытый урок Р?міздерім-елдігімні? белгісі



Рәміздерім-елдігімнің белгісі
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі-Гимн
Сезім биігі,
Төзім нығы-Гимн
Әннің асылы,
Ұранның басымы-Гимн
«Гимн» орындалады
Тәрбиеші:Балалар,бүгін ерекше күн.Бүгін біз Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктер аламыз.
Қазақ елі ұлан-байтақ.Осындай кең-байтақ жерге ие жас,егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз рәміздері бар.
Ол -көтерген Туы мен Елтаңбасы,асқақтата әуелеткен Гимні.Еркіндікке ұмтылған қай ел,қай халық та өз даусымен сөйлеуді,өз үнімен жар салуды армандайды.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері-Туы,Елтаңбасы және Гимні бар»-делінген.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді аталар мен әкелеріміз сияқты қадірлеуге,сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат,нәр береді
Отан ұран,Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді-демекші,Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу міндетті парызымыз болып саналады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің сөзінде «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер –халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып,қыран бүркіттей еліміздің аспан әлемінде қалықтап тұр»деп атап көрсеткен.
Тәрбиеші:Балалар,біздің Елбасымыз кім?
Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар! Әр елдің өз басқарушысы болады. «Президент» сөзін латын тілінен аударғанда «алдында отырған»деген ұғымды білдіреді екен.Біз Нұрсұлтан атамызбен бірге егемен еліміздің туын көкте желбіретіп келеміз.
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білеміз бе?
Балалар:Біздің рәміздеріміз –Ту,Елтаңба,Гимн.
Тәрбиеші: Рәміздеріміз туралы өлең оқып беру.
Көк туым көтеріліп,бағым жанып,
Елтаңба төрде әлемге танылды анық
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып.
Әнұраным,жанұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республикам-Әнұраным
Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ жалауы
Тірегі әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Адина:Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Ән: «Біз бақытты баламыз» хор.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!
1992 жылы 4 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»туралы заңға қол қойды.
Туымыз ашық көгілдір түсті,тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікті,ал астында қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді.Сонымен бірге туымыздың сол жағы қазақ халқының ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген.Тудың авторы:Шәкен Ниязбеков.
Ал Елтаңбамызда көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақта жан-жаққа тараған сәулелер тәрізді,шеңбер бойымен уықтар орналасқан.Шаңырақ пен уықтар елімізде тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.Сонымен қатар алтын қанатты қос пырақ пен бес бұрышты жұлдыз бейнеленген және «Қазақстан»деген жазу бар.
Елтаңбаның авторлары:Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Салтанатты жағдайларда орындалатын Гимнімізді әр кезде де мақтанышпен шырқаймыз. Гимнде ежелден батыр,ер жүрек,намысты қолдан бермейтін халық екеніміз,жеріміздің байтақ,кең екені айтылады.Гимнді орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүрек тұсына қойып орындаймыз.
Гимннің сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев,әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов.
Тәрбиеші:Рәміздер туралы тақпақтарымен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Мейрамбек: Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы
Нұрын күндей төгіп тұр,
Жылдарымыз жайдары,
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Камила: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әлемі.
Нұрсауле: Құт,береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген
Нұрлыбек: Мөлдір бұлтсыз,ашық аспан күмбезің,
Бейнеленген алтын шапақ күн көзің
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны,
Көріп жүрмін көк Туымды күнде өзім
Тәрбиеші:Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан
Тәрбиеші:Балалар ,біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:Қазақстан Республикасында.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі.Біздің ұлан-ғайыр өлкемізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар барлығы тату-тәтті,ынтымақта тұрып жатыр.
Тәрбиеші:Біздің елордамыз қай қала?
Балалар:Астана қаласы.
Тәрбиеші:Дұрыс таптыңдар,еліміздің бас қаласы Астана қаласы екен.1998 жылы жаңа елорда атауы Астана боп өзгертілді.Астана қаласы күннен күнге көркейіп,өсіп келе жатыр.
Ойын: «Бәйге»
Тәрбиеші:Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз-бейбіт күн
Ашық болсын көк аспан!-дей келе келесі кезекті тақпаққа береміз.
Назым: Көк аспандай көкпең-бек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақсұңқар: Жарқыраған әр таңды,
Мемлекеттік Елтаңба
Халқымыздың бейнесін,
Кең таныта өрлесін.
Мөлдір:Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Сұлтангерей: Көгілдір түс мөлдір таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн
Бейбітшілік,тыныштықтың нышаны,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Әли:Қазақстан Рәміздері-елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші
Әнұран, Көгілдір Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Айбек:Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші:Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағы
Байтақ елім Қазақстан,
Ең бақытты балалардың Отаны!
Ән: «Атамекен»хор.
Тәрбиеші:Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз Тәуелсіздігін алып бүгінде әлемге танылды.Еліміздің болашағы-бүгінгі бүлдіршіндеріміз аман болсын!
Еліміз тыныш болып,Отанымыз көркейе берсін!

МКҚК «Айгөлек» балабақшасы

«Рәміздерім-елдігімнің белгісі»


Тәрбиешісі:Сисенбаева Р.Т.