Р р дыбыс ж?не ?рпі мектепалды даярлы? сыныбыны? ?йымдастырыл?ан о?у ?рекетіні? технологиялы? картасы


Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Р р дыбыс және әрпі.
Мақсаты: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру.Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық
талдау жасай білуге үйрету.Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу
таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Әдіс –тәсіл: сұрақ – жауап,сюрприздік момент,қайталау,көркем сөз, түсіндіру,ойын.
Көрнекілік: текшелер,кеспе әріптер,сурет,игровизор,ақ парақ,әліппе-дәптер
Сөздік жұмыс:білім
Билингвальдік компонент:білім-знание,дыбыс-звук,әріп-буква
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
1 2 3
Уәждемелік-түрткілік
Шаттық шеңбер: Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Барша жанды құрметтеп,
Бас иіеміз біз. Шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Сюприздік момент:Білім елінен хат келді.
Хатты оқу:
Алма, алмұрт егеміз Айға сапар шегеміз Алақай - ау алақай Қандай дыбысты естиміз?
-А-ға қандай сөздер білесіңдер?
Тайға мініп шабамызТау мен тасты табамыз.Тарақ тайлақ тауықтанҚандай дыбысты естиміз?
-Т дыбысының таңбасын кім көрсетеді?
Нан - әлемнің азығы Дастарқанның қазығы Нар - түйенің асылы, Өрісі ел жазығы Қандай дыбысты естиміз?
-Н-ны қандай сөздерде естисіңдер?
-Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Ғасыр, ғылым ғаламшар,Ойлаған ғалым адамдарҒарышкерлер ұшқандаЖасайды ғажап қадамдар
Қандай дыбысты естиміз?
-Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін ата.
Сұрақтар:
-Дыбыстар және әріптер туралы не білесіңдер?
-Қандай дыбыстар болады?
-Дыбыстарды қандай түсті текшемен белгілейміз?
Сөздік жұмыс:білім
Билингвальдік компонент:білім-знание,дыбыс-звук,әріп-буква
Тілге арналған жаттығу:
Ра-ра-ра
Айжан шашыңды тара.
-Қандай дыбысты естиміз?
-Тағы да Р-ны бірге қайталау, бір-біріне қарап қайталау.
-Қалай ойлайсыңдар Р дыбысы қандай дыбыс?
-Неге Р дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
Р әрпімен таныстыру(суретті көрсету)
Енді Р-ға сөздер табамыз.
Дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті: «Оңға,солға бір...».
-Балалар, енді орнымызға отырымыз.
Р- әрпін ауада жазып көрейік.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
-Балалар,жазған кезде түзу отырамыз, басымызды көтереміз.
Кейбір балаларға көмектесу. Тыңдайды.
А дыбысы
-Арба,анар,ай...
-Т дыбысы
Әріптердің ішінен таңбасын көрсетеді
-Н дыбысы
-Нан,нар
-Нанды шашпа!
Аяғымен баспа!
-Нанмен ойнауға болмайды.
Бір қолмен үзбе!
-Ғ дыбысы
-Талғат Мұсабаев,Тоқтар Әубакіров.
Сұрақтарға жауап береді.
-Әріпті көреміз,жазамыз,
оқимыз.
Дыбысты айтамыз, естиміз.
-Дауысты.дауыссыз.
Қызыл,көк түсті текшелермен.
Сөздерді қайталайды.
Бірге қайталайды.
-Р дыбысын
Р-ны қайталайды.
-Р-дыбысы дауыссыз,көк түсті текшемен белгілейміз.
Р-дыбысы дауыссыз,ол созылмайды, тіл,тіс кедергі жасайды.
-Р-таңбасымен танысады.
-Радио,робот,раушан...Сөздерді буынға бөледі, Р-нің орнын аңықтайды.
Әуеніне қимыл жасайды.
Р әрпін ауаға жазады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
а)суретпен жұмыс;
ә)оқиды;
б)жазады.
Рефлексиялық -жинақтаушы -Қандай дыбыс және әріппен таныстық?
-Р қандай дыбыс?
- Оны қандай түсті текшемен белгілейміз?
Дид.ойын: Р дыбысы бар сөздер айтқанда шапалақ жасау,р –жоқ сөздерді айтқанда қолды тығу (қар,қала,қара,анар,кітап,өрік,жүзік,жүзім,
ара,апа...
Балаларды мақтау. -Р дыбысы және әрпі
-Р-дауыссыз.
Р-ны көк түсті текшемен белгілейміз.
Ойынға белсене қатысады.
Қорытыңды бөлім:
Қабылдайды: Р дыбысы және әрпін
Түсінеді: Р-дауыссыз дыбыс екен,Р дыбысының таңбасын
Қолдана алады: Сұрақтарға жауап беру,тапсырмаларды орындау.