Урок по географии по теме нефтяная и газовая промышленность Казахстана на казахском языке


ШҚО Семей қаласы
«№ 25 ЖОББМ» КММ
География пәні мұғалімі
Г.К. Бужиева
Күні: 17.11.2015
Сынып: 9
Сабақ тақырыбы: МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІ
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мұнай және газ өнеркәсібі туралы толық мағлұмат беру;
Тақырып бойынша жаңа географиялық нысандармен таныстыру;
Практикалық тапсырма барысында Қазақстанның мұнай – газ кен орындарымен таныса отырып, маңыздылығын анықтау.
Сабақтың міндеті:
1.Білімдік: Тақырып бойынша оқушыларға нақты толық білім беру. Мұнай – газ өнеркәсіп кешенінің құрамымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Жаңа сабақты меңгертуде пәнаралық байланысты қолдана отырып ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағды қалыптастыру. Мұнай – газ өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету. Оқушыларды оқулық пен тақырыптық карталарды, статистикалық материалдарды талдау, диаграмма, кесте, карта-сызбанұсқа құру және ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу біліктіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы – Жуаң және жіңішке сұрақ стратегиясы? «Білемің, білгім келеді, білдім» кестесі, кластер.
Сабақтың түрі: сабақ – практикумСабақтың көрнекілігі: Казақстан Республикасының физикалық картасы, мультимедиялық проектор, 9 сыныптың экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Ұй жұмысын тексеру
Жаңа тақырыпты меңгеру
Қорытындылау
Үй жұмысы
І. Сынып оқушылармен амандасу. Жоқ болған оқушыларды анықтау
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Алдынғы өтілген тақырыпты есімізге түсіріп, парақтарға нақты мәліметтерді жазу. 5 минут

ІІІ. Жаңа тақырып.
1 кезен Мұнай өнеркәсібінің құрылымы
Мұнайды игеру және өндіру саласы – мұнайды өндеу саласы – мұнайды тасылмайдау.
Мұғалімнің сөзі:
Мұнай - жердің тұнбалық қабатында орналасқан, көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездесетін, өзіндік иісі барпайдалы қазба.
Органикалық массасы 98 %
Углерод 83%
Сутек 13%
Оттек 0,2- 0,3%
Күкірт 0,1-0,7%
Ванадий, никель… 0,03%
Мұнайдың пайда болу теориясы
Органикалық: тірі ағзалардың шөгінді жыныстарға айналуы
Бейорганикалық: металдардың карбидтері арқылы.
Кесте

2 кезен
Табиғи газ дегеніміз не және қалай пайда болады?
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болады;
көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болады;
химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болады;
жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болады .
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.:
этан (C2H6),
пропан (C3H8),
бутан (C4H10).

300 ден астам мұнай өнімдері
Отын түрінде: бензин, керосин, дизель майы және мұнайды өңдегеннен кейінгі қалдық- мазут
Мұнайдың қатты қалдығы: гудрон, битум
Газ күйіндегі қалдықтар: синтетикалық талшық, каучук, спирт, полиэтилен, пластмасса шикізаты ретінде
Сұрақ: Шикі таза түрінде мұнайды қолданбайды? Себебі неде?
Қызықты мәлімет
1 грамм мұнайды пайдалану барысында 1 шелек суды 1 градусқа дейін жылытуға болады, ал сол мөлшердегі самауырынды жылыту үшін 100 грамм мұнай қажет.
Мұнай саласының тарихы
Мұнай өнеркәсібі 1899 жылы басталды
Жем өзенінің алабындағы Қарашүңгіл деген жерінде алғашқы мұнай атқылады.
1911 жылы Доссор кен орны жұмыс істей бастады
1915 жылы Мақат кен орны жұмыс істей бастады
Мұнайды өңдіру әдістері
Фонтан әдісі
Насос әдісі
Сұрақ
Қайсысы арзан болып келеді?
Мұнайды өңдеу
Дайындық кезеңі
Мұнайды айдау
Крекинг
Пиролиз
Мұнайды өңдеу орны – МӨЗ
Мұнайды өңдеу зауыттары орналасқан қалалар
ШЫМКЕНТ АТЫРАУ ПАВЛОДАР
Мұнай құбырлары
154 км 1917 ж Доссор – Ракуша – Каспий
1934 ж. Каспий – Орск мұнай құбыры 830 км
1966 ж Өзен – Жетібай – Ақтау 141,5 км
1970 ж Өзен –Атырау - Самара 1500 км.
2001 ж Теңіз – Астрахан – Новороссийск 1850 км
“Достық” құбыры Самара - Шығыс Еуропа 5116 км
Мұнайды өңдеу орны - МӨЗ
Мұнайды өңдеу зауыттары орналасқан қалалар: ШЫМКЕНТ , АТЫРАУ, ПАВЛОДАР

Газ саласының тарихы
Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игерген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды
Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу - Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.
Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты.
«Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.
1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:
Қазақ газ өңдеу зауыты
Теңіз газ өңдеу зауыты
Жаңажол газ өңдеу зауыты
Қарашығанақ өңдеу кешені.
Газ құбырлары
Қазақстан газ өнеркәсібіне республика аумағы арқылы өтетін Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%BA%D0%B8%D0%B9&action=edit&redlink=1" Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді.
Ірі мұнай өңдеу компаниялары

Сабақтың негізгі сұрағы: Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі зардап па әлде байлық па?
Практикалық жұмыс

Соңымен қатар КЛАСТЕР жасау

Үй жұмысыКескін картаға негізгі кен орындарын еңгізу
Мини – шығарма жазу «Мұнай қоры жойылса Қазақстанның болашағы қандай болады?»