Математика п?нінен тест Те?деуді? к?мегімен м?тіндік есептер шы?ару (6 сынып)
1.Ізделінген санды 2,5 есе арттырып, одан ізделінді санның жартысын шегерген кезде, ізделінді саннан 1,99-ға артық болатындай сан шықты. Ізделінді санды табыңыз.
А) 1,99.
В)1,4
С)19,9
Д)2
Е)7,96
2. Өзен ағысымен катер 3 сағ, ағысқа қарсы осы аралықты 4,5 сағ жүрді. Катер жылдамдығы 25км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығы қандай?
А)2км/сағ
В)4км/сағ
С)3км/сағ
Д)5км/сағ.
Е)6км/сағ
3. Матаның жартысы,одан кейін қалған бөліктің жартысы сатылды. Осыдан кейін 0,5м мата қалды. Бастапқыда неше метр мата болғанын табыңыз.
А)4
В)5
С)3
Д)1
Е)2.
4.Қарбыздың 98% -і су. 5кг қарбызда қанша су бар?
А)5,1кг
В)2,9кг
С)3,7кг
Д)4кг
Е)4,9кг.
5. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30%-і екіншісінің 42%-не тең. осы сандарды тап.
А)21; 15.
В)23;17
С)19; 13
Д)22;16
Е)20;14
6. Екі тізбектес натурал санның квадраттарының қосындысы сол сандардың көбейтіндісінен 57-сі артық. Осы сандарды табыңыз.
А) 17 және 18
В) 8 және 9
С) 7 және 8.
Д) 6 және 5
Е) 7 және 6
7. 4-ке еселік болатын және 50 мен 150-дің арасында орналасатын барлық натурал сандардың қосындысын табыңыз.
А) 2448
В) 2400
С) 2300
Д) 2500.
Е) 2346
8. Сыйымдылығы 10мың литрлік ыдысқа екі насос арқылы бензин құйылады. Екінші насос біріншіге қарағанда минутына 10л бензин кем құяды. 10 минутта ыдыс 50%-ке толтырылды. Әр насос қанша литрден бензин құйды?
А) 2750л; 2650л
В) 2550л; 2450л.
С) 2350л; 2250л
Д)2650л; 2550л
Е)2450л; 2350л
9. Екі санның қосындысы 120, біреуінің 40%-і екіншісінің 60%-не тең. Осы сандарды табыңыз.
А) 525
В)740
С)600
Д)700.
Е)620
10.72 санын 12,5% кемітіңіз.
А)64,8
В)70,2.
С)63
Д)9
Е)11
11. 56 санының 25% табыңыз.
А)28
В)20
С)22,04
Д)14.
Е)25
12. Бір кооператив өз жерінен 1500ц, ал екінші кооператив одае 20га кем жерден 1600ц бидай жинайды. Екінші кооператив біріншісіне қарағанда әр гектардан 5ц көп бидай жинаған болса, онда бірінші кооператив әр гектардан қанша бидай жинайды?
А)13
В)11
С)15.
Д)14
Е)12
13. Жұмысшы еңбек ақысын орындаған нормасы бойынша алады. Айдың аяғында нормасые 20%-ке асыра орындағаны үшін 8400 теңге алды. Оған осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз:
А)1680тг
В)1740тг
С)1400тг
Д)1420тг
Е)6920тг
14. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76%-ін жыртқанда, 2,4км кв жер жыртылмай қалды. Ол барлығы қанша жер жыртуға тиіс еді?
А)15км кв
В)20 км кв
С)13 км кв
Д)12 км кв
Е)10км кв
15. Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:1500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16см. Осы жер бөлігінің ауданын табыңыз.
А)6,4м кв
В)640м кв
С)6400м кв
Д)64000м кв
Е)64м кв
16. Сағатына 70км/сағ жол жүретін жүрдек поезд С станциясынан Д станциясына қарай шықты, ал 1сағ өткеннен кейін оған қарама-қарсы Д станциясына сағатына 45км/сағ жол жүретін жүк поезы шықты. Егер СД темір жол бөлігінің ұзындығы 530 км болса, онда екі поезд бірімен бірі Д стаециясынан қандай қашықтықта кездесер еді?
А)190км
В)220км
С)210км
Д)200км
Е)180км
17. фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5%-ін төлейді. 2000 теңге табу үшін, заказдың құны қанша болу керек?
А)8000 теңге
В)4000 теңге
С)40000 теңге
Д)20000 теңге
Е)80000 теңге
18.тік төртбұрыштың ені оның ұзындығының 75%-ін құрайды. Осы тік төртбұрыштың ауданы 48 м кв болса, оның периметрін табыңыз.
А)54м
В)28м
С)32м
Д)60м
Е)52м
19.тасбақа өзенге дейін 4 сағат жорғалап барды, сол төрт сағаттың әрбір келесі сағатында алдында жүрген жолындағыдан екі есе аз жорғалап отырды. Егер оның барлық жүрілген жолы 90м болса, онда алғашқы бірінші сағатында қанша жол жүргенін табыңыз.
А)48м
В)24м
С)40м
Д)30м
Е)28м
20.Екі жұмысшы бірлесе жұмыс істеп 7 күнде жұмыстың 75% атқарды. Олар жұмысты 10күнде бітіргенімен 2-ші жұмысшы соңғы екі күн жұмысқа шықпаған болса, әрқайсысы осы жұмысты жеке-жеке орындағанда қанша уақытта бітіреді?
А)17; 25
В)13; 29
С)14; 28
Д)16; 26
Е)15; 27
21. 45т жүкті тасымалдау үшін бірнеше жүк машинасына тапсырыс берілген. Бірақ базадан жүк көтерімділігі 2 т кем машиналар бөлінгендіктен, бұрынғыдан 6 машина алынған. Жүкті неше машина тасыды?
А)20
В)15
С)17
Д)14
Е)10
22.Трактористерден құрылған бригада бір күнде 24га егістікті жыртты. Бұл жұмыс барлық егістіктің 15% құрайды. Егістіктің ауданын табыңыз?
А)1,6га
В)62,5га
С)160га
Д)39га
Е)3,6га
23. Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. 2кг кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек?
А) 5,5кг
В) 4,25кг
С) 6,5кг
Д) 6,25кг
Е) 5,25кг
24. 2,5кг қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады?
А)4кг
В)3,25кг
С)5кг
Д)3,5кг
Е)3кг
25. Пароход өзен ағысымен 3 сағатта жүріп өткен жолын қайтар жолында 5 сағатта жүріп өткен. Өзен ағысының жылдамдығы 5км/сағ. Пароходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
А)5км/сағ
В)15км/сағ
С)20км/сағ
Д)18км/сағ
Е)10км/сағ