??стар-бізді? досымыз мектепалды даярлы? сыныбыны? ?йымдастырыл?ан о?у ?рекетіні? технологиялы? картасы



Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлім:Экология
Тақырыбы:Құстар-біздің досымыз
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту.Құстар туралы әңгімелеп беруге үйрету, алған білімдерін қорытындылау.Сөздік қорын молайту;шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу,еңбекке баулу.
Көрнекілік:Суреттер,торғай,сандық,сары түсті дөңгелек, жазыл түсті тік төртбұрыш, көк түсті үшбұрыш(пішіндер бөліктері),ермексаз, ақ парақ, түрлі түсті қарындаштар,түрлі түсті қағаз,қайшы,желім
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, түсіндіру,ойындар, көркем сөз,әңгімелесу,
Сөздік жұмыс: құстар
Билингвальдік компонент:құс-птица,торғай-воробей
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
1 2 3
Уәждемелік-түрткілік Балаларды шеңбер бойымен жағалай отырғызып, бір-біріне құстар атына байланысты еркелететін сөздер айтқызу. Балалар шеңбер бойымен жағалай отырып, бір-біріне құстар атына байланысты еркелететін сөздер айтады: көгершінім, балапаным, торғайым,қарғам, аққуым...
Ұйымдастырушылық ізденістік Әңгімелесу.
-Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?
-Көктемнің ерекшеліктерін атаңдар.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
1.Құстар ұша алады өйткені...
2.Құстар қоректенеді...
3.Құстар бір-біріне ұқсайды...
4.Көктемде ұшып келеді...
5.Аяздан қорықпайды...
6.Үй құстары...
7.Құстар қорғайды...
Жаттығу жасау.
Бала қарға-қарқ,қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға-қарқ,қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға –қарқ,қарқ (қатты дауыспен)
Табиғат бұрышына бару.
-Балалар,табиғат бұрышына қандай құс ұшып келді?
-Торғай туралы не білесіңдер?
(Балалар торғайды қолдарын ұстап,сипайды)
Сөздік жұмыс: құстар
Билингвальдік компонент:құс-птица,торғай-воробей
Суреттер жұмыс
-Қандай құстарға қатысты тыйымды сөздер білесіңдер?
Сергіту сәті «Құстар»
Құстар ұшып келеді,
Қанаттарын қағады.
Ұшып,келіп отырды,
Қайта ұша жөңілді.
-Балалар, менің қолымда «ғажайып сандық» бар. Ашып көрейік.
-Мұнда не бар екен?-Түрлі түсті пішінің бөліктері бар екен.
-Өздеріне ұнайтын түсті алыңдар,топқа бөлінеміз.
Топпен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс.
I-топ-сары түсті дөңгелек.
-Не болады сары түсті?
I-топ-құсты мүсіндейді.
II-топ-жазыл түсті тік төртбұрыш
-Не болады жазыл түсті?
II-топ-құстың суретін салады.
III-топ-көк түсті үшбұрыш.
-Не болады көк түсті ?
III-топ-түрлі түсті қағаздан құсты қиып жапсырады.
(Жұмыс барысында құстар әуені орындалып тұрады). Әңгімеге қатысады.
-Көктем.
-Күн жылынады,қар ериді,түн қысқарады, күн ұзарады,ағаштар бүр шашады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
...қанаты бар.
...құрт-құмырсқа, жәндіктермен,
дәмдермен.
...жүнімен,қанатымен,құйрығы-
мен,тұмсығымен,аяғымен...
...тырна,ұзақ,аққу,қарлығаш...
....қарға,торғай,сауысқан.
... тауық,әтеш,үйрек...
...ағашты.
Балалар бірге қайталайды.
-Торғай.
-Торғай –дала құсы,оның басы,денесі,қанаты,құйрығы бар.Ол орманда мекендейді.Түсі қоңыр, қара болады.Оған ауа,су,күн,жәндік қажет.
Сөздерді қайталайды.
Суреттердегі құстарды атайды.
*Тыйымды сөздер
Құстың ұясын бұзба!
Ағашты сындырма!
Құсқа тас лақтырма!
Құстардың балапанына тиіспе!
Құстардың жұмыртқасын жарма!
Сөздерге сәйкес қимыл жасайды.
Таңғалады.
Балалар алған пішін бөлшектерін құрастырып топқа бөлінеді.
-Күн,ай... .
-Шөп, жапырақ... .
-Аспан...
Рефлексиялық-жинақтаушы -Балалар, кім құстар туралы тақпақ айтып береді.
-Жарайсыңдар,балалар! Бүгін біз құстар жайлы көп білдік.Құстар-біздің
досымыз.Құстарға қамқорлық жасау керек!
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.Балаларды мақтау.
Әдемі жұмыстарды атау. Ділназ:
Көк көгершін,көгершін,
Көгершін келер жем үшін.
Балалар,жем себелік,
Жем жесін де семірсін.
Жанболат:
Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға келіп,қорғалар.
Әсел: Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Қорытыңды бөлім:
Қабылдайды:құстарға қамқорлық жасау
Түсінеді: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын
Қолдана алады: тапсырмаларды орындау



«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №28 Құсмұрын орта мектебі»ММ
Ұйымдастырылған оқу әрекет:
Экология негіздеріҰйымдастырылған оқу әрекет:
Экология негіздері



Тақырыбы: Құстар біздің досымызТақырыбы: Құстар біздің досымыз
Өткізген: сынып тәрбиешісі Едресова К.Т.
Өткізген: сынып тәрбиешісі Едресова К.Т.