М?хиттар. Те?іздер мен к?лдер.


Сынып: 5 «А» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхиттар. Теңіздер мен көлдер.
Сабақтың мақсаты: жердің гидросфера қабаты туралы білімдерін кеңейтеді. Судың адам өміріндегі маңызын қарастырады.
Сабақтың міндеттері:
Жер бетіндегі мұхиттардың ерекшеліктерімен танысып, олардың өздеріне тән қасиеттерін танып біледі.Теңіз бен көлдің айырмашылығын және олардың атауларын біліп білім қорын кеңейтеді.
Мұхиттардың, теңіздер мен көлдердің атауларын біле отырып,есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мазмұндап айту барысында ауызша сөйлеп, сөздік қорларын байытады.
Өз бетімен, топпен жұмыс істеп үйренеді. Судың да сұрауы бар екенін, адам өміріндегі маңызын біле отырып үнемшілдікке, қайырымдылыққа, табғатқа деген сүйіспеншілікке баулиды.
Коррекциялық: көз бұршағына ауырпашылық түсірмеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: СТО, ауызша, баяндау, түсіндіру
Көрнекі-құралдар: Презентация, карта, глобус, үлестірмелі карточка, оқулық.
№ Кезеңі Барысы
1 Ұйымдастыру
А) оқушылармен амандасу
Б) сыныпқа дайындығын тексеру
В) мәлімдеме бойынша журнал толтыру
Г) сабақ барысын баяндау
2 Үй тапсырмасын сұрау §19-20. 51-55 беттер.
Пысықтау сұрақтары:
Гидросфера дегеніміз не?
Тұзды және тұщы судың қандай айырмашылығы бар?
Қандай суларды минералды сулар дейміз? Республикамызда шығарылатын қандай минералды сулардың түрін білесіңдер?
Судың қандай қасиеті бар?
Сусыз тіршілік «жоқ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
3 Жаңа ақпарат Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды Мұхит дейміз.
Мұхиттар
1718310850902985135850903566160850900480060850900

1.Тынық 2.Атлант 3.Үнді 4. Солтүстік Мұзды мұхит
Жер бетінің 1/3 бөлігін Тынық мұхиты алып жатыр. Мұхиттар арасында ауданы, көлемі жағынан ең үлкені және ең тереңі. Ең терең жері – Мариан шұңғымасы, тереңдігі 11022 м
Атлант мұхиты – ең терең жері Пуэрто-Рико (8742м) шұңғымасы.
Үнді мұхиты – ең терең жері Зонд (7209м) шұңғымасы.
Ауданы жағынан ең кішісі солтүстік Мұзды мұхит. Ең терең жері – 5527метр.
Теңіз дегеніміз – материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі. Теңіздер:Араб, Баренц, Охот, Кариб, Жапон, Фиджи, Банда,Жерорта, Қара, Азов, Балтық, Қызыл. Шығанақ – мұхит,теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі. Бұғаз – құрлықтарды бір-бірінен бөліп тұрған және теңіз, көл, мұхит сулары бір-бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел. Материктердің ішіндегі тұйық сулы өлкені – көл деп атайды.
Дәптермен жұмыс жасайды. Презентация көрсетіледі.4. Көзге арналған жаттығулар Жоғары-төмен 10 рет қарау;
Оңға және солға 10 рет қарау
Көзі жұмып 10 секунд дем алу
5. Қорытындылау «Ең ерекше» атты карточкадағы кестені толтыру
6 Үйге тапсырма § 21-22. Мазмұндау
«Гидросфера» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру