А?аш ісінен практикалы? саба?тар ж?ргізу. Презентация


HYPERLINK "http://sabaqtar.kz/technologiya/8279-aash-snen-praktikaly-sabatar-zhrgzu.html" \o "Ағаш ісінен практикалық сабақтар жүргізу" АҒАШ ІСІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖҮРГІЗУ
Ағаш ісінен практикалық сабақтар жүргізуМұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушының жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын қосуға құқығы бар.Практикалық сабақтарда істелетін үлкенді-кішілі жұмыстардың бәрі де мақсат көздей, ойланып жүргізілетіні анық. Осыған сәйкес материалдар жинастырылып, жұмысты орындау әдістері алдын ала қарастырылады.Жұмыс жүйелі жүргізіліп, көзелген мақсат толық орындалу үшін оның толық жоспары жасалады. Онда жұмысқа қойылатын мақсат, оны орындау әдісі көрсетіледі. Сондықтан жоспар әр уақытта негізгі екі бөлімнен тұрады. Оның біріншісінде материалдар қарастырылса, екінші бөлігінде – сол жұмысты орындау процестері көрсетіледі.Жұмысты орындауға қажетті материалдарды қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып неғұрлым молырақ әзірлеген жөн. Әсіресе, оның бағдарлама талабына сай келетін-келмейтінін мұқият ескеру керек. Мұның өзі жұмысты ойдағыдай орындауға мүмкіншілік береді.Бұдан кейін жоспарда бағдарлама талаптарын орындай отырып, оқушыларға практикалық дағдылар беру үшін қандай әдістер қолдану керектігі көрсетіледі. Басқаша айтқанда жұмыс процестері, яғни бөлшектерді жасау әдісі мен затты тез әрі оңай өңдеу үшін қандай құрал-саймандарды пайдалану керектігі баяндалады.Мұндай жоспармен жүргізілген сабақтардың бірінші сабағында оқушылар әр түрлі материалдардың қасиеттерін білсе, екінші сабағында құрал-саймандарды және оларды дұрыс пайдалану әдістерін, бұйымды өңдеу жолдарын, т.б. білетін болады. Біздің мектебіміздің ағаш өңдеу шеберханасында электр қайрақ, дөңгелек ара, ағаш өңдейтін токарьлық станок және басқа да құрал-саймандар бар. Оқушыларды ағаш ісінен практикалық дағдыларға үйрету өнімді еңбекпен ұштастыра жүзеге асырылады. Олар мектепке және өздерінің үй жұмысына қажетті пайдалы бұйымдар жасайды. Мысалы, біз гүл және көшет отырғызатын жәшіктер, қар күрейтін күрек, күрекке және балғаға сап, шағын сыйкәде сандықша және домбыралар жасадық.Бұл сияқты жұмыстарды оқушылар бірігіп топтасып істейді де, бірінің білмегенін бірі, бірінің кемшілігін бірі көрсетіп отырады. Жұмыстың ауыр жеңілдігіне қарай 5, 6, 7 сынып оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі де, ересек балалардан неғұрлым қиынырақ жұмысты орындау талап етіледі.Оқушыларға пайдалы бұйымдар жасаудың тапсырылуы олардың жауапкершілігін арттырады; олар өз еңбегінің нәтижесін көріп, оны мақтаныш тұтады.Төменде осындай бір сабақты келтірейік.Сабақтың тақырыбы: Сайман салатын жәшік жасау.Сабақтын мақсаты: оқушыларды жұмыс процесінде қол ара мен сүргіні, бұрыштама мен рейсмусты қолдана білуге үйрету.Материалдар: тақтай, фанера және шеге.Құрал-саймандар: қол ара, сүргі, бұрыштама, рейсмус.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Кезекші оқушы әр жұмыс орнына қажетті құрал-саймандар мен материалдарды таратып қояды.2. Тапсырманы түсіндіру. Жәшіктің пішіні мен мөлшерін айтып, жалпы көрінісінің техникалық суретін салып, өлшемдерін көрсету. Бұдан кейін жәшіктің бүйір қабырғаларының (қысқа және ұзын қабырғаларының) суретін салып, оның өлшемдерін қою. (ұзын қабырғасы – 60 см Х15 см, ені – 40 см Х 14 см) жәшіктің түбі (өлшемі 60 см Х 40 см) фанерадан жасалады. Мұнан соң тақтайды өңдеу, оны қажетті мөлшерде кесіп алу, ол үшін қажетті саймандарды қалай пайдалану керектігі айтылады. Сонымен бірге тақтайды өңдеу үшін берілген мөлшерден қанша артық алу керектігі айтылып, оны көлденеңінен және ұзынынан аралау керектігі түсіндіріледі. Құрал-саймандармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі. Жәшік жасауда бұрыштама мен рейсмус неге және қалай қолданылатындығы жөнінде қысқаша түсінік беріледі одан кейін балалар жұмысқа кіріседі.3. Тапсырманы орындау және орындауларын тексеру. Жұмыс кезінде әр баланың тапсырманы қалай орындап жатқанын, әр оқушының сүргіні қалай ұстап, бұрыштама мен рейсмустерді қалай пайдаланып тұрғанын байқаймыз. Кейбір оқушыларға жәшік қабырғаларының жазықтығы бұрыштамаға қалай орналастырылып, рейсмус бойынша өлшемді қалай алу керектігі көрсетіледі.Оқушылардың жұмысын бақылау кезінде: егер оқушы қателессе, онда оның қандай қате жібергенін және оны қалай түзету керектігін жанындағы оқушылардан сұрау әдісін қолданамын. Мұның өзі оқушыларды бірінің жұмысына бірі сын көзбен қарауға әдеттендіреді.4. Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру. Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда оқушыларөздерінің істеген жұмысына аты-жөні мен сыныбын жазып мұғалімге тапсырады да өздерінің жұмыс орындарын тазалап, құрал-саймандарын жинастырып, оны кезекшіге өткізеді. Кезекші сабақ аяғында шеберхана ішін тазалап шығады. Оқушылардың тапсырған жұмысын қарап, кемшіліктерін өздеріне айтып, оның себебін түсіндіріп, соған сәйкес баға қойылады. Үй тапсырмасы беріледі.Мұнда оқушылардың еңбегін бағалаудың зор мәні бар. Егер әр жұмысты қарап, олардың кемшілігі мен жетістіктерін атап көрсетіп баға қойса, оқушылар өз еңбегінің дұрыс бағаланғанына көздерін жеткізеді.Егер олардың жұмысын оқушы жоқта қарап, өздеріне кемшілігі мен жетістігін айтпай баға қоя салсаң, олар «Жұмысым жақсы еді, баға дұрыс қойылмады» деген сияқты реніш білдіреді. Сондықтан да жоғарыдағыдай баға қою әдісін қолданған жөн.Мұнда практикалық сабақта жүргізілген сызу жұмыстары көп көңіл бөлетін мәселелердің бірі. Мектепте сызу пәні тек 9 сыныпта жүргізілетіндіктен, 5-8 сынып оқушылары бұдан қиындық көреді. Өйткені олардың практикалық сабақтарда қарапайым сызбалар, эскиздер сызуына және техникалық суреттер салуына, кейбір шартты белгілермен танысуына тура келеді. Сондықтан да шеберханада жасалатын әр бұйымның сызбасын немесе эскизін және техникалық суретін салып олардың өлшемін көрсетіп беру оқушыларға әрі жеңіл тиеді, әрі олардың болашақтағы істеріне практикалық дағды береді. Кейде жасалатын бұйымның сызбасы мен техникалық суретін бір қағазға жасап беруге де болады.Оқушыларға сызу сабағында жоғарғы сыныптарда ғана түсінік алатын кейбір терминдердің (мысалы, проекция) мағынасын қысқаша түсіндіріп кетуге болады, немесе алғашқы кезде 5-6-7 сыныптарда оны «кескіні, ия көрінісі» деген сөзбен алмастырса да жарасады.Оқушыларды қайсыбір сызбалармен таныстырғанда немесе олардың өздері сызғанда түрлі сызықтардың (контур, осьтік, көрінетін, көрінбейтін, қосымша) дұрыс сызуларына көңіл аударған жөн. Мұның өзі алғашқы кезден-ақ сызбаларды дұрыс сыза білуге дағдыландырады.Пайдаланылған әдебиеттер.1. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013.2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 117 б.3. Профессиональная ориентация учащихся в процессе трудового обучения. Москва «Просвещение» 1985.4. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2001.5. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2002.6. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2003.7. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2012.8. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2013.9. Технология . Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Алматы «Мектеп»2004.10. Технология (Ұл балаларға арналған) Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Алматы «Мектеп»2008.11. Технология. Ер балаларға арналған. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралы. Алматы «Мектеп»2009.