Жабайы жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі мектепалды даярлы? сыныбында ?йымдастыр?ан о?ыту ?рекетіні? технологиялы? картасы
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырған оқыту әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту,сұраққа жауап арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Ұйымдастырылған оқыту әрекетінің материалы:жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер,
ойыншық қоян,әліппе-дәптер, жұмбақ жинағы, әуен, конверт, жануарлардың суреттері,карточкалар
Сөздік жұмыс:суыққа дірдектеп-қалшылдап тоңу;айдын-жайылып жатқан су алабы.
Билингвальдік компонент:қыс-зима,қоян-заяц,түлкі-лиса, аю-медведь
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
1 2 3
Уәждемелік -түрткілік Шаттық шеңбер.
-Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы.Кане барлығымыз алақандарымызды түйістіріп бір-бірімізге жылыуымызды берейік.
-Балалар, табиғат бұрышында нені байқадыңдар?
-Ия, қоян.
-Неге қоянның түсі ақ?
-Қоян қандай жануарға жатады? Шеңберге тұрып, алақандарын түйістіріді.
Балалар табиғат бұрышындағы қоянды байқайды.
-Қыста қоянның түсі ақ,жазда сұр.
-Жабайы жануар.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру.
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды?
-Қыста аңдар немен қоректенеді?
-Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар болады.Сондықтан олар қысқа азық жинайды.Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді.Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуысына жинайды.Қыста соларды қорек етеді.
Кейбір жануарлар қысқа азық даярламайды.
Мысалы:бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді.Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді.түлкінің мұрны иісшіл,құлағы жақсы естиді.Ол қарды иіскелеп,қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды.Түлкінің азығы-тышқан.
-Аю жайлы не білесіңдер?
Сөздік жұмыс:суыққа дірдектеп-қалшылдап тоңу;айдын-жайылып жатқан су алабы.
Билингвальдік компонент:қыс-зима,қоян-заяц,түлкі-лиса, аю-медведь
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суреттегі қоян мен аюдың қорегін сызық арқылы көрсету.
Ә. Табылдының»Ақ аю» өлеңнің мәнерлеп оқу,бірнеше рет қайталау.
Ақ қар, мұз тау етегі-
Ақ аюдың мекені.
Балық іздеп айдыннан
Балпаң-балпаң етеді.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ,сұр қоян
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиғын салып көзінін
Келе жатқан томпандап,
Көжегі екен өзің.
Карточкамен жұмыс.
«Қандай жануар»дидактикалық ойын.
Мақсаты:Ойықтан көрінген дене мүшелері арқылы қандай жануар екенін табу.
Жұмбақ жасыру:
Жылқы тұмсық,
Ешкі құйрық.
Есек құлақ,
Қорқақ өзі, қыли көзі.
Мынау оған керегі,
Балды жақсы көреді.
Қыс бойы жылы апанда,
Ұйықтау оның өнері.
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу.
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні.
Бұтадан бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Жатып-жатып инелер,
Жүгіріп жаныңа тез келер.
Әуен орындалады,жануралардың қимылын көрсету. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
-Қыс
-Жылы үлпілдеген жүні,індері,
апандары
Қасқыр, түлкі-жыртқыш аңдар.Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді.
Қоян ағаш бұтақтарында кеміріп күнелтеді.
-Аю жаз бойы денесіне май жинайды,қыс бойы апанында жатып табанын сорады.
Сөздерді қайталайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды:қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал сызық арқылы көрсетеді.
Бірге қайталайды.
Сергіту сәті.
Қимылмен көрсетеді.
«Жабайы жануарларға өз үйлерін табуға көмектес»-тапсырмасын орындайды.
Ойын ойнайды.
Конверттегі жануардың суретін дене мүшесі арқылы (мысалы:тұмсығы,құйрығы...) арқылы қандай жануар екенін табады.
-Қоян.
-Аю
-Түлкі
-Қасқыр
-Тиін.
-Кірпі.
Балалар әуенге жабайы жануарлардың қимылын көрсетеді.
Рефлексивтік-жинақтаушы «Ақ аю» өлеңін айтқызу.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтау.
-Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?
-Ал қандай жануарлар жинамайды?
-Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?
-Бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма?
Балалардың жауаптарын бағалау,мақтау. 1-2 бала өлеңді айтады.
Сұрақтарға карточкамен жауап береді.
Қорытынды бөлім:
Қабылдайды: жабайы жануарлардың қысқы тіршілігін
Түсінеді: жануарларға қамқорлық жасау керектігін
Қолдана алады: сурет бойынша сөйлем құрастыру,жұмбақтарды шешу,
«Жабайы жануарларға өз үйлерін табуға көмектес»-тапсырма
left23177500
«Қандай жануар?»дидактикалық ойын.
21272540767000 17145074104500 540385136017000
1270035814000
1460571120000 320675120332500
431546012382500-251460000
35560005033645002654300225742500-463550154051000left497268500